Термин сөздер – белгілі бір ғылымның, техниканың, спорттың салаларына жататын сөздер. Терминдер бір ғана тура мағыналы сөз болып келеді.
Терминдегі сөздердің басты қасиеті мынадай:
а) ғылым мен техниканың әр саласына тән болуы керек.
ә) термин сөздер дара бір мағыналы болуы керек.
б) термин сөздердің көпшілігі дүние жүзі тілдерінің бәріне ортақ болуы керек.
Лингвистикалық терминдер: фразеология, фонетика, лексика, морфология, синтаксис, стилистика, метафора, идиома, метонимия, омоним, синоним, антоним, орфография, архаизм, историзм, бастауыш, баяндауыш, толықтауыш, пысықтауыш, анықтауыш т.б.
Физикалық терминдер: күш, жылдамдық, орын ауыстыру, үдеу, салмақ, қозғалыс жатса, скалярлық шамаларға: жұмыс, энергия, масса, қуат, уақыт, температуралар .
Биологиялық терминдер: биология, ботаника, жасуша, микроскоп, жасуша қабықшасы, цитоплазма, пластид, лейкопласт, хлоропласт, хромопласт, ұлпа, түзуші ұлпа, жабын ұлпа, қор жинаушы ұлпа, фотосинтездеуші ұлпа, фотосинтез, мүше, мүшелер жүйесі, биосфера, популяция, биогеоценоз, макроэлементтер, микроэлементтер, гидрофильді, моносахаридтер, дисахаридтер, генетикалық код және т.б.
Математикалық терминдер: қосу, алу, көбейткіш, көбейтінді, алгебрa, аксиома, теорема, коэффициент т.б.
Химиялық терминдер: оксид, натрий, хлорид, элемент, периодикалық жүйе, реакция, көміртегі, қышқыл, азот, химиялық қосылыс т.б.
ответ:Қайырымдылық-игі іс. Осы игі іспен айналысқан ел-игі ел. Біздің мектебімізде 16 қараша күні ҚР тәуелсіздігіне орай қайырымдылық жәрмеңкесі өтті. Менің бұл жағдайдан алған әсерім өте тамаша. Жұртымның қаншалықты қайырымды, мейірімді, жүрегі жұмсақ екендігіне көзім жетті. Олар қайырымдылық үшін соншалықты тырысты, тіпт сатып алушыларға да жылы шырай танытып, жылы жүзбен қарсы алды. Бұл жәрмеңкені өткізіп отырған мектеп оқушылары. Ал олардың кішкентайынан осылай қайырымдылыққа бас бұруы жарқын болашаққа бастар жол деуге болады. Осындай ұлт санасын жаңартатын шаралар көптеп өткізілгені дұрыс деп есептеймін.
Объяснение: