М
Молодежь
К
Компьютеры-и-электроника
Д
Дом-и-сад
С
Стиль-и-уход-за-собой
П
Праздники-и-традиции
Т
Транспорт
П
Путешествия
С
Семейная-жизнь
Ф
Философия-и-религия
Б
Без категории
М
Мир-работы
Х
Хобби-и-рукоделие
И
Искусство-и-развлечения
В
Взаимоотношения
З
Здоровье
К
Кулинария-и-гостеприимство
Ф
Финансы-и-бизнес
П
Питомцы-и-животные
О
Образование
О
Образование-и-коммуникации
DanilVolkov95
DanilVolkov95
19.03.2022 20:34 •  Қазақ тiлi

Оқылым Тапсырма. Мәтінді мұқият оқып, берілген сұрақтарға жауап беріңіз. [10]

«Көк бөрі» дастанында берілген аңыз

Баяғыда Со деп аталатын бір ел болыпты. Олардың көсемі аса қайырымды, әрі асқан батыр Қапан-пу деген жан екен. Батырдың өзіне өте жақын, әрі оған берілген он алты бауыры болыпты. Солардың біреуінің анасы бөрі екен.

Бір күні елге жау шауып, жүрттың бәрін қырып салады. Тек әлгі анасы мен бөрі баласы ғана бір қуысқа жасырынып тірі қалады. Ақыры ол ер жетіп үйленеді. Екі әйелі болады. Әйелдерінің біреуі — қыс Тәңірісінің қызы, ал екіншісі — жаз Тәңірісінің қызы екен.

Арада талай күндер, айлар, жылдар өтеді. Екі әйелдің әрқайсысы екі-екіден ұл балалар табады. Солардың ең түңғыш баласы ерекше күшті, қайсар, мықты болып өседі. Оған күші тең келетін бұл елде жігіт жоқ екен. Сол үшін оған халық «Түрік» яғни күшті, мықты, ержурек деп ат қойыпты.

Бүкіл түркі халықтары сол „Түріктің» үрпақтары екен. 127 сөз

1. Мәтіннің 3-бөлігінің негізгі ойы қандай? [1]

A) Арада талай күн, ай, жыл өтуі – үлкен тарих.

B) Екі әйел алу –ежелгі дәстүр

C) Түркі халықтары ерекше күшті, қайсар, мықты батырдың ұрпақтары.

D) Арғы тегі Бөрі Анадан тарағандықтан мықты.

2. Мәтін қай түрде берілген? [1]

A) әңгіме

B) аңыз

C) мақала

D) эссе

3. Мәтін қай стильде берілген? [1]

A) ғылыми

B) көркем-әдебиет

C) публицистикалық

D) ресми

4. Мәтінге қатысты өз ойыңызды білдіріңіз. Тақырыпты ескеріңіз және тұжырым жасаңыз. [3]

5. Көк бөріні киелі санап, оны құрмет тұту қазақ қауымы арасында соңғы кезге дейін сақталып келген. Ал, мұның бір көрінісін қазақтың батырлар жырынан аңғаруға болады. Мәселен, „Ер Тарғын» жырында батырдың ерлігін төмендегідей етіп сипаттайды:

Мінді батыр еріне,

Іздеген жауға көріне,

Келген қалмақ жолықты Тарғын сынды бөріге.

Ай бетінен кіреді Күн бетінен шығады.

Қойға кірді бір бөрі Бөріктіре қырады.

Талай қалмақ қүлады (117, 136).

Осы үзіндіге сүйеніп қандай қорытынды ой айта аласыз? Өзіңіздің сыни пікіріңізді 3-4 сөйлеммен білдіріңіз. [2]

6. „Көк бөрі» дастанында бұлардан басқа да түрлі аңыз- хикаялар бар. Әйтсе де бәрінің негізгі айтар ойы — ежелгі түркілердің ата-тегі бөрі деген түйінге келіп саяды. Сіз осы түйінге келісесіз бе? Өз көзқарасыңызды із осы түйінге келісесіз бе? Өз көзқарасыңызды 3-4 сөйлеммен білдіріңіз. [2]

7. Жазылым

Берілген екі тақырыптың бірін таңдап, жазба жұмысын орфографиялық нормаға сай орындаңыз. [5]

1. Аудандық «Жаркент өңірі» газетіне «Оқушы бойында адамзаттық құндылықтарды қалай қалыптастырамыз?» тақырыбында шағын мақала жазыңыз.

2. Сіз сынып сағатында «Мектеп оқушысына қандай құндылықтар ауадай қажет?» тақырыбында баяндама оқығалы отырсыз. Баяндамаңыздың жалпы мазмұны бойынша қысқаша жазба жұмысын жазыңыз.



👇
Ответ:
tikatS66
tikatS66
19.03.2022

yd7td7td7tx75dutxur 64

4,8(69 оценок)
Открыть все ответы
Ответ:
skvorcova19991993
skvorcova19991993
19.03.2022

Өсер елдің қай сәтте де бірлік болмақ қалауы,

Лаула, лаула желтоқсанның мұзға жаққан алауы,

Өздеріңдей өр намысты жас өркені бар елдің,

Ешқашанда еңкеюге тиісті емес жалауы!-

деп ақын жырлағандай, желтоқсанның мұзға жаққан алауы,1991 жылы 16 желтоқсанда тәуелсіздік  таңын тудырды. Бұл күнді тарихи бір сәт десек те болады. Қазақстан тарихында бұл күн ешқашан ұмытылмайтын, бақытты бағасымен халқымыздың есінде мәғгілік қалары анық.

Тәуелсіздік - халықтың үні, ұлттың тілімен діні. Тәуелсіздік - халықтың тойы, елдің тойы.

Еліміз қалай болғанда да сан ғасырлық қиын қыстау жолдан, тар жол тайғақ кешуден өтіп, тәуелсіз елдер қауымдастығына қосылды. Отанымыз, Қазақстан, туралы айтарымыз да, мақтанарымыз да көп.                            

Тәуелсіздік – ең алдымен Қазақ халқының бостандыққа ұмтылған асқақ армандары мен қайсар рухының жемісі. Сондықтан да біз үшін Тәуелсіздік күні - ең қастерлі күн. Еліміз тәуелсіздігін жариялап, дербес мемлекет ретінде әлемге танылды. Елбасының «Қазақстанның тәуелсіздігі қазақтарға тартқан тағдырдың сыйы емес, өзінің ежелгі жерінде қилы кезеңді бастан кешу арқылы қол жеткен өз мемлекеттілігін құруға деген заңды, бұл даусыз фактіге ешкім күмән келтірмеуі тиіс»,- деп атап көрсетуіне үлкен мағына жатыр.

Өз басым мемлекетіміздің тәуелсіздігі – халқымыздың бақыты. Алғашқы жылдарда басым мақсаттардың егемендікті нығайту, ұлттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету. Сондықтан бүгінгі күні халқымыз  өткеннен қалған тарихи өнегені, отансүйгіштікті, ұлтына деген махаббатты жоғалтпай, әрі қарай  жастардың патриоттық сезіміне енгізуге ерекше көңіл бөлу керек.

Тәуелсіздік - ұлттық тілдің, дәстүрдің, салт-сананың мызғымас тірегі, күші, алтын діңгегі, халықтың бақ жұлдызы. Тәуелсіздік - арман! Жер бетінде қанша ұлт болса, сонша арман бар. Сол арманға біздің қазақ халқы жетті.

«Қаз тұрып, қадам басқан тәуелсіздік сәбилік тұсауын өмірмен уақытқа кестірген  кезден бастап, осынау жиырма төрт жылдың бедерінде  айшылық жерді алты рет аттаған алып секілді, дәуір жалынын мығым ұстап, тізгінін бекем қаға білді»-деп, елбасымыз Н.Ә.Назарбаев айтқандай егемен Қазақстанды бүкіл әлем таныды.

4,6(21 оценок)
Ответ:
Хушкьвь
Хушкьвь
19.03.2022
Күз - позитивті көңіл-күй, бірақ сол уақытта жеңіл мұңды. Тіпті тоска кейде. Ең цветные сны, ең адал әңгімелер, ең жеңіл естеліктер. Жаңбыр жауады. Көп жаңбыр, әлемдегі ең үздік ұйымдастырсаңыз және приятелей. Тұман болады. Басында және көшеде. Ауа температурасы керек. Асығады, асығар күз, жаңа бояу табады ол өз картиналар. Сұр тучами жабады аспан. Смывает суық жаңбыр шұбар киім жапырақтары. Үшін өз мойнына алды күз, ең жарқын бояулар және принялась өз көрінісін. Қайың мен терек покрыла ол лимон желтизной. Ал парақтары осинок және үйеңкі разрумянила, меніңше, піскен алма. Барлық ағаштар және тіпті топтары разукрасила күз өзінше, күзгі: кімді сары наряд, кімді ашық – қызыл түсті. Бір ғана қарағай иә шырша білген емес, разукрасить. Оның себебі тармақтарында емес, жапырақтар, инелер, ал олардың қиын разрисовать. Болсын, жазда жасыл, сондай-ақ болып қалады. Және кенеттен күрт өзгертеді күз өз бояулар. Өсімдіктер сұр, пожухлые. Опустели өрістер мен шалғындар. Кеңірек, негізгі бөлімнен тұрады болды. Мен тартыла бастады олардың үстінен күзгі аспанда бекітпе құстары: тырнаның, қаз, үйрек... құстар жылы жаққа ұшады"
4,8(19 оценок)
Новые ответы от MOGZ: Қазақ тiлi
logo
Вход Регистрация
Что ты хочешь узнать?
Спроси Mozg
Открыть лучший ответ