М
Молодежь
К
Компьютеры-и-электроника
Д
Дом-и-сад
С
Стиль-и-уход-за-собой
П
Праздники-и-традиции
Т
Транспорт
П
Путешествия
С
Семейная-жизнь
Ф
Философия-и-религия
Б
Без категории
М
Мир-работы
Х
Хобби-и-рукоделие
И
Искусство-и-развлечения
В
Взаимоотношения
З
Здоровье
К
Кулинария-и-гостеприимство
Ф
Финансы-и-бизнес
П
Питомцы-и-животные
О
Образование
О
Образование-и-коммуникации
Klamie
Klamie
09.03.2023 18:38 •  Қазақ тiлi

8-тапсырма. Төмендегі мәтіннен неологизмдерді анықтап, дәптеріңе көші- ріп жаз.
«Ақылды үй» (ағыл. digital home) автоматтандырылған үй.
Ол адамдардың қолайлы өмір сүруі үшін жоғары деңгейлі техно-
логиялармен жабдықталған. «Ақылды үйдегі» жарық, электр жү-
йесін, кондиционер, желдеткіш, климат-бақылау, аудио және ви-
део жүйелерді, күзет, өрт дабылы, апатты жағдайларды бір ғана
диспетчерлік пультпен смартфон немесе ғаламтор арқылы басқа-
рып, бақылауға болады. «Ақылды үй» өрттен де қорғайды. Мы-
салы, ауада кішкене болса да иісті газ пайда болса, онда өртке
қарсы жүйе іске қосылады және өртті үдетпес үшін ауаның келуін
тоқтатады, газ жабылады, электр токтары өшіріледі. Бөлмедегі
адамдар сирена және түрлі сигналдар арқылы хабарландырылады,
ал егер өрт үйдің иелері жоқ кезде басталса, онда жүйе арқылы
олардың ұялы телефондарына хабарлама жіберіледі. Параллельді
түрде түтінді жою функциясы қосылады, ал қауіпсіздік қызметіне
өрт туралы ақпарат келіп түседі.​

👇
Открыть все ответы
Ответ:
StepanEgorov
StepanEgorov
09.03.2023

1. Құрым сары айғыр мен сыншыл шолақ қасқыр

Бөдененің құйрығы неге қысқа?

Алты түлкі

Сауысқан мен көкек

Түлкі мен қоян

2.Ақ қасқыр

  Қасқыр мен Теке

  Аңқау қасқыр

  Қасқыр мен жеті лақ

3.Қазіргі заманда нағыз досты табу өте қиын. Ия, бізбен бірге кафеге немесе киноға баратын адамдар көп, бірақ, қиын кезде қол ұшын соза алатын достарымыз аз. Менің құрдастарым, бір апта бұрын ғана танысқан адамдарды, досым немесе бауырым деп атап жатады. Менің ойымша бұл дұрыс емес, оларды дос ретінде қабылдау үшін, өмірдің сынақтарынан бірге өту керек. Ал, егер сенің жанында, уақытын, ақшасын немесе өмірін құрбан етуге дайын адамын бар болса, шынайы достық деген осы. Бұл өмірдегі өте құнды нәрсе, сондықтан оны қадірлеу керек.

                                             

Шынайы достық, шынайы махаббат сияқты, сирек кездеседі. Мен үшін достық дегеніміз – бұл адалдық пен сенімділік. Нағыз дос, жолдасына ешқашан опасыздық жасамайды, ол әрқашан оған жанқияр болады. Барлық адам сізден бас тартқанның өзінде, ол сізді ешқашан тастамайды және әрқашан қасыңыздан табылады. Шынайы достар шыншыл болады, жағымпаздық пен екіжүзділікке орын жоқ. Шыңдық ашы болса да, оны жасырмай бетке айтады. Есіңізде болсын: достар – біздің айнамыз. Егер сіз адал болмасаңыз, өз досыңыздан адалдықты күтпеңіз!

Достық деген не? Әр адам оны әр қалай түсінеді. Мен үшін – бұл ең алдымен, қиын уақытта көмекке келетін сенімді адамның болуы. Қуанышыма орай, менің осындай жолдасым бар! Сол үшін өзімді бақытты сезінемін! Нағыз досқа сенің әлеуметтік мәртебен маңызды емес, ол сені ренжітпейді және қызғанбайды. Артыннан жаман сөздер айтпайды. Іспен болмаса да, кеңеспен көмектеседі. Әрине, кемшілігі жоқ адам болмайды, олда қателік жасап, жүрекке ауыр тиетін сөздерді айтып қалуы мүмкін. Сондықтан, бір-біріне кешірімді болу керек.

Бұл өмірде жалғыз болу қиын екенін барлығы біледі, сондықтан, әр адам өзіне дос іздейді. Біз көбінесе көңілді, мейірімді және жанашыр адамдармен достасуға тырысамыз. Бірақ, аспан әрқашан ашық бола бермейді, көмек керек болған кезде достарымызға жүгінеміз. Міне, осы сәтте, кімнің қандай екенін түсінеміз. Сен мұқтаж болған кезде, сеннен бас тартпаған жолдасыннан ешқашан айырылма! Өйткені, есінде болсын: досты жоғалту оңай, ал табу қиын!

осының біреуін ал

4,8(62 оценок)
Ответ:
eduard22222
eduard22222
09.03.2023

іне, Ұлы Отан соғысының жеңіспен аяқталғанына да 60 жыл өтті. Бұл  сол кездегі кеңес халқының ержүректілігі мен төзімділіктерін паш ететін, тарихта мәңгілік қалатын күн. Бұл күнді соғыстың алғы шептерінде қайсарлықпен шайқас жүргізіп, ерліктің сан үлгісін көрсеткен ардагерлер тойлайды. Бұл мейрамды өздерінің тылдағы қажырлы еңбегімен жеңісті шыңдаған, станоктың қасынан, егін даласында, күні-түні  мал бағып,  тынымсыз жұмыс істеген жұмысшылар, ауыл адамдары тойлайды. Бұл мейрамды біздің аяулы да даңқты әйелдеріміз - өздерінің әкелерін, ерлерін, ұлдарын және сүйіктілерін көзінен жасы сорғалай жүріп төзімділікпен күткен, олардың орнын жоқтатпаған аналар мен жұбайлар, қалыңдықтар мен қыздар тойлайды. Бұл мейрамды өздерінің әкелері мен ағалары қанын төгіп, жанын қиып бақытты өмірін қамтамасыз еткен Ұлы жеңістің  құрдастары тойлайды. Ұлы Жеңіс күні елі мен жері үшін жанын пида еткен, туған-туысқандарына, жақын-жарандарына, туған жеріне, ауылына оралмай қалған қаһарман ерлерді бүкіл елі болып еске түсіреді.


        Бұл мейрамды бұрынғы кеңес одағына кірген 15 одақтас республика халқымен бірге, кеңес халқы неміс басқыншыларынан азат еткен   Еуропа елдерінің Варшава мен Прага, Будапешт пен Бухарестің, София мен Белградтың, Париж бен Венаның, жер шарының басқа да көптеген қалаларының тұрғындары тойлайды.


        Ұлы Отан соғысы халқымызға төнген ең ауыр күндер болды. Төрт жыл, 1418 күн мен түн бойы өз жері мен отаны үшін, келешек ұрпақ үшін жан қилы соғыс жүріп жатты.


        Бір күшке жиналған орыс пен тәжік, грузин мен белорус, қазақ пен украин қарсы алдындағы жауға алмас қамал болып жұмылды...

4,4(78 оценок)
Это интересно:
Новые ответы от MOGZ: Қазақ тiлi
logo
Вход Регистрация
Что ты хочешь узнать?
Спроси Mozg
Открыть лучший ответ