ЖАЗЫЛЫМ 9-тапсырма. Адамның хал-ахуалын жақсартуға бағытталған іс-шаралар
туралы нұсқаулық жаз. Онда тыныс белгілерін дұрыс қолдан.
Үлгі. Нұсқаулық дегеніміз белгілі бір мақсатты көздеп, қысқа
әрі түсінікті жазылған ережелер жиынтығы. Мысалы: Шай шаршаға-
ныңды басады, көңіліңді сергітеді, бойыңа қуат береді. Шай қорабы-
ның сыртында мынадай нұсқаулық жазылады:
1. Суды қайнатыңыз. 2. Шәйнекті ыстық сумен шайқап алыңыз.
3. Шәйнекке бір қасық шай салыңыз. 4. Шайға қайнаған суды құйып,
5 минут бұқтырыңыз. 5. Шайды кесеге құйып, қалауыңызша сүт және
қант қосыңыз.
«Сүйіспеншілік пен достық» тақырыбына дербес пікір жазу.
1. Cүйіспеншілік пен достық бар адамға тән деп есептеймін.
2. Себебі, сүйіспеншілік – тіршіліктің негізгі тірегі, сүйіспеншілік дегеніміз – жақындарымызға, қоршаған ортамызға, бір сөзбен айтқанда, барша әлемге махаббатпен қарау. Ал «Досы жоқ адам, тұзы жоқ тағаммен тең» дегендей, достықсыз өмірімізді елестету қиын.
3. Бар жан дүниесі, жүрегі сүйіспеншілікке толы жан ешқашан жамандық ойламайды, себебі ол бақытты жан, оның рухы кемелдік көгінде қырандай қалықтап, мәңгіліктің жасыл жайлауына қанат қағады. Ал достық дегеніміз - адамды ерекше қанаттандыра білетін, қуанышты үдетіп, кайғыны азайтатын қарым-қатынас түрі.
4. Әрине, сүйіспеншіліксіз өмір сүруге әбден болады дейтін адамдар да кездеседі.
5. Дегенмен, сүйіспеншілікті адам алғаш шыр етіп дүниеге келген сәтінен бастап сезіп-көріп, мейірімін төккен ата - анасының ыстық құшағында олардың аялы алақанын сезіне бастайды.
6. Өмірде адал дос табу, достық қарым-қатынастарды сақтай білу өте маңызды. Ендеше, сүйіспеншілікті пен адал достықты өмірлік ұстанымызға айналдырып, барлығымыз бақытты, ал достығымыз мәңгілік болсын!