Сен жігерсіз де, ақылсыз да бала емессің. Мойынға алсаң, бәрі де қолыңнан келеді. Оған мен сенемін... Жалғыз-ақ бұдан былай маған көз жасыңды көрсетуші болма! Оны жолдастарың да, мұғалімің де көрмейтін болсын! Жалынып шыққан көз жасы жасықтықтың белгісі... Жасықтық пен әлсіздік жүрген жерде толқымалы тайғақ ойға да орын көп... Ағат кеттің бе жасырма шыныңды айт! Білмейсің бе, қолыңнан келмей ме, арланба, тура айт! Сонда оңасың, кері кетпей, сонда ілгері басасың өзіңе де, достарыңа да сонда ғана пайда келтіресің... Иә солай, маған мұң шағып жылама да, кешірім де сұрама, уәде де берме, өз қатеңді іспен жөнде! Жолдасыңмен табыс, мұғалімің айтқандай кешірімді содан сұра. Міне, осыған келісейік. Ал, кәзір төсегіңе бар да, ұйықта!..
Есенбек сөз таластыруды, бір айтылған пікірді қайталап жатуды қаламайтын әке еді. Оның бұл сырына баласы да қанық-ты. Сондықтан қайтып еш нәрсе деместен, Жарқын әке әмірін орындап, төсегіне қисайды да, көп ұзамай-ақ ұйықтап кетті
1.Аяз би неге өзін жаман деді?
2.Аяз би неге «Аяз би» болды?
3.«Аяз би» атанған себебі?
4.Аяз би қандай?
5.Аяз биді неге уәзірлер қуғысы келді?
6.Аяз би Мадан ханның алдында нені көрсетті,дәлелдеді