Қазақстанның барлық қалаларынан теледидар және бұқаралық ақпарат құралдарында Ақтөбеде лаңкестердің қолынан құрбан болған азаматтардың жанұя, жақын-туыстарының қайғысына ортақтасып, жұбату айтылуда. Осыған орай біздің кітапхана мамандары мен оқырмандарымыз аза тұту Күні өздерінің қолдау сөздерін айтқан еді.
Малышев Валерий Юрьевич, кітапхана маманы:
my vmeste
- Біз қаза болғандардың отбасыларына қайғырып көңіл айтамыз. Бұндай қайғылы жағдайдың тек біздің елімізде ғана емес, кез-келген басқа елдерде қайталанбауын тілейміз. Ешбір ана өз баласын өз халқына оқ ататын жауыз етіп тәрбиелемейді. Бұндай жағдайда халықты арандатып жүргендердің сөзіне ермеу керек. Қазақстан халқы әрқашан да достық пен бірлікте өмір сүрген. Еліміздегі осы бейбіт өмірді сақтап қалуымыз керек.
Садвакасов Сазызбай, зейнеткер, оқырман:
- Бұндай жағдайдың біздің Қазақстанда орын алуы өте өкінішті. Бұл жағдайдан кейін өзі ауру жүрегім одан сайын ауырды.
Ақтөбеліктер! Қымбатты менің достарым, жолдастар! Бекем болыңыздар! Қайғыларыңызға ортақпыз. Жарақат алған азаматтар тез сауығып кетіңіздер. Осындай қайғылы жағдай болды, яғни біз Қазақстан халқы айналамыздағы болып жатқан жағдайларға мұқият,абай әрі қырағы болуымыз керек. Біздің еліміз береке-бірлігі жарасқан тату ел. Көп ұлтты еліміздің бейбітшілігін сақтап қалуымыз керек. Біз, Өскемендіктер сіздермен біргеміз!..
Балуан / Палуан - күрес өнерін жетік меңгерген алып күш иесі.
Көне Иранда палуан (палван, пехлеван) деп ақсүйек әскерилерді атаған, бұл сөз көне түркі тіліндегі «алып» сөзімен мағыналас. Шығыс елдерінде орта ғасырларда балуандар соғыс кезінде басы металдан кұйылған ауыр шоқпар күрзімен қаруланып, әскери қосындардың «күрзішілер» бөліктерін құраған. Күрес өнерімен айналысатын, ас-тойларда сайысқа түсетін зор күш иесін қазақтар «балуан» деп атайды.
Балуандықпен айналысатын адам ұлттық күрестің айла-тәсілдерін жетік меңгеріп, күшін жетілдіру үшін ауыр салмақты заттарды көтеріп жаттыққан. Балуандар күрес сайыстарына өз руларының атынан шығып, руының намысы үшін күрескен. Жеңістерге жетіп, елінің атын шығарған балуандардың есімі бүкіл халыққа танымал болып, ел құрметіне бөленген. Балуандар базар, жәрмеңкелерде, ойын алаңдарында жұрт алдында ауыр заттарды, кірдің тастарын көтеріп те өнер көрсеткен [1].
Күш-қайратымен, күрестердегі жеңістерімен есімі бүкіл қазақ қауымына танымал болған, Балуан Шолақ атанып кеткен әнші-композитор Нұрмағамбет Баймырзаұлы (1864-1916), Иманжүсіп Құтпанұлы, XIX ғ.-дың аяғы мен XX ғ.-дың басында өткізілген әлемдік додаларда кәсіби классикалық күрес жарыстарына қатысып, әлем чемпионы атанған, есімі әлемге әйгілі болған Қажымұқан Мұңайтпасұлы (1871-1948) бар қазақ ардақтаған нар тұлғалы азаматтар.
Балуандық өнермен Абайдың әкесі Құнанбай, ата- бабалары Өскенбай мен Ырғызбай да айналысқан. Әсіресе, Ырғызбай талай ноқталы және қоңыраулы дейтін балуандарды жеңіп, үлкен атақ-даңққа ие болған екен. Балуандардың бір-бірімен күреске шығуын халық балуанға түсті десе, қарсыласын жығып, өз қауымының атын шығарып жүрген балуандарды «түйе балуан» деп атаған. Сонымен қатар күші мен әдіс-амалы айырықша асқан жеңілуді білмейтін балуанды күресетін ортаға ноқталап әкелетін болған. Бұл үрдіс бір жағынан қарсыласының мысын басу үшін қолданылатын психологиялық тәсіл болса, екінші жағынан балуанның асқан жеңімпаз ретіндегі мәртебесін айғақтайтын символдық рөл атқарған [2].
Балуандар күреске шыққанда шалбар ғана киеді. Шалбардың балағын қара санға дейін түріп, беліне үш қабаттап қайыс арқан байлаған. Алғашқы қарсыласымен белдесіп жеңіске жеткен балуан келесі қарсыласын күтіп, сол алаңның бойына жайғасып отырады .
Объяснение: