осы аптада бурабай ұлттық саябағында өткен «жер – біздің ортақ үйіміз» хіі республикалық экологиялық байқау-пленэрінің жеңімпаздары анықталды. дәстүрге айналған бұл байқау елімізде «шеврон» компаниясының қолдауымен 2002 жылдан бастап өткізіліп келеді. соңғы бес жыл бойына жоба операторы қазақстан ұлттық юнеско клубтары федерациясы.
үкімет және жұртшылықпен байланыс жөніндегі департамент директоры еркін зікібаевтың айтуынша: «әлемнің алдыңғы қатарлы энергетикалық компанияларының бірі саналатын «шеврон» біз жұмыс істейтін сол елдердің жергілікті халықтың әлеуетін ға ерекше көңіл бөледі. «жер – біздің ортақ үйіміз» байқау-пленэрі ға өз шеберліктерін ға және біздің еліміздің әр түкпірінен келген мен жасөспірімдерге өзі теңдестерімен араласуға мүмкіндік береді. бұл жобадағы біздің мақсатымыз – жас дарындыларға жол көрсету, ал таңдауды олар өздері жасамақ. ең маңыздысы, олар жан-тәнімен суретші болып қалғаны».
жобаға 12-16 жас аралығындағы мамандандырылған көркемөнер мектептерінің дарынды мен тәрбиеленушілері қатысты. байқау еліміздің 14 облысын, сонымен қатар алматы мен астана қалаларын қамтыды. үміткерлер арасынан аймақтық турдың нәтижелері бойынша 50 жеңімпаз таңдап алынды. олар бір аптада өздерінің кәсіби шеберліктерін жетілдіруімен қатар бурабайда ұмытылмас күндерін өткізді.
биылғы жылғы байқау «қазақстанның аңызға айналған табиғаты» тақырыбын қамтыды. бағдарлама көптеген шеберлік-сыныптар мен пленэрлерден құралды. атап айтсақ, декоративті панно бойынша шеберлік-сынып, жапырақтардан абстракция, тастағы миниатюра, бөлектау тауының үстіртіндегі, абылай ханның ең көркем ордасы мен шортанды тылсым көлінінің орнындағы пленэрлер. бағдарлама шеңберінде бурабай ұлттық саябағының көз тартарлық жерлеріне саяхат жасау да болды. бұл жылғы байқаудың ерекше өзгешелігі жас суретшілерді бейнелеу мен қатар фото өнеріне де оқыту болды. осы жылы жобаны қазақстан республикасы тұңғыш президенті – ұлт көшбасы қоры, астана қаласының әкімдігі, бурабай ауданының әкімдігі, «бурабай» ұлттық саябағы, суретшілер одағы, қазақстандық лапландия қолдады. байқауда қазылар алқасының төрағасы – қр тұңғыш президенті – ұлт көшбасы қорының атқарушы директоры сағындық нұрақанов болды. жыл сайынғы байқау-пленэрдің мақсаты – экологиялық мәселелермен таныстыру. ұйымдастырушылар ға жалпы және экологиялық мәдениет, отансүйгіштік және еліміздің қоршаған ортасын, табиғи және мәдени байлығын, сонымен қатар жер планетасының жалпы экожүйесін қорғау үшін азаматтық жауапкершілікке дағдыландыруға тырысады.
Аяз би Жаманұлы — қазақ халқының ежелден елге аты мәшһүр болған, аты аңызға айналып кеткен ақылгөй абыз, шешен, биі. Оның есімі бүгінгі ұрпаққа "Аяз би" ертегісі мен "Аяз би әліңді біл, құмырсқа жолыңды біл" дейтін қанатты нақыл сөз арқылы сақталып жеткен. Аяз бидің ғұмырнамасы жөнінде әр түрлі дерек бар. Майқы би Ман баласының шежіресін жазған Шапырашты Қазыбек бек Тауасарұлы өзінің "Түп-түқияннан өзіме дейін" ("Жалын", 1993 ж.) дейтін кітабында Аяз биді және оның серігі Құмырсқа батырды "Майқы би дәуірінде өмір сүрген, Майқы Манұлының оң жағында отыратын сенімді ақылгөй билері еді", — деп жазады. Сонда бұл дерек бойынша Аяз би хижра жыл санауынан 711 жылы бұрын туып, 800 жылы дүниеден өткен, Майқы Манұлының замандасы, тұстас боп шығады. Ал зерттеуші Балтабай Адамбайұлының "Алтын Сандық" атты (1989 ж.) кітабындағы шағын мөліметте Аяз би — Хиуа хандығы дәуірінде өмір сүрген тарихи адам деп, оны ХӀ-ХӀӀ ғасырға жатқызады. Бұл - әлі тереңірек зерттеуді қажет ететін мәселе. Аяз бидің қандай би болғаны, адамгершілік қадір-қасиеті жөнінде қазақ энңиклопедиясында былай жазылған: "Бұрынғы қойшы, кедей Аяз өзінің ақылдылығы, даналығы арқасында уәзір болады. Ол Мадан ханның бірнеше сынынан өтеді. Оған шөп жаманы — қоға, құс жаманы — сауысқан екенін дәлелдеп береді. Ханның тұлпарының сиырға, өзінің қара халыққа шатыстығын айырады. Шартты жұмбағын шешіп, бай қызы Меңді сұлуға үйленеді, ханның күншіл, ақылсыз қырық уәзірін өлімнен қүтқарады. Аяздың даналығын, достыққа адалдығын, сертке беріктігін, қайырымдылығын, әділдігін Мадан мойындап, халық қалап, оны хан етіп көтереді".[1] Майқы би өзінің төңірегіне ақылды, дана, би, шешендерді, батыр, балгер, көріпкел әулиелерді көп жинап, олармен ақылдасып отырады. Майқының Әндір, Мәді деген аспан әлемін, жұлдыздар сырын болжайтын білімпаздары болған. Олар аспанға, жұлдыздарға қарап, мал-шаруа жайын, егіншілікке қолайлы мерзімді күні бұрын болжап, халыққа пайдасын тигізеді. Ал Аяз би сияқты дана билеріне өзінің оң жағынан орын береді екен. Аяз бидің Құмырска деген әрі би, әрі батыр жан серігі болыпты. Қайда барса да екеуі жұбын жазбай жүреді. Ол екеуі Майқы бидің сілтеуімен қазылық кұрып, көбінесе ел мен ел арасындағы елшілік, бітімгершілікпен айналысады. Сондықтан да Майқы би Аяз би мен Құмырсқаға көбінесе арқа сүйеп, оларға сенеді екен.[1] Ол екеуімен Майқы би халық тағдыры, ел жағдайы, шаруа қамы жөнінде жиі-жиі ақылдасып, ой-пікір алысып отырады. Кейде дәл жауап айта алмай, шалыс басқан заматта оларға ескерту жасап түзеп, бағыт беріп жібереді екен. Бір жолы ол екеуі жарыса сөйлеп, Майқының алдын кес-кестей беріпті, сонда Майқы би оларға былай депті: Билер бүгін Майқының алдын кесесің, Ертең жұрттың төбесін тесесің. Майқының да айтатын кебі бар, Айтуға аузының да ебі бар. Хан сөзінің қашанда бәрі дұрыс, Әзір сөзімде болмас бүрыс, Ақылым алжыған жоқ, Ондайды болжағам жоқ, Орынсыз ауыз ашсаң, Екі би басарсың шоқ. Аяз би әліңді біл, Құмырсқа жолыңды біл. Ел арасында "Аяз би әліңді біл, Құмырсқа жолыңды біл" деген нақыл сөз содан қалса керек.
Объяснение:
осы дұрыс мен осыны жаздым
«Дене шынықтыру сабағында» тақырыбына диалог құрастыру.
Мұғалім: Сәлеметсіңдер ме, балалар!
Оқушылар: Сәлеметсіз бе, ағай!
Мұғалім: Түзел! Тік тұр! Бір мен екіге бөлініп, сана! Балалар келеп апатда мектебімізде «Салауатты өмір салты» апталығы өтеді. Апталық уақытында әрбір оқушы белсенді болып, өзі ұнататын спорт түрінен жарысқа қатыса алады.
Оқушылар: Мұғалім, қандай спорт түрлеріне жарыс ұйымдастырылады?
Мұғалім: Оннан аса спорт түрінен жарыс ұйымдастыруды жоспарлап отырмыз. Олар: футбол, баскетбол, волейбол, жүгіру, ұзындыққа секіру,үстел теннисі және т.б.
Оқушылар: Ал біз сыныбымызбен футболға жазылып, қатыссақ бола ма? Біз үнемі өзіміз команда болып ойнап жүрміз.
Мұғалім: Әрине, болады. Онда сендерді тізімге жазып кояйын.
Оқушылар: Рахмет, ағай!
Мұғалім: Басқа қатысам деушілер бар ма?
Қыздар: Ағай, біз волейбол ойнап көрейік, ал қалғандары бізге жанкүйер болсын? Бастысы жеңіс емес, қатысу. Өз бағымызды сынап көрейік. Оның үстіне денсаулығымызға да пайдасы тиер.
Мұғалім: Жақсы, қыздарды волейболға жазып қойдым. Осы апта соңына қарай қосымша ақпарат беріліп, жарыстың өткізілетін уақыты хабарланатын болады. Ал әзірге жаттығуларымызды жалғастырайық. Екі командаға бөлініп, тұра қалыңдар...