М
Молодежь
К
Компьютеры-и-электроника
Д
Дом-и-сад
С
Стиль-и-уход-за-собой
П
Праздники-и-традиции
Т
Транспорт
П
Путешествия
С
Семейная-жизнь
Ф
Философия-и-религия
Б
Без категории
М
Мир-работы
Х
Хобби-и-рукоделие
И
Искусство-и-развлечения
В
Взаимоотношения
З
Здоровье
К
Кулинария-и-гостеприимство
Ф
Финансы-и-бизнес
П
Питомцы-и-животные
О
Образование
О
Образование-и-коммуникации
Natusya09123
Natusya09123
29.04.2021 18:42 •  Қазақ тiлi

Екелгі Қазақстан қалаларының ішінде Отырардың аты екі жайтқа байланысты ерекше айтылады: 1) ұлы ойшыл Әбу Насыр әл-Фараби туған қала ретінде кеңінен танымал;
Мәне «Фараб» атаулары біздің заманымыздың IX ғасырындағы жазба деректерде кездеседі.
2) әлемдегі ең ірі кітапхана орналасқан мәдени орталық ретінде белгілі. Алғаш рет «Отырар»
орталығына айналды. Себебі Ұлы дала арқылы өткен Ұлы Жібек жолы
Отырар XIII ғасырдың ортасында Батыс пен Шығыс арасындағы жолда ірі сауда
Bздері де үйренді, өзгелерге де үлгі көрсетті. Алтын мен күміс бұйымдарға, «Мәңгілік
болды. Түркі қағанаттары жалпыадамзаттық өркениетті ұштастыра айтты. Батыс пен Шығыстан
тастарға», өгіз терісіне, қағазға басылған жазулар, теңгелердегi таңбалар
Александрия кітапханасын қайта түлету мақсатында араб халифаттары Харун əл-Рашид (786-
В09) пен Мамун (813-833) «Даналық үйін» («Байт әл-Хикма») ашады. Аса бай кітапхана,
расытхана ашады. Ғылымның барлық саласына арналған кітаптарды бір орталыққа жинап,
ғылыми-зерттеу, аударма, кітап шығару істерімен белсене айналысады. Бұл Ислам ықпалына
көшкен Орта Азиядағы Хорезм, Бұқара, Самарқан, Отырар шаһарына да тікелей әсер етті.
ең құнды сыйлық ретінде Отырар әкіміне кітап сыйлауды дәстүрге айналдырды. Тіпті,
Қолжазба кітаптарды қала тұрғындары ғана емес, шалғайдағы басқа қаланың тұрғындары да
мәтін
өркениеттің кепілі
Соның дәлелі.
Әр қалада өз «Даналық үйлер» ашылды. Жібек жолының бойымен керуен бастаған көпестер
бул мемлекеттік рәсім ретінде қабылданып, ресми сипат алды. Отырар кітапханасындағы
пайдаланды.
Отырар қаласына Мимун халиф ерекше көңіл аударған. Ол араб ғылымы мен мәдениетінің
ең озық үлгілері мен ғұламаларын, сахабаларын Отырарға аттандырды, кітапханалар мен
мектептер, медреселер мен мешіттер салдырды. Сондай «Даналық үйінен» Әбу Насыр әл-
Фараби де дәріс алды.
(Т. Жұртбай)​


Екелгі Қазақстан қалаларының ішінде Отырардың аты екі жайтқа байланысты ерекше айтылады: 1) ұлы ойшы

👇
Открыть все ответы
Ответ:

Объяснение:

Демографиялық саясат - [ көне грекше: демос - халық, көне грекше: грапһіо - жазу] - елдегі және аймақтағы халық санын реттеуге бағытталған мемлекеттің ішкі саясатының бір саласы. Халық саны - кез келген елдің дамуының аса маңызды факторы. Сондықтан мемлекет бұл саладағы мәселелерге көз жұмып, елемей қоя алмайды. Ол әлде халық санының өсуіне жағдай тудырады немесе оны қандай да бір жолдармен шектейді, әлде бұл мәселеге нақтылы араласпай, оның табиғи жолмен реттелуін бақылайды. Нақтылы негізделген Демографиялық саясат жүргізу үшін, әдетте, жүйелі түрде халық санағы жүргізіліп отырады. Демографиялық саясат шеңберінде халық құрамы мен құрылымы, өсуі мен өлімі, оның жұмысбастылығы, көші-қон мәселелері шешіледі. Белсенді Демографиялық саясат жүргізу дамыған және дамушы елдерге бірдей өзекті әрі маңызды болып табылады. Көптеген дамушы, әсіресе, халық саны көп елдерде қазіргі адамдардың өмір сүру деңгейі одан әрі құлдырап кетпеуі үшін адамның табиғи өсімін шектеуі, ал, дамыған елдерде керісінше, бала тууға ынталандыру шаралары жүзеге асырылады.[

4,5(37 оценок)
Ответ:
KarinaCorso
KarinaCorso
29.04.2021

Үйсін мемлекеті - (б.з.д. VIIIғ - б.з. V ғасырда) Қазақстанды мекендеген тайпаларда мемлекеттіктің алғашқы белгілері болды.

Бұлар сақтардың этномәдени мұрагерлері үйсіндер болатын. Қазақ мемлекеттігінің тағы бір қайнар көзі үйсіндер мемлекеті болып есептеледі. Үйсіндерде ежелгі өркениетке тән дамудың барлық белгілері байқалды. Бұл қалыпты даму белгілеріне мемлекеттік билік жүйесін, жазудың болғандығын, тұрақты әскерді, елшілік жоралғыларын және т.б. жатқызуға болады. Сақ дәуірінде болған малға, еңбек құралдарына және тұрмыс бұйымдарына деген жеке меншік үйсіндерде де кең қанат жайды. Қоғамның билеуші және бағынышты топтарға бөлінуі мейлінше айқын байқалды. Қоғам — ру ақсүйектері мен тәуелді ұсақ өндірушілер, жартылай тәуелді құлдарға бөлінді. Жерді жеке иеленумен қатар иерархиялық иелену түрі де дамыды (рулық, тайпалық, қауымдық). Ежелгі үйсіндерде әлеуметтік-экономикалық қатынастар өтпелі кезеңге тән сипатта болды. Дамудың мұндай ерекше түрінің болу себебі экономикалық кұрылысқа байланысты. Жартылай көшпелі және жартылай отырықшы үйсін коғамында өндірістің екі негізгі түрі болды: мал және жер. Мал түріндегі байлықтың жиналуы, мал-мүлік, жиһазға жеке меншіктің, тауар алмасудың дамуына әкелді. Әйтсе де көшпелі қоғам ерекшелігіне сай — әлеуметтік қатынастар аса ірі және шағын дәулетті мал иелерінің жеке меншік қатынастары түрінде дамыды. Рулық құрылыстың ыдырауы барысында туындаған таптық қатынастар құлиеленушілік сипатқа ие болды. Дегенмен ежелгі үйсін қоғамында құлдың еңбегін пайдалану өзіндік ерекше түрде дамыды; яғни, құл еңбегі өндірістің негізгі тірегіне айналған жоқ, ал құл иелену классикалық түрге жете алмады. Жазбаша және археологиялық деректерден ежелгі үйсін қоғамында б.з.д. II—I ғасырлардың өзінде-ақ жекелеген адамдардың қолында байлықтың шоғырланғандығы байқалды. Қытай деректерінде: "Үйсіндерде жылқы көп. Олардың ең бай адамдарында төрт-бес мың жылқы болады", — деп көрсетілген.

Демек, малы көп дәулеттілер болса, малы аз немесе жоқ кедейлер тобының да болғандығы даусыз. Сонымен қатар үй малдарына салынған таңбалар, металдан, тастан және қыштан жасалған мөрлер де жеке меншіктің пайда болғандығын көрсетеді. Ертедегі жылнамашылардың мәліметіне қарағанда, үйсіндердің кейбір әскербасылары мен шенеуніктерінде, күнби сарайы жанындағы тағы да басқа лауазымды адамдардың алтын және мыс мөрлері болған. Үйсін мемлекетінің басында үлкен күнби тұрды. Кей зерттеушілер үйсін мемлекетінің ел-басын күнби деп те атап жүр. Қытай тілінде үйсін патшасын гуньмо деп атаған. Үлкен күнбиден кейінгі мемлекеттік лауазым күнби болды. Бұл — бас уәзір. Одан кейіңгі лауазым — тулы (дулы), бұл Қытай мемлекетіндегі үлкен уәзірмен дәрежелес болды. Әскер оң және сол қанатқа бөлінді, оларды екі қолбасы басқарды. Елдің жоғарғы сотының қызметін билер деп аталатын екі орынбасары атқарды, оларды даруға (дарту) деп атады. Абыз атанған лауазым діни басшылықты іске асырды. Бұдан кейінгі мемлекеттік лауазым — бүкіл ұлыстың шыбегі (биі) болды. Оның екі орынбасары болған. Ел билейтін лауазым иелерінің тапсырмаларын орындатып отыратын атқосшы мансаптары болды. Үйсін мемлекетінің астанасы Ыстықкөл жағалауындағы Чигучэн қаласы болды.

4,7(70 оценок)
Новые ответы от MOGZ: Қазақ тiлi
logo
Вход Регистрация
Что ты хочешь узнать?
Спроси Mozg
Открыть лучший ответ