Қасиетті төрт түлікке қатысты ұлтымыздың ұғымдары мен
түсініктері бар. Мысалы, түйені өсу жолымен бота, тайлақ,
буыршын, буырлыш, нарша, бұзбаша, інген, атан, бура деп
атайды. Түйені қасиетіне қарай біртуған, бекпатша, мая, жел.
мая, құлпатша, нар, аруана, жампоз, қоспақ, балқоспақ, мырза
қоспақ, үлек деп бөледі.
жылқы. Оны жасына,
Қазақ үшін ең құнды, қасиетті мал -
түріне қарай құлын, жабағы, тай, құнан, байтал, сойтал, дөнен,
қулық, бесті, бие, ат, сәурік, айғыр деп ажыратады. Бұрынғы ел
қорғаған батырлар жылқы iшiндегi таңдаулыларын жорға, су-
жорға, жүйрік, тұлпар, қазанат, сәйгүлік, наз бедеу, дүлдүл, ар-
ғымақ деп сипаттап, ерекше дәріптеген. Ауыз әдебиеті туынды-
ларында жылқыға тіл бітіріп, батырдың жан серігі деп бағалаған.
Халық сиырды жасына қарай құнажын, дөнежін, сиыр, бү-
зау, баспақ, торпақ, тана, тайынша, қашар, өгіз, бұқа деп атай-
ды. Қойды түріне және жасына қарай қозы, марқа, тоқты,
бағлан, тұсақ, азбан, ісек, ақауыз, қошқар, саулық деп бөледі.
Ал ешкіні лақ, туша, бөрте, шыбыш, серке деп жіктейді.
1-себеп. Қиялымызды шарықтата түсеміз. Кітапты оқып отырып, автордың айтпақ ойын көз алдымызға елестетіп, оны толықтырамыз. Осылайша есте сақтау қабілетіміз жақсарады.
2-себеп. Кітап киноға қарағанда әлдеқайда жақсы. Оқып отырған кезде миымызда суреттер салынады. Оны өзіміздің қалауымызға сәйкестендіреміз. Тіпті Голливуд режиссерінің өзі қиялыңыздан артық айтып бере алмайды.
3-себеп. Адамдар жайында көп нәрсе білу. Жақсы кітап кейіпкерлердің болмысын ашып, мінезін сипаттайды. Мұнымен қатар қиындыққа тап болған кезде қандай әрекеттер жасайтынын баяндайды.
4-себеп. Жаңа әдеттерді үйренуге көмектеседі. Кітапты өзіңіз қызығатын салаға байланысты таңдай аласыз. Мұнымен атар арнайы мамандарға барып ақша құртпай, барлығын да кітап көмегі арқылы үйреніп алу мүмкіндігі бар.
5-себеп. Ақылдырақ болу. Әрбір оқыған кітабыңыз жаңа білім береді. Осылайша күн сайын ақылды боласыз.
6-себеп. Түрлі көзқараста боласыз. Бір тақырыпқа қатысты бірнеше кітап оқысаңыз , тақырыпты әртүрлі қырынан меңгеріп аласыз. Мұнымен қатар көзқарасыңыз бен пікіріңіз де өзгеріп отырады.
7-себеп. Пікіріңізден бас тартуыңыз мүмкін. Уақыт өте келе оқыған кітаптарыңыздың арқасында жаңа идеалар пайда болады. Мұның барлығы осыған дейін қалыптасып қалған пікіріңізді өзгертуге септігін тигізеді.
8-себеп. Дүниетанымыңыз кеңейеді. Әртүрлі тақырыптағы кітаптарды оқу арқылы сегіз қырлы, бір сырлы адамға айналасыз.
9-себеп. Қызықты әңгімелесушіге айналасыз. Көркем әдебиетті оқыған адам кез келген жанмен тіл табыса алады. Бұдан өзге романдағы қызықты оқиғаларды айтып таң қалдырады.
10-себеп. Өзгенің тәжірибесін пайдалану. Авторлар көрген-білгенін, өзінің тәжірибесінен сұрыптап алғанын ғана жазады. Ал сізде ол тәжірибелерді пайдалану мүмкіндігі бар.
Объяснение:
:) лучший ответ