ответ:Білімдіге дүние жарық,
Білімсіздің күні кәріп»-
деген дана Абай атамыздан қалған нақыл сөздің адам өмірінде оймақтай ойып орын алатыны сөзсіз. Әрине, біліммен көзің ашылады, қоршаған әлемді, жаратылысты танисың. Содан қалған болар «Оқымаса бір бала, оқыса екі бала». Өнер – білім өн бойыңа мектеп табалдырығын аттап басқалы жинала бермек, толыса бермек. Мәпелеп өсірген әке- шешең, алғашқы тәрбиешілерің, отбасыңда қалып , енді сен білім нәрінен, тұнығынан сусындататын, киелі мекен, мектептің, төрінен табыласың.
Білімнің қайнар көзі мектеп дегенді сонау «Кел, балалар, оқылық!»- деп ұран салып, далада шапқылаған жастың бәрін оқуға шақырған Ыбырай Алтынсарин атамыздың өшпес өнегесінен жақсы білеміз.
Мектеп- білім ордасы.
Мектебім генерал-майор Сабыр Рахимов есімімен аталады. Әрине, бұл есімді естіген кісі «Бұл- қазақтан шыққан тұңғыш генералы бұны есіне алады
Біздің мектебімізде кітапхана бар. Ол бірінші қабатта орналасқан. Кітапханада көптеген қызықты кітаптар бар. Мен кітапханада жүріп, өзіме керек кітапты аламын. Біздің кітапханашымыз өте жуас және әрқашан көмектеседі. Кітапханадағы кітаптар стеллажда тұрады. Мен мектептің кітапханасына жиі келемін.