Мәтінде қарамен белгіленген қыстырма сөздерден кейін тиісті тыныс белгісін қой. Жантаза
Сәті түсіп
жолаушы ақ үйді көріп қалады. Əдемі ақ үйдің жанына барғанда ішінен сұлу қыз шықты.
– Жолаушы, баратын жеріңіз алыс. Бір түн қонақ боп тынығып алыңыз, - деді бойжеткен. Жанқожа қызбен амандасты. Жасыратыны жоқ
дастархан толып тұр. Батыр алдында тұрған тағамды аузына апарса, белгісіз күштің əсерімен аузына тек құрма түсе берді. Біраздан соң Жанқожа.
Құстар
Құстар өзгеше болып жаратылған құбылыс иесі. Бейне біздің аспан Әлеміндегі қорғаушымыз сияқты. Сияқты емес солай да. Себебі көк аспан олардың туған мекені. Көкті құссыз, құсты көксіз елестету қиын. Біздің көгімізде құстар сайрап жүрсе, жердегі адамдар да тыныш, бейбіт өмір сүре алады. Біз көкке қарағанда көзіміз ең әуелі ұшқан құсқа түседі. Көп жағдайда күйкі тірлікпен олардың тыныс - тіршілігіне мән беріп, тіпті көкке көз тастап, бір де қарамаймыз. Ал, олардың көкте ұшқанын, жерге қонғанын зер салып, бақылап қарайтын болсаң, олар бейне бір жұмбақ құбылыс сияқты. Ешнәрсені ашып айта алмайды. Қуанышы да, реніші де ішінде сияқты. Бір құдіретті күшің болып, құстардың тілін меңгеріп алсаң, яғни құстардың тілін түсінер болсаң, тіпті басқаша әлемде өмір сүрген болар ма едік. Өзім солай ойлаймын, себебі, құс киелі жануар.