Жіктеу есімдіктері. Мен ауылға бармақшымын. Асығып келген ол отыра қалды.
Сілтеу есімдіктері. Осы кітапты көп іздедім. Сонау қырдың астында біздің ауыл жатыр.
Сұрау есімдіктері. Есімдіктің неше түрі бар? Ауылдан қашан қайтасың?
Өздік есімдігі. Өзімнің туған жеріме жер жетпейді. Әр ана үшін өз баласы алтыннан да қымбат.
Жалпылау есімдіктері. Барлық бала сырғанақ тебуге аттанды. Қолындағы алмасын бәріне теңдей бөліп берді.
Болымсыздық есімдіктері. Ешбір адам өз Отанына ешқашан қастандық жасамау керек. Ештеңеге көңіл аудармаған Сәбит үнсіз қалпында сыртқа шығып кетті.
Белгісіздік есімдіктері. Алыстан біреу қол бұлғайды. Әлдеқайдан "алақайлаған" дауыс естілді.
1961 жылы 12 сәуірде Қазақстанның Байқоңыр аймағынан тұңғыш космос кораблі ғарышқа аттанды. Сөйтіп, Юрий Гагарин – әлемнің тұңғыш ғарышкері, ал Байқоңыр – ғарыш аймағына айналды. Алғашқы ғарыш сапарынан кейінгі жылдары 500-ден аса ғарышкер аспан әлеміне сапар шегіп, ғылыми зерттеулер жүргізді.
Солардың ішінде Қазақстанның үш өкілі, өз елінің ұлттық батырлары, ұшқыш-ғарышкерлер: Тоқтар Әубәкіров, Талғат Мұсабаев және Айдын Айымбетовтер де бар. Олардың есімдері Қазақстан тарихы бетіне алтын әріптермен жазылды.
1991 жылы 2 сәуір айында Кеңес Одағы Ғарышкерлер даярлау орталығында ғарышқа ұшу дайындығынан өткен Тоқтар Әубәкіров сол жылы 2 қазанда Байқоңырдан «Союз ТМ-13» кемесімен ғарышқа аттанды. Ғарыш кемесі жер төңірегіндегі «Мир» орбиталық кешенімен түйісті. Онда ол өзге ғарышкерлермен бірге биотехнология, металлургия, медицина салалары және Арал аймағы бойынша ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргізді.
Т.Әубәкіров Кеңес Одағының батыры және Қазақстан Республикасының «Халық қаһарманы» атақтарының иегері.
Екінші ғарышкер Талғат Мұсабаев ғарышқа үш рет ұшты. Ол 1994 жылы 1 шілдеде «Союз ТМ-19» экипажының борт инженері ретінде ғарыш сапарына аттанды. Оның әр жылдардағы ғарыштық экспедицияларының жалпы ұзақтығы бір жылға жуық уақытты құрады. Т.Мұсабаев 2001 жылғы ғарыш сапарында Америка Құрама Штатының миллионері, ғарышкер-турист Денис Титомен бірге ұшты. Т.Мұсабаев Тәуелсіз Қазақстаннан шыққан ғарышкер. Ол Ресей Федерациясының батыры, Қазақстан Республикасының «Халық қаһарманы».
2015 жылдың қыркүйек айында қазақ елінің үшінші азаматы Айдын Айымбетов ғарышқа ұшты. Ол Қазақстан атынан халықаралық экипаж құрамында ғарышты бағындырған Тұңғыш ғарышкер-ұшқыш. Қазақстан Республикасының «Халық қаһарманы». Ғарыш әлемінде болған 9 күн, 20 сағат,13 минутта тапсырылған ғылыми жұмысын, әсіресе Каспий теңізі мен Арал көлі маңының экологиялық жағдайына байланысты зерттеулерін жүргізді.
Объяснение:
Ұлытау – өте қасиетті жер. Ұлытау деп аталуының өзінің тарихи мәні бар. Нұрсұлтан Назарбаев
Ескерткіш – ел шежіресі
Ұлытау. Атының өзі көп жайттан хабар беріп тұр емес пе? Бұл көп таулардың бірі емес. Бірегейі. Ірісі. Ағасы. Абызы. Ұлытау аспан астындағы мұражай іспеттес. Бұл жерде қазірдің өзінде белгілі болып отырғандай сегіз жүзге тарта тарихи, мәдени ескерткіш бар. Зерттеу жұмыстарын жалғастыра берсе әлі де бағалы мұралардың талайы табылуы мүмкін. Ұлытау – қазақ ұлты үшін қастерлі мекен. Бұл таудың тарихы – қазақтың тарихы. Ұлытау – ұлтымыздың тарихи кіндігі. Бұған бір ғана дәлел – Сарысу өзенінің төменгі сағасындағы «Таңбалы тас». Тік жартастың бетінде барлық қазақ руларының дерлік таңбалары қашалған. Ел ішіндегі аңыз бойынша осы маңда Қазақ елінің шаңырағын көтерген алғашқы тарихи құрылтай болған. «Үш жүздің басын қосқан Ұлытау» деген бәрімізге белгілі, жанымызға жақын сөз де әлгіндей ұлы жиыннан кейін қалса керек. Ұлытау жерінде әйгілі Жошы ұлысы керегесін керді. Алтын орданың алғашқы астанасы осында орналасты. Дешті Қыпшақ мемлекеті мен Қазақ хандығы шаңырағын көтерді. Қазақ халқының ұлы ғалымы Қаныш Сәтбаев: «Орыстарға Кремль қандай қадірменді болса, меніңше Қазақ елі үшін Ұлытау да соншалықты қастерлі» деп Ұлытаудың тарихи мән-маңызын ашып көрсетті. Ұлытау ескерткіштері дегенде, ең алдымен Алаша хан мазары ауызға алынары анық. Мазар Ұлытау ауданына қарасты «Сарыкеңгір» ауылының түбінде, биік жотаның үстінде тұр. Ғалымдардың айтуы бойынша, ескерткіш оғыз-қыпшақ заманындағы (Х-ХІІІғ.) сәулет өнерінің үлгілеріне жатады. Ескерткішке жөндеу жұмыстары жүргізілген. Бірақ сонда да болса бастапқы қалпын сақтауға күш салынған. Сыртқы қабырғалары кәдімгі алашаға ұқсас. Кірпіштер солай өрілген. Мазарға кіргеннен кейін сол жақта баспалдақты тар қуыс бар. Сонымен жоғары көтеріліп, айналма екінші қабатқа, одан кесене үстіне шығуға болады. Сол кезде төңірек алақандай көз алдыңызда тұрады. Кірпіштердің бетінде ру таңбалары, ою-өрнектер бейнеленген. Іштегі шағын терезелерден күн сәулесі түсіп тұрады. Бағзы заманнан жеткен бұл сәулеттік үлгінің құрылысы таңдандырмай қоймайды. Осы уақытқа дейін шыдап келген кірпіштің мықтылығын айтсаңызшы! Жылқының қыл құйрығын турап, биенің сүтіне илеген екен дейді. Ол да мүмкін. Әйтпесе осы уақытқа дейін шыдас берер ме. Кесененің үстіндегі күмбез сырты көк түспен сырланған. Бабаларымыз көк тәңіріне табынғанындай көк түсті пір тұтқан-ау, сірә. Тәуелсіздікке жеткен бүгінгі уақытта туымыздың түсін көк қылып өте дұрыс жасаппыз. Бір қызығы, қазірдің өзінде Алаш есімі секілді Алаша ханға қатысты әртүрлі аңыз-әңгімелер жетерлік. Ол біресе дәулеті асқан байға, енді бірде алапес ұлға теңеледі. Кейін келе аты мәлім хан деңгейіне көтерілген.