26. Сөйлемдерді көшіріп жаз. Бірыңғай мүшелерді тауып, олардың бірыңғай мүше екенін дәлелде.
Ұлықбек — Әмір Темірдің немересі. Ол жастайынан поэ-
зияға, философияға, тарихқа, астрономияға құштар бола-
ды. Ұлықбек Платон, Аристотель, Птолемей сияқты грек
ғалымдарының еңбектерімен ерте танысады. Орта Азияның
ұлы ғұламалары – Әл-Фараби, Әл-Бируни, Ибн Сина еңбек-
терін жете меңгереді.
«Шығыстың ұлылары» кітабынан
Дәлелдеу үлгісі: Ұлықбек жастайынан поэзияға, фило-
софияға, тарихқа, астрономияға құштар болады деген
сөйлемдегі поэзияға, философияға, тарихқа, астрономияға
сөздері бірыңғай мүше. Өйткені бұлар неге? деген бір
ғана сұраққа жауап береді, бәрі де құштар болады деген
баяндауышқа қатысты болып тұр.
Спорт туралы.
Спорт денсаулық кепілі болғандықтан, өз денсаулығымызға немқұрайлы қарамауымыз керек және әрбір адам жасы мен жұмысына қарамастан денсаулығына көңіл бөліп, спортпен шұғылдану керек деп ойлаймын. Спортпен шұғылданудың арқасында денім сау, ал өзім шымыр боламын. Адамдар түрлі спорт түрлерімен әр түрлі мақсатта айналысады: біреулері денсаулығын нығайту үшін, енді кейбіреулері өзін – өзі дамыту үшін, ал басқалары моральді қанағаттану үшін. Спорттың қай түрі болмасын, барлығы да денсаулыққа пайдалы екенін ұмытпайық. Ал сіз қай спорт түрімен шұғылданасыз?