Дауысты дыбыстар
Айтылғанда, өкпеден ауа ешбір кедергісіз, еркін шығатын дыбыстар дауысты дыбыстар деп аталады. Қазақ тілінде 12 дауысты дыбысы бар. Олар: а, ә, е, э, о, ө, ү, ү, ы, і, и, у.
Бұлардың ішінде э тек орыс тілінен енген сөздерде ғана қолданылады (электр, элеватор т. б.)
Дауысты дыбыстар буын құрайды, дауыссыздар буын құрай алмайды.
Қазақ тілінде дауысты дыбыстар үш жақты жіктеледі.
1. Тіл катысына (жасалу жолына) қарай жуан және жіңішке болып бөлінеді.
Жуан дауыстылар: а, о, ү, ы және бірде жуан, бірде жіңішке и, у.
Жіңішке дауыстылар ә, е, (э), ө, ү, і және бірде жуан, бірде жіңішке и, у.
2. Иек (жақ) қатысына немесе жасалу орнына қарай ашық және қысаң болып бөлінеді.
Ашық дауыстылар: а, ә, е, (э), о, ө.
Қысаң дауыстылар: ы, і, и, ұ, ү, у.
3. Ерін қатысына қарай езулік және еріндік болып бөлінеді.
Езулік дауыстылар: а, ә, е, (э), ы, і, и.
Еріндік дауыстылар: о, ө, ұ, ү, у.
Сəлем Мен саған қазақстан елі жайлы айтайын. Бұл Қазақстан ерекше мемлекет. Бір бірімен тату қомқор адамдар аз емес. Мен осындай жүрегі мейірімге толы əрбір қазақты жақсы көремін. Бір біріне көмектесіп спортпен шұғылданып кішілерді қорғайтын үленге құмет беретінқазақ деген халқым бар. Сен білмейтін шығарсың Қазақстан елінде май мұнай алтын күміс бəрі бар. Сен таңғалма біздіғ кең байтақ даламызды көрсең етті. Біздің елге кел. Асыға күтемін