Кез-келген адамның өз қиындығы, яғни әлсіз тұсы болады. Кейбіреуі онымен өмір бойы арпалыса, кейбіреуі сол қиындыққа көндігіп, беріле салады. Бірақ, өз қиындығың жеңе білген адам ақылды әрі мақсаты айқын адам. Қиындықты жеңу жолында кедергілермен қоса, бар қасиетімізден де айырылуымыз мүмкін.
Қиындық мен үшін бұл – жалғыздық. Иә, дұрыс түсіндіңіз! Мен жалғыз болудан қорқамын. Жалғыздық — басқа адамдардан оқшаулаған, өзгерген жағдайға ұшыраған адамның эмоциялық күйіне ықпал ететін психогендік факторлардың бірі. Кей жағдайларда жалғыздық мен үшін ең жаман нәрсе болып саналады. Ал, қазір бұл қорқынышымды толық жеңдім деп айта аламын.
Біріншіден, егер сіз өзіңізді жалғыз сезініп қорықсаңыз, айналанызға мән берініз. Соның ішінде сіздің жақын сырлас досыңызда болуы мүмкін. Олай болмаса ол адам сізбен дос болғысы келеді. Яғни менің айтқым келіп отырғаным, жалғыз болғыңыз келмесе, алғашқы қадам жасаңыз. Достасыңыз, араласыңыз немесе тіпті сырласыңыз. Дәл қазірден бастаңыз, ол адамдардың біреуі жаныңызда болуы ғажап емес.
Екіншіден, адам ешқашан жалғыз болмайды. Адамды жалғыз қалдыратын өз басыңдағы кері пікірлер. Әрине біз ол туралы ойлаңбауымыз қажет. Бұл бойдағы жаман қасиеттен арылуға тең. Сіз осылай істеу арқылы, жалғыздықты жеңе аласыз.
Үшіншіден, тек өз пікіріңізбен ғана қалуды шектеңіз! Ерекшеленбеңіз деген сөзім емес. Керісінше, айналаңызға назар аударыңыз. Оларды да бір сәтке болсын тыңдаңыз, қолдаңыз. Сонда ғана сіз өзіңіздің ойыңызға ұқсайтын адамды таба аласыз. Яғни, жалғыздықты жеңеміз.
Әр адамның қиялы, арманы әр түрлі емес пе?! Кей адамдар: "Алтын баслық ұстап алсам, анама ұзақ ғұмыр тілер едім" , - дейді. Ал кейбіреулері: "Бар әлемде жақсылық орын алса деймін" ,- деп армандап жатады. Бұның барлығы, әрине, дұрыс. Аналарымыз жүз жасап, әлемде жақсылық орын алса керемет қой! Бірақ, барлығы өз орнымен болады. Егер де мен ертегілер әлеміндегі алтын балықты ұстап алсам, өзі сияқты алтын балықтар көбейіп, көмекке зәру адамдардың қармағына түссе екен дер едім. Мәселен, қазіргі заманда өкінішке орай экология салдарынан кемтар сәбилеріміз дүниеге келіп жатыр.Бұл - ең өзекті мәселе.Сондай-ақ қандай да бір қиын жағдайға душар болған, көмекке мұқтаж жандардың, сырқаттанған сәбилеріміздің жағдайы оңалып кетсе нұр үстіне нұр болар еді.
Лайк басыңыздаршы.Өтінемін