М
Молодежь
К
Компьютеры-и-электроника
Д
Дом-и-сад
С
Стиль-и-уход-за-собой
П
Праздники-и-традиции
Т
Транспорт
П
Путешествия
С
Семейная-жизнь
Ф
Философия-и-религия
Б
Без категории
М
Мир-работы
Х
Хобби-и-рукоделие
И
Искусство-и-развлечения
В
Взаимоотношения
З
Здоровье
К
Кулинария-и-гостеприимство
Ф
Финансы-и-бизнес
П
Питомцы-и-животные
О
Образование
О
Образование-и-коммуникации
msteep6
msteep6
02.01.2023 18:50 •  Қазақ тiлi

1 задание на вопросы и 2 задание ​


1 задание на вопросы и 2 задание ​

👇
Ответ:
ADRELE
ADRELE
02.01.2023

Мені, сені, оны-балық аулау кәсібі қызықтырады

Менымен, сенімен, онымен-мұхит жайында әңгімелесті

Маған, саган, оған-қан мен тер романын оқу керек

Менен, сенен, одан-Ә. Нурпейысов туралы сұрады.

1-тапсырма

Наурыз мерекесі - қазақ халқының ұлттық мейрамы

Тәуелсіздік мерекесі - қазақ халқының тәуелсіздік алған мейрамы

4,5(47 оценок)
Открыть все ответы
Ответ:

Ұлттық ойындардың  әлеуметтік тәрбиелік мәні- қазіргі жағдайда ұлттық сананы жетілдіру халық мәдениетінің орны ерекше. Жан-жақты дамыған алуан саналы халық мәдениеті, өте икемді феномен бола  отырып, қазіргіні өткенмен байланыстыру міндетін атқарып келеді.

Сондықтан ,кейінгі кезде зерттеушілер назары ұлттық  ойындарды демалыс іс- әрекеттеріне пайдалану және оларды сақтау, дамыту мәселелеріне ауып отыр. Ұлттық ойындар халық мәдениетінің негізгі бөлімдерінің бірі болғандықтан халықтың күнделікті әлеуметтік мәдени  демалыс тіршілігінде алатын орны тәрбиелік маңызы ықпалы,мәні ерекше зерттеуді қажет етеді.

Көптеген белгілі философтар мен психологтар ,педагогтар мен этногрофтар, В.Вундут  ұсынған «ойынды еңбек теориясының» жақтаушысы болып табылады.  Бұл теорияның дамуына Г.В.Плеханов,Н.К.Крупская, МакаренкоА.С., Д.Б.Элконин, Б.Төтенаев т.б еңбек етті.

В.Вунттың айтуынша,ойын-бұл еңбектен жаратылған сәби. Еңбекте, адам өз органынан іс -әрекет арқылы ләззат алатын бастау екенін бағалауға үйренеді.Ақырында, еңбек белсенділігі элеументтері ойын түрінде, дене және эстетикалық ләззат алу сонымен қатар оқып үйрену мақсатында жаңадан өндіріледі, қайталанады.

Әрине еңбек пен ойындар арасындағы байланыс  даусыз . Алайда, қазіргі зереулер бойынша ойындарда тек еңбек тәсілдері  қайталанып қоймайды, сонымен қатар ойындарда аңшылық, соғыс, сүйіспеншілік қатыныстар жанұя өмірі салтанатты шерулер элементтері баршылық, адамдар табиғат құбылыстар, жабайы аңдар ,үй жануарлары іс әрекеттеріне еліктеп, оларды «ойнаған».

Бізге белгілі алғашқы қауымдық мәдениеті синкретизмде\  бір құбылыстардың о баста тұтастығы\ , арнайы маманданылған еңбек түрлері де,ойын түлері де болмаған. Егер де ойындар еңбек іс әрекеті негізінде жасалатын болса, онда ойындар элементтнрі байлығы енбек дамуына тәуелді болады ғой. Өкінішке орай, бұлай болмай шықты. Ежелгі қазақ мәдениеті ойындар түрлеріне бай да,ал қазіргі дамыған индустриялдық сивилизацияда ойындар элементтері әлсіз дамып,ал қалыптасқан ұлттық ойындар демалыс-әлеуметтік шұғылданымпаздылық қызметінде нашар пайдаланып келеді.

Сонымен, ойын мен әлеуметтік еңбек ету бастапқы дамуда бір-бірімен айырмашылығы болмаса да, тарихи даму процессінде, әр салада жеке мамандануына байланысты, ойын да еңбек те өз заңдылықтарымен даму дәлересіне  жетті. Ойын мәдениеті еңбектен бөлініп жеке сала ретінде қалыптасып,халық мәдениетінен ол өзіне лайфқ ,ерекше орын алды.

Қоғамның дамуында ойындар іс әрекеттері арқылы ұрпақтан ұрпаққа еңбек, жанұя-тұрмыстық, соғыс- спорттық, демалыс сауық дағдылар мен шеберліктер жетістіктері, әлеуметтік өмірлік іс-әрекеттерін жалғастыру үшін беріліп отырды.

Ойынсыз адам өмірін елестету өте қиын. Ойындар іс әрекетінде, адам қоғамдық  өмірден қанағаттанбаған талап тілектерін қанағаттандырып, ләззат алып,дем алады. Ойындар адамның танымдық қарым-қатынас жасауына,пікірлекуіне шаршаған организмді бастапқы қалпына келтіруіне,эстетикалық талаптарын қанағаттандыруына жағдай жасады.

Адам ойынға қуаныш,ішкі мүмкіндіктерін ашу мен демалыс көзі ретінде қарайды.

Объяснение:

4,7(9 оценок)
Ответ:
svsand
svsand
02.01.2023

«Адамның нағыз байлығы затта емес, ақыл-парасатта, рухани байлықта», - деп орыс жазушысы В.Сухомлинский айтқандай, сұлулық бетте емес, жүректе, жан сұлулығында. Өмірде де көріп жүргеніміздей, алғаш танысқан адамың көрікті емес болса да, араласа келе оның жақсы қасиеттерін көргенде, сұлулықтың тек қана сыртқы сұлулықпен өлшенбейтініне көз жеткізесің. Адамның ішкі дүниесі, мінезі жаман болса, сұлу келбетіңнің құны көк тиын. «Сұлу – сұлу емес, сүйген сұлу», «Сөзі райлының – жүзі шырайлы», «Жаманның сөзі – түйеден түскендей», «Жылтырағанның бәрі – алтын емес», «Адамның жылтыраған сыртына емес, сұлу ішіне қызық» деген нақыл сөздер бекер айтылмаса керек. Осыған байланысты бір оқиғаны баяндап берейін: Баяғы өткен заманда бір патша базардан екі құл сатып алыпты. Құлдарының бірі сиықсыз, тістері шірік әрі аузы сасық екен, ал екіншсі болса келбетті, маржандай тістері бар әрі аузынан хош иіс шыққан жағымды адам екен. Патша келбетті құлын сыйға бөлеп, моншаға жібереді. Аузы сасыған екінші құлды қасына шақырып: – Сені ұнатып-ақ едім, бірақ ана моншаға кеткен досың сен туралы көп жаман нәрселер айтты. Сен де қаласаң маған оның жаман тұстарын айтып бер, -дейді. Құл болса жолдасына шаң жуытпай, ол туралы еш жаман сөз айтпады. Патша қалай тырысса да, мақтаудан басқа ештеңе айтқыза алмапты. Екінші құлы моншадан қайтып келгенде, патша оны да сынамақ болып қасына шақыртты. Біраз мақтау сөз айтқан соң: -Ана досың айтып берген жаман мінездерің болмаса, жап-жақсы жігітсің,- депті. Сөйтсе әлгі ашуланып, жолдасы туралы қайдағы жоқты айтып, жамандай бастайды. Патша біраз тыңдаған соң: -Доғар сөзді, кімнің кім екенін енді білдім. Сен жамандаған жолдасыңның аузы сасыса, сенің ішің сасыған, шірік екенсің. Бар, сол жамандаған досыңның қол астында жұмыс істейтін боласың, – деген екен. «Сұлулық әлемді апаттан сақтайды» демекші, сұлулықтың, әдеміліктің өмірде маңызы аса зор. Адамның жандүниесі де, сырт келбеті де сұлу болса, ол – жаратушы Алланың сыйлығы. Тек өзің жүрген ортада жаны сұлу, жүзі жарқын, әрқашан жақсылық туралы ойлап, жақсы жолмен жүретін адамдардың көп болғаны қандай тамаша десеңші!

Объяснение:

4,4(66 оценок)
Это интересно:
Новые ответы от MOGZ: Қазақ тiлi
logo
Вход Регистрация
Что ты хочешь узнать?
Спроси Mozg
Открыть лучший ответ