Жазғы демалысымды қалай өткіземін?
Көптен күткен жаз мезгілімен қоса жазғы демалыс та келіп жетті. Төрт тоқсан бойы сабақ оқыған мектеп оқушылары асығыспен күтетін бұл мезгіл небір қызықты оқиғаларға толы болады ғой.
Биыл менің жазғы демалысым өте қызықты өтеді деп ойлаймын. Жылдағы әдетім бойынша демалыс басталысымен мен нағашы атам мен әжеме ауылға барамын. Таңертең ерте тұрып, жайлауға мал жаюға көмектесемін. Күні бойы әжемнің дайындаған құрт, май, ірімшік пен қаймағын жеп, қолдың сүтін ішіп, біраз күш жинаймын. Ауылдағы достарыммен күнде кешкісін футбол ойнаймыз. Осылай бір ай уақытым зымырап өтіп кеткені де байқалмай қалады.
Ауылдан қайтып келген соң, мен жазғы лагерьге демалуға барамын. Ондағы өткізген әрбір күн өз ерекшелігімен есте қалады. Күнделікті түрлі - түрлі сайыстар өткізіліп, мен барлығына белсене қатысып, атсалысатыныма сенімдімін. Ол жерде көп балалармен танысып, жаңа достар табамын.
Лагерьден қайтып үйге келген соң, отбасымызбен шетелге қыдыруға барамыз деп жоспарлап қойдық. Бұрын шетелге шықпағандықтан, бұл менің ұшаққа алғаш мінуім болады. Біз онда күні бойы қыдырып, түрлі мұражайларға барамыз, саябақтарда серуендеп, теңізде суға түсеміз.
Биылғы жазғы демалысым өзіме қатты ұнайды деп ойлаймын.
Ұяда не көрсең ұшқанда соны ілерсің.(Үйде қандай тәрбие көрсең өскенде сондай боласың деген мағынада)
Шешесін көріп, қызын ал. ( Шешесі қандай болса қызы да сондай болады деген мағынада. Мысалы: Шешесі тәрбиелі болса, қызы да тәрбиелі)
Апасының киген тонын сіңлісі де киеді. (Апасы қандай тәрбие көреді сіңіліңсі де сондай тәрбие көреді.)
Ағаны көріп іні өсер,
Апаны көріп, сіңілі өсер. (Ағасы не істесе інісі дже соны істейді, ал апасы не істесе сіңілісі де соны жасайды)