5-тапсырма. Мұрат Мөңкеұлы шығармаларын кімдер зерттеді? Білген- деріңді төмендегі кесте бойынша дәптерлеріңе толтырыңдар. Зерттеушілер Мұрат Мөңкеұлы туралы еңбектері мен пікірлері
Ақынның басты шығармасы - «Үш қиян». Мұнда ақын ескі дәстүрдің іргесі шайқалғанын, адамдар ниетінің бұзылуын сөз етеді. Құнарлы қоныстарды тартып алған отарлау нәтижесінде тұрмысы нашарлап, тығырыққа тірелген ел тағдыры ақынды тебірентпей қоймайды. «Үш қиян» толғауымен «Сарыарқа», «Әттең, қапы дүние-ай», «Қазтуған» жырлары үндес. Мұнда айтылатын басты нәрсе - жер, құтты қоныс жайы. Ол «Қарасай-Қази», «Шәлгез», «Ғұмар Қазиұлына айтқаны» атты жырларына діни аңыздарды негіз еткен. Білімді игермейінше елінің өркендемейтінін «Оқудан қайтқан азаматқа» өлеңінде аңғартады. Ақын мұрасының бір шоғыры - би-болыстарға айтқан арнау өлеңдері.
Мұрат Мөңкеұлы майталман жыршы, термеші ретінде де танылған. «Өлім», «Қыз», «Арғымақ сыйлап не керек», «Аттан сұлу болар ма?», «Жалғаншы фәни жалғанда» атты термелерінде заман сырына үңіліп, өмір мен өлім, жастық пен кәрілік, сұлулық хақында толғанады. «Оқудан қайтқан жігітке хат», «Еліне жазғаны», «Бір досқа» атты хат үлгісінде жазылған үш туындысы сақталған. Ақын «Қырымның қырық батыр» жырын, Шалкиіз, Қазтуған шығармаларын жеткізушілердің бірі болған. Әсіресе Махамбет өлеңдерін жеткізудегі еңбегі ерекше. Махамбет жырлары Қуан жырау - Мұрат - Ығылман ақындар арқылы біздің заманымызға жеткен.
Мұрат Мөңкеұлы шығармалары «Мұрат ақынның Ғұмар Қазиұлына айтқаны», «Ақын», «Мұрат ақынның сөздері», «Бес ғасыр жырлайды», «Алқаласа әлеумет», тағы басқа жинақтарда жарияланған. Б.Қорқытовтың құрастыруымен ақынның жеке жинағы шыққан.
Шығармаларын Х.Досмұхамедұлы, С.Сейфуллин, М.Әуезов, С.Мұқанов, А.Тоқмағанбетов, Қ.Жұмалиев, Б.Омаров, Қ.Мәдібай, тағы басқа ғалымдар зерттеген. Кейбір шығармалары орыс тіліне аударылған
1,Ыңғайлас салалас-Төлеутай әскерге кетті де, содан қайтып оралмады, 2. Себеп-салдар-Көмекші жігіт қойларды ерте айдап әкеліпті, себебі күннің арты бұзылып келе жатқанын байқайды,3. Қарсылықты салалас-Ауырғанда жаным көзіме көрініп барады, бірақ анамды қинағым келмейді,4түсіндірмелі салалас-Ернеудің бір айналма тұсында із екі айырылды: бірі ернеуді бойлап ілгері кетті, екіншісі төмен қарай түскен,5талғаулы салалас-Бұл жолы құрбысымен не ит жығыс түседі, не болмаса оны жеңуге тырысады,6. Кезектес салалас-Бірде желбіреген ақ сәулелі дала кездеседі, кейде қызыл бұйра тобылғылы адырлар ұшырасады, біресе көкала қамысты көлдер кездеседі.
1. Шартты бағыныңқы сабақтас-Еңбек етсең ерінбей, тояды қарның тіленбей.2. Қарсылықты бағыныңқы сабақтас- Рахмет пен Лиза ертеңгі жиналыстың барысын талдап ұзақ отырды. Теңіз бетінен қаншама биік болғанмен (қайткенмен?), осы өңірдің кез келген жерінен су шығады.3. Мезгіл бағыныңқы сабақтас.-Бір күні Құрмаш Көксерекке ас беріптұрғанда (қашан?), қара ала төбет Көксерекке ұмтылды,4. Себеп бағыныңқы сабақтас-Қожық Көкшетау оязына қарайтын жерде отырғандықтан, Есенейдің қолына түспей кетті,5. Қимыл-сын бағыныңқы сабақтас-Күн батар алдында балықшы жігіт сыртқа әлденеше рет шығып, биік жар басынан теңіз жаққа көз салды,6. Мақсат бағыныңқы сабақтас.-Жалпақ ел жауабын өз аузынан айтпақ болып (не етпек болып?), ұлыққа таң атпай келіп еді.