М
Молодежь
К
Компьютеры-и-электроника
Д
Дом-и-сад
С
Стиль-и-уход-за-собой
П
Праздники-и-традиции
Т
Транспорт
П
Путешествия
С
Семейная-жизнь
Ф
Философия-и-религия
Б
Без категории
М
Мир-работы
Х
Хобби-и-рукоделие
И
Искусство-и-развлечения
В
Взаимоотношения
З
Здоровье
К
Кулинария-и-гостеприимство
Ф
Финансы-и-бизнес
П
Питомцы-и-животные
О
Образование
О
Образование-и-коммуникации
Fetissh1
Fetissh1
17.06.2022 21:35 •  Қазақ тiлi

Қазақ халқы жылқы малын ерекше құрметтеп, қадірлей білген. Оған дәлел, батырларымыз бен хандарымыздың өзіне тиесілі арғымақтарының есімдері күні бүгінге дейін тарихта сақталуы. Жылқыны таңдап мінуде де ерекше ережелер бар. Дала заңының ұтымды тұсы да осы болуы керек. Қобыланды батырдың жары Құртқаның ат баптаудағы ерекшелігінен де хабарымыз бар. Қазақ міністің жылқысын бөлек, азық ретіне пайдаланатын жылқыны бөлек, жауға шабатын жылқыны бөлек баптаса керек-ті. Халқымыздың жылқы таңдаудағы көрегендігінен де сыр шертейік, ендеше! Атақты қолбасы, батыр Қаракерей Қабанбай батырдың ұзақ уақытқа дейін келісті аты болмаған деседі. Батырға құдасы Боранбай би жылқыны өзі таңдап берген. Боранбай түйсінгіндегі батырға сай жылқы сипаты төмендегідей болыпты:«Биіктігі өзіңдей болсын, местігі өзімдей болсын. Желгенде екпінінен жел ессе, аяңы Қазыбектің сөзіндей болсын. Құлағы қамыстай болсын, ерні талыстай болсын. Екі көзі ботаның көзіндей, шекесінің арасы қарыстай болсын. Қабағы – бүркіттің қабағындай, шықшыты бураның сағағындай болсын. Жылқыңыздан осындай бір тай табылса, мүсіні мен сымбаты менің қойған талабымдай болсын. Жануардың жалы жібектей, қасқа тісі күректей болсын. Мойны ата қаздың мойнындай, жігері бабына келген түлектей болсын. Белдемесі қанатты болсын, жаясы жалпақ алапты болсын. Бір көргендер үш көрерлік, осындай сұлу жарақты болсын. Сауыры құлындай болсын. Кекілі балаға қойған тұлымдай болсын. Ерегісте ер серігі болатындай, ел есінде қалатындай, өңі мен түсі бірыңғай болсын. Денесі шымыр болсын, тұяғы жұмыр болсын. Қуғанда құтқармайтын қайы тұғыр болсын. Құйрығы төгіліп тұрсын, талданып сөгіліп тұрсын. Самсаған қалың қол ішінде тұрпаты ерек бөлініп тұрсын. Тілерсегі төмен, екі бұты алшақ келіп, артынан қарағанда төс сүйегі көрініп тұрсын».

Бұл сипаттамаға сай жылқы ел арасынан табылды. Ол –Қубас жылқы еді. Өмірінің соңына дейін Қабанбайдың сенімді серігі бола білген. Тіпті, Қабанбай Қубастың үстінде жан тапсырыпты деген де аңыздар ел арасында көп таралған. Сіз жылқы малын сүйесіз бе?!

Осы мәтінге байланысты өлен құрап берініздерші өтінемін керек​

👇
Ответ:
зелемхан1
зелемхан1
17.06.2022

звание 87765198767

гаварю ответ

4,7(34 оценок)
Открыть все ответы
Ответ:
Olegbro364682
Olegbro364682
17.06.2022

Жауаптары:

Жауаптары:12 - билет

3) Мәтіндегі тәуелдік жалғауы бар сөздер:білімнің, адамның.

20-билет

1) Мәтінді оқып,сұрақтар қой.

1.Қандай адам болашақта дегеніне жетеді? (Арманшыл адам)

2.Қай кезден бастап адам өзінің жүрегі қалаған мамандыққа бейімделе бастайды? (Жас кезден)

3.Жастардың басты міндеті қандай? (Ата-ананың, ұстаздың берген сапалы білімі мен өнегелі тәрбиесін дұрыс ұғынып, түсініп оқу ).

23-билет

2) Жалғаудың түрлері,мысал.

Жалғау — сөз бен сөзді байланыстыратын, сөз аралығындағы қатынастардың көрсеткіші болып табылатын, сөзге грамматикалық мағына үстейтін қосымшалар. Жалғаудың төрт түрі бар: көптік, тәуелдік, септік, жіктік.

Тәуелдік жалғау, әдетте, бір заттың басқа бір затқа тәуелді екенін білдіретін қосымша.Мысалы: менің қаламым; сенің қаламың; сіздің қаламыңыз, оның қаламы.

Септік жалғаулары арқылы есімдер сөйлемдегі етістіктермен де, шылау сөздермен де, есімдер өзді-өздері де жалғасып әр алуан қарым-қатынасқа түседі.Мысалы,еңбек,еңбектің,еңбекке,еңбектен,еңбекті,еңбекте,еңбекпен т.б.

Көптік жалғау — жалғанған сезіне көптік мағына беретін қосымша. Көптік жалғауының дыбыс үндестігіне қарай алты варианты қолданылады: -лар, -лер, -дар, -дер, -тар, -тер(қала-лар, мекеме-лер, ғалым-дар, езен-дер, ат-тар, шөп- тер). 

Жіктік жалғау – баяндауышқа ғана тән жалғау.Мысалы,мен бардым,ол отырды,біз келдік т.б.

25-билет

2) Үндестік заңының ережесі,мысал.

Үндестік заңы – түбір мен қосымшаның және сөз аралығындағы дыбыстардың бір-біріне ықпал жасап, өзара үйлесіп, айтылуын үндестік заңы дейміз.

 Оның екі түрі бар: 1) буын үндестігі, 2) дыбыс үндестігі.

Тіліміздегі сөздердің басым көпшілігі не біркелкі жуан, не біркелкі жіңішке айтылады.

Мысалы:

Жуан сөздер: балалар, қалалар, қызылдау.

Жіңішке сөздер: жерлерді, ініміз, күнделік.

3) "Азамат","қайраткер" сөздерін жіктеу.

Жекеше:

І жақ:Мен азаматпын,қайраткермін.

ІІ жақ: Сен азаматсың,қайраткерсің.

Сыпайы түрде:Сіз азаматсыз,қайраткерсіз.

ІІІ жақ:Ол азамат,қайраткер.

Көпше:

І жақ: Біз азаматпыз,қайраткерміз.

ІІ жақ:Сендер азаматсыңдар,қайраткерсіңдер.

Сыпайы түрде:Сіздер азаматсыздар,қайраткерсіздер.

ІІІ жақ:Олар азамат,қайраткер.

4,8(50 оценок)
Ответ:
Esken213141
Esken213141
17.06.2022

Досыммен бірге киім-кешек дүкеніне бардым. Дүкеннен өзім көптен бері алғым келіп жүрген киімдерді көрдім. Досыммен екеуміз маған дұрысын таңдадық. Ашық түсті баскиім алдым. Аяғыма өте ыңғайлы размері отыз төртінші аяқ киім шап-шақ екен, соны таңдадым. Сәнді үлгідегі киімдер арасынан өте әдемі көйлекті алдым. Досым маған сыртқы киімнен осы ауа жібереді, осыны ал,- деп ұсыныс жасады. Ол қырық екінші размерлі, қалың кеудеше, түсі аспан түстес көгілдір. Алған киімдерімнің бәрі көңілімнен шықты. Бәрі де заманауи үлгіге сай, әрі ыңғайлы.

Объяснение:

4,6(75 оценок)
Новые ответы от MOGZ: Қазақ тiлi
logo
Вход Регистрация
Что ты хочешь узнать?
Спроси Mozg
Открыть лучший ответ