керек жаттығу. Есімдікті тауып, оны түрлеріне қарай ажыратыңдар.
Бір сөзімді кеше өзіңізге айттым ғой. Жалғыз-ақ сізге ескерткенім: әнеугі Николай
тақтан түскен күнгі қуаныштың ішінде болып, жұртқа айтқан сөздеріңізді естіп едім.
Сондағы қара бұқараға, кедейге деген теңдіктеріңіз рас болса, біз де жуаннан зорлық
көріп жүрген нашардың біріміз. Соны ғана айтамын (Ж. А)
70-жаттығу. Сілтеу есімдіктерін тауып, астын сызып, олардың қосымшаларын бөліп
жазыңдар.
1. Сонау бір күндерде құтқарғаның былау тұрсын, мінезің естен кетпейді. 2. Мен емес,
сен қиналдың-ау сонда. 3. – Жыламай қайтейін! Сол екеуінен басқа кімім бар?
2. Әке-шешемнің түрі анау болды. Екі бауырым болса, онда өгей шешемнің қолында
қалды. Ол байғұстардың көрген күні әлдеқандай деп бір ойлаймын (Ж. Ай)
94-жаттығу. Есімдіктерді тауып, олардың қай сөйлем мүшесі болып тұрғанын
талдаңыз.
Өмір – саты, біреу өрге жылжиды, біреу төмен сырғиды («Маржан сөз»). Көк құс
өлермен екі сары ала қазды бірдей алды. Бұл аңшылар тәжірибесінде болмастық бір олжа
(М.Ә.). Қайдан келгені белгісіз, арт жақтан үш салт атты шыға келді. Осы хабарды
естісімен барлық топ бері қарай ағылды. Ол мені алғашында таныған жоқ. Біздің мектепте
сол кезде жүз елудей бала оқыды. Қалың жыңғыл арасынан әлдекім қараң еткендей
болды. – Мен де сенімен бірге барамын,- деді Кенже (Ғ.Мұст.). Мен жазбаймын өлеңді
ермек үшін (Абай).
Друзей много – шире дорога.
2 Достық жоқ жерде табыс жоқ.
Где нет дружбы, там нет успеха.
3 Ағаш тамырымен, Адам досымен мықты.
Дерево крепко корнями, человек – друзьями.
4 Аз қайғыны ас басады, көп қайғыны дос басады.
Малую беду еда подавляет, большую – друг.
5 Тiстем нанның қадiрiн тарыққанда бiлерсiң, анық достың қадiрiн зарыққанда бiлерсiң.
Цену куска хлеба в голод узнаешь, цену настоящей дружбы в беде узнаешь.
6 Дос бергеннiң түсiне қарама.
Подаренное другом не разглядывай.
7 Кеңесiп пiшкен тон келте болмас.
Шуба, скроенная сообща, не будет коротка.
8 Көршiң қолайлы болса, қораң кең.
Когда сосед по душе, то в тесном дворе просторно.
9 Отбасы сәнi – сыйластық, достық сәнi – қимастық.
Сила семьи во взаимном уважении, сила дружбы в искренних чувствах.
10 Жақынға өтiрiгiңдi айтпа, шетке сырыңды айтпа.
Близкому не лги, чужому не раскрывайся.
11 Жақсы болсаң – жақын көп.
Будешь сам хорошим, и близких у тебя будет много.
12 Бiр көрген – таныс, екi көрген – туыс.
Одна встреча людей знакомит, вторая – роднит.
13 Мың жолдас жақсы, мың жолдастан бiр дос артық.
Тысяча товарищей – хорошо, но один друг лучше.
14 Жүз сомың болғанша – жүз досың болсын.
Не имей сто рублей, а имей сто друзей.
15 «Сіз» деген әдеп, «біз» деген көмек.
Говорить «вы» – учтивость, «мы» – готовность
16 Екі қоламта ен далада да маздайды, ал біреуі пеш ішінде де өшіп қалады.
Две головни и в поле дымятся, а одна и в печи гаснет.
17 Саусақтарың бірікпесе, инені де ұстай алмайсың.
Пока пальцы не сойдутся и иголку не ухватишь.
18 Қол ұстасқандар құламайды.
Опирающиеся не упадут.
19 Заттың жаңасы жақсы, достың ескiсi жақсы.
Одежда хороша новая, а друг – старый.
20 Дұшпаныңнан бір сақтан, жаман достан мың сақтан.
Врага остерегайся один раз, плохого друга тысячу раз.
21 Жаман жолдастан жақсы дұшпан артық.
Чем плохой друг, лучше достойный враг.
22 Жалған достан жау артық.
Лучше враг, чем лживый друг.