Этот файл загружен из Интернета и может быть небезопасен. Щелкните для получения дополнительных сведений. Разрешить редактирование
I. Тест тапсырмалары:
1. Берілген сөздерге қандай жалғау жалғанған? «оқушысың,
оқушылар»
а) көптік жалғау
ә) септік жалғау
б) жіктік жалғау
в) тәуелдік жалғау
2. Берілген сөздерге қандай жалғау жалғанған? «кітабыңыз, сағаты»
а)көптік жалғау
ә) тәуелдік жалғау
б) жіктік жалғау
в) септік жалғау
3. Берілген сөздерге қандай жалғау жалғанған? «партаның,
Алматыда»
а) септік жалғау
ә) тәуелдік жалғау
б) жіктік жалғау
в) көптік жалғау
4. Сөздерге қандай жалғау жалғанған? «қалалар, орындықтар»
а)көптік жалғау
ә) тәуелдік жалғау
б) жіктік
жалғау
в) септік жалғау
Болашақты болжай білген бабалар.
Екі миллион сегіз жүз мыңдай шаршы квадратты алып жатқан қазақ елі болмысынынан кеңпейіл,қонақжай,батыр да батыл,дана халық екенін білеміз.Бұл қасиеттермен қатар қазақ халқының болашақты болжаушылық қасиеті де таңқалдырмай қоймайды. «Өткенді білмей,болашақты болжай алмайсың» демекші,әрине,болжау көпті көрген,білген адамның қолынан ғана келеді.Осыдан мындаған жылдар бұрын қазақ халқының басына небір нәубеттер түскенде ел жанашылары,белді тұлғалар елдің болашағын күңірене болжаған еді.Солай елдің ертеңін ойлаған Асан қайғы:
Мұнан соң қилы-қилы заман болар,
Заман азып, заң тозып жаман болар.
Қарағайдың басына шортан шығып,
Бабалардың дәурені тәмам болар,— деп таусылуы орынды еді.Қазіргі таңда он сегіз миллиондай халқымызбен ата - бабамыз тек жақсылыққа болжап кеткен дүниелерді жүзеге асырып жатқандығына мен сенемін.