Қазақстан жануарлары.
Еліміздің кең байтақ даласында табиғат жағдайдары әртүрлі болғандықтан мұнда мекендейтін жануарлар да алуан түрлі. Оларды дала, орманды дала, шөл мен шөлейтті жерлер және су қоймаларында мекендейтін жануарлар деп бөлуге болады. Еліміздің аумағында омыртқалы жануарлардың 835 түрі бар. Соның ішінде сүтқоректілердің 178 түрі: құстың - 500-жуық, бауырымен жорғалаушылардың - 49, қосмекенділердің - 12, балықтың – 104 түрі тіршілік етеді. Қазақстанда аю, қасқыр, түлкі, қоян, кірпі, жылан, аққу, тырна, үйрек, қаз, алабұға, шортан т.б. жануарлар, құстар және балықтар тіршілік етеді.
Әрқайсысына қысқаша тоқталып кетейік.
Дала жануарлары табиғаттың ерекшеліктеріне икемделіп, түсі де дала бояуына қарай өзгере дамыған. Еліміздің аумағында дала жануарлары ішінде тышқандар, сарышұнақтар, алақоржын, қасқыр, түлкі, борсық, киік жиі кездеседі, ал құстардан дуадақ, тырна, торғайдың әр түрі (қараторғай, бозторғай, шымшық) кездеседі.
Орманды дала жануарларынан қоян, ақкіс, елік, қасқыр мен түлкі жиі кездеседі. Құстардан құр, шіл, бөктергі, ителгі сияқты жыртқыш кұстар мекендейдіСонымен қатар жылан мен кесірткенің біраз түрлері ұшырасады.
Шөл даланың жануарлары ыстыққа, шөлге шыдамды болуға бейімделген. Олардың біразы күндіз терең қазылған інде жатып, түнде жемін аулауға шығады. Дала тасбақасы, кірпі, құм қояны секілді жануарларды кездестіруге болады.
Ал көлді аймақтың жануарлар дүниесіне келер болсақ, бұл жерлерде қарақұс, бөктергі, ұзын құлақты жапалақ, сұр шымшық, тоғай бұғысы, қабан, елік секілді жануарлар кездеседі.
азақтың усақ шоқысы Орталық Қазақстанның көп жерін алып жатыр. Ол батысында Торғай үстірті мен Тұран ойпатына дейін жетіп, шығысында Сауыр-Тарбағатай тау жүйелерімен, оңтүстігінде Балқаш көлі жәнө Бетпақдаламен, солтүстігінде Батыс Сібір жазығымен шектесетін ұланғайыр аумақты құрайды.
Батыстан шығысқа карай 1200 км-ге созылған. Батысында ені 900 км-ден астам, ал шығысында — 350 км-ге жуық.
Сарыарқа — Қазақстан жеріндегі ең ежелгі, мүжілген аласа таулы өлке. Абсолюттік орташа биіктігі 500-600 м. Оған миллиондаған жылдар бойы жел мен жаңбыр, ыстык пен аяз, қар мен ағын су күшті әсер еткен. Бір кездегі биік таулар сырткы күштердің әсерінен мүжіліп, алуан түрлі жер бедерлері қалыптасқан. Аласа таулар, қырқалар, ұсак шоқылар, жазықтар пайда болды. Сарыарқа орталығы мен шығысында биіктеп келіп, солтүстігінде, оңтүстікке және батысқа қарай бірте-бірте аласарады. Ол Солтүстік Мұзды мұхит алабы мен ішкі тұйық алаптардың арасындағы суайрық болып саналады. Қазақтың қатпарлы өлкесі архей мен протерозойдың гранит, порфирит, кварцит, құмтас және тақтатасы басым болып келетін