М
Молодежь
К
Компьютеры-и-электроника
Д
Дом-и-сад
С
Стиль-и-уход-за-собой
П
Праздники-и-традиции
Т
Транспорт
П
Путешествия
С
Семейная-жизнь
Ф
Философия-и-религия
Б
Без категории
М
Мир-работы
Х
Хобби-и-рукоделие
И
Искусство-и-развлечения
В
Взаимоотношения
З
Здоровье
К
Кулинария-и-гостеприимство
Ф
Финансы-и-бизнес
П
Питомцы-и-животные
О
Образование
О
Образование-и-коммуникации
maina342
maina342
21.04.2020 02:55 •  Қазақ тiлi

ТЖБ
Естествознание
5-сынып


ТЖБ Естествознание 5-сынып

👇
Открыть все ответы
Ответ:
NObrains0
NObrains0
21.04.2020

«Білім беру саласындағы инновация туралы ойым» тақырыбына диалог құрастыру.

Еркежан: Анашым, бос уақытыңыз бар ма?

Анасы: Әрине, жаным. Айта бер.

Еркежан: Үй тапсырмасын орындауға сіздің көмегіңізқажет болып тұр.  

Анасы: Иә, қандай тапсырма? Сұрай ғой.

Еркежан: «Білім беру саласындағы инновация» жайлы мәлімет айтып берсеңіз, қанша дегенмен сіз жоғары оқу орнында жұмыс істейсіз ғой.

Анасы: Алдымен, «Инновация деген не?» сұрағына жауап беріп көрейін. «Инновация» ағылшын тілінен аударғанда «жаңалық енгізу, жаңашылдық» деген ұғымды білдіреді.

Еркежан: Сонда өз сөзімізбен айтсақ, білім беру саласындағы жаңашылдық десек бола ма?

Анасы: Әрине, жаным. Осылай да дұрыс болады. Жалпы, бұрын болмаған жаңалық, қоғамдық қажеттіліктерді қанағаттандырудың жаңа әдісі деген мағынаны білдіреді.

Еркежан: Керемет, сонда біздің елімізде білім саласында қандай жаңалықтар бар, осыны айта кетсеңіз?

Анасы: Модульдік оқыту; блок-модульдік оқыту; компьютерлік технология; мультимедиа технологиясы; қашықтықтан оқыту технологиясы;  желілік технология;интернет технология; интерактивтік технология деп аталатын түрлерін Білім берудегі инновациялық технологиялар тобына жатқызамыз.

Еркежан: Атаулары таныс. Мектептегі мұғалімдеріміз осы аталған инновациялық технологияларды қолданады.

Анасы: Бұл технологиялар оқу үрдісін тиімді етуге көмектеседі. Саған қай технология көбірек ұнайды?

Еркежан: Маған, әрине, интерактивтік, интернет және мультимедиа технологиялары аса қатты ұнайды. Себебі бұлар заман талабына сай келеді деп есептеймін, әрі оқу процесі де қызықты өтіп, өз бетімізбен көп жұмыс жасауға мүмкіндік береді. Анашым, көмегіңізге көп рахмет!

Анасы: Оқасы жоқ, құлыным.

4,5(32 оценок)
Ответ:
yaku06nastyaozq1r7
yaku06nastyaozq1r7
21.04.2020

Ол 1931 ж. 9-шы ақпанда Алматы облысы, қазіргі Райымбек (бұрынғы Нарынқол) ауданының Қарасаз ауылында дүниеге келген. Албан тайпасынан шыққан. Ақынның туған күні жөнінде екі түрлі ақпарат бар. Алайда, құжаттар бойынша ақынның туған күні ақпанның 9-нда тойланады. Екінші ақпарат: ақынның анасы Нағиман апа былай деген: «Мұқағалиым 1931 жылы наурыз айының 8-інде дүниеге келген болатын. Жаңылысуым мүмкін емес. Себебі балам мынау фәнидің есігін ашқаннан біраз уақыт кейін Наурыз тойы болады, наурыз көже жасаймыз деп күтіп отырғанбыз.» Мұқағали Мақатаев атындағы әдеби сыйлықтың лауреаты Оразақын Асқар ақынның екінші ту­ған күніне байланысты мынадай сөз айта­ды: «Ал құжат бойынша Мұқағали 9 ақпан­да дүниеге келген. Бұл куәлікті ақын ес білген кезде сол кездегі сайлау науқанына байланысты өзі жаздырып алған екен».[1] Азан шақырып қойылған аты - Мұхаммедқали.[2] Әкесі қарапайым шаруашы:колхозда сушы, шалғышы болып істеген. Мұқағали үйдің тұңғышы болған, оның артынан бір қыз және үш ұл туған. Ақынның қарындасы мен алғашқы інісі ерте көз жұмған. Соңғыларының есімдері - Тоқтарбай мен Көрпеш. Қазақ дәстүрі бойынша үйдің алғашқы баласы ата-әжесінен тәрбие алуы тиіс, сондықтан Мұқағали әжесі Тиынның қолында өсіп, анасын жеңгесіндей қабылдайды. Балалық шағы соғыспен қатар өткендіктен, ақын тағдырдың ащы дәмін ерте татады("Неңді сенің аңсаймын,бала шағым?"). Мұқағалидің әкесі 1941ж Калиниград майданында қаза табады.[2]

4,6(64 оценок)
Новые ответы от MOGZ: Қазақ тiлi
logo
Вход Регистрация
Что ты хочешь узнать?
Спроси Mozg
Открыть лучший ответ