Өтірік айтуға бола ма?
"Өтіріктің құйрығы бір тұтам" дегендей, менің ойымша, өтірік айтпаған абзал. Себебі ерте ме, кеш пе өтірік ашылып, ақырында адамдардың өзіңе деген сенімін жоғалтасын. Қандай болмасын шындықты айтқан дұрыс.
Қазақ халқының мақал - мәтелдерінде өтірік тақырыбына өте көп көңіл бөлінген. Сол арқылы ата - бабамыз бізге дұрыс бағыт - бағдар, тәрбие беріп, өтіріктен жаман қылықтардан аулақ болуымызға ықпал тигізген.
"Өтірік деген дұшпан бар, отқа сүйреп салатын" демекші, әрдайым шындықты бетке айтып, жалған айтдан аулақ болайық!
Менің ойымша, бақыт деген былай:
Адам армандап, мақсат қойып, жоспар әзірлеп, сол жоспар жолында дисциплиналы түрде өзін қадағалап нәтиже шығара білуі! Сол жолда ол түрлі кедергіге, қызықтар мен қиыншылыққа тап болады, соны бастапқы арманы үшін бұзып өтеді. Халқымызда сөз бар: "армансыз адам, қанатсыз құспен тең!". Адамдар нақты арман, мақсаты, қажетті білімі мен біліктілігі болмауы себепті рухани кризиске, жаманшылыққа, депрессияға ұшырайды. Мақсат болмаған соң әрекет те аз болады, әрекет тек өлместің күнін кешумен ғана шектеліп, алтын уақыты босқа кетіп, мына өмірдің қызығының дәмінен аз ғана татып көру ықтималдығы жоғары болатын сияқты. Әрбір мақсат жолындағы түрлі қиыншылықты жеңіп, нәтижені бағындыру, кейін оны еске алуы бір рақат сияқты. Ол арман жалғыз болғанмен, арман шеңберіндегі мақсат көп болуы мүмкін, мысалы: отбасын құру, оны асырау, бала-шағасына бір белесті бағындырып беру (тәрбие беру, денсаулығын қадағалау, қыдыртып-ойнату, оқу оқыту, секцияға жазып нәтиже шығарту, қадағалау), сол жолында комфорт жасау: сезондық киімдер, үй, көлік, бизнес жасау. Халқына пайда әкелер іспен, бизнеспен, ғылыммен де айналысу. Бұл жағдайда адам өзі де, өзгені де бақытты етеді және бұны әркім жасай алады, бұл жерде ешкім ешкімге міндетті емес, тек жақсылық жолындағы әрекеттер және оның қайтарымы міндетті түрде болады.