М
Молодежь
К
Компьютеры-и-электроника
Д
Дом-и-сад
С
Стиль-и-уход-за-собой
П
Праздники-и-традиции
Т
Транспорт
П
Путешествия
С
Семейная-жизнь
Ф
Философия-и-религия
Б
Без категории
М
Мир-работы
Х
Хобби-и-рукоделие
И
Искусство-и-развлечения
В
Взаимоотношения
З
Здоровье
К
Кулинария-и-гостеприимство
Ф
Финансы-и-бизнес
П
Питомцы-и-животные
О
Образование
О
Образование-и-коммуникации
TUBERSUSLIK
TUBERSUSLIK
22.02.2023 04:38 •  Қазақ тiлi

Қазақстан елордасы-Астана эссе қандай

👇
Ответ:
007239
007239
22.02.2023

«Астана-отанымыздың жүрегі, тәуелсіздігіміздің тірегі» Н.Ә.Назарбаев

Астана-ұлан ғайыр еліміздің бас қаласы, әлем таныған жас қала. Біздің дәуіріміздің ХІ-ХІІІ ғасырларында Арқада қыпшақ тайпалары көшіп - қонып жүрген. өткен ғасырда археологтар Ақмола жерінен көне қаланың орнын тапты. Бозақ-қазіргі Астанадан небәрі 15 шақырым жерде. Қалашық Х-ХІІІ ғасырларда гүлденіп, Жібек жолы бойындағы сауда орталықтарының біріне айналған. Сондай-ақ Бозақ қыпшақ билеушілерінің елордасы болған. Демек, Елбасымыздың Астана орнын Арқа төсіне таңдауы кездейсоқтық емес, тарихты болжап, болашақты түйген көрегендік. 1996 жылы Ақмола қаласын астана жасаймыз дегенде қоғамның басым бөлігі күмәнмен қарады. Алайда 1998 жылдың 10 маусым күні тәуелсіз Қазақстан жаңа да жас қала-Астананың атын бүкіл әлемге паш етті.

Етек-жеңін енді қымтап, есін жиған егемен елдің бірегей ұлдары Қазақ елінің болашағы үшін барын шаша еңбек етті. Халқымызда «Басы қатты болса, аяғы тәтті» деген дана сөз бар. Астана дамып, көркейе түсті. Айбынды Астанамыз жарық жұлдыздай жарқырады Астанамыз әр күні жылға татитын, әр жылы ғасырға тең қарқынмен дамудың даңғыл жолына түсті.

1999 жылы ЮНЕСКО-ның шешімімен Астана «Әлем қаласы» атағына ие болды.

Астана-сәулеті келіскен алып шаһар. Бас қаладағы ең ғажайып, әсем мұнара-Бәйтерек. Тіршілік иелеріне тірек, сүйеніш, қорған, пана деген ұғымды білдіретін алып мұнара еліміздің символына айналған. Гүлденген Астанамыз, түрленген жас қаламыз-елдік пен тұтастықтың ғажайып үлгісі.

Не деген махаббат сұрапыл,

Тәңірден берілген нұр, ақыл.

Астана қазақты ғаламға,

Танытпай қоймайды, тұра тұр, - деп

Қ.Әбілдақызы жырлағандай, Астана-Елбасының ғажайып ерлігі.

Жас ұрпақтың келешегін ойлайтын кемеңгер адам Нұрсұлтан Әбішұлының ұлы дала төрінен асқақ та ғажап қала тұрғызуы-теңдессіз қайсарлық. Әр елді Астанасы-сол елдің төлқұжаты. «Астанасына қарап елін таниды» деген Елбасы сөзінде терең мән бар. Нұрсұлтан Әбішұлы «Еуразия жүрегінде» атты кітабында: - қалалардың да адамдар сияқты өз тағдыры болады. Олардың әрқайсысының өз аты, қайталанбайтын өмірбаяны, дүниеде ешбір жерге ұқсамайтын өзіндік айрықша мінезі мен белгілері бар», - деп жазыпты. Британдық «The Sunday Times» газеті өзінің 2005 жылғы 20 ақпандағы нөмірінде: «Астанада жасалып жатқан жұмыстардың ауқымы адам нанғысыз. Оны жүзеге асыру үшін Қазақстан Президенті Нұрсұлтан болу керек», - деп жазды. Ендеше, аяулы Астана - Елбасының тарихи қолтаңбасы. «Біз жаңа астананың негізін салдық. Бұл - бостандық туралы ежелден далалық арман мекен еткен қала. Бұл - біздің он бес жылғы жолымыз бастап әкелген және бүгінде осы жол енді ғана басталатын қала. Бұл - біздің жол, Қазақстан жолы», - дейді Н.Ә.Назарбаев.

4,4(10 оценок)
Открыть все ответы
Ответ:
anzelinskaalera
anzelinskaalera
22.02.2023

Интернет... Бүкіләлемдік ғаламтор күн сайын көбірек пайдаланушыларды қызықтырады. Интернеттің пайда болуымен адамдардың өмірі айтарлықтай өзгерді. Біреу үшін дүниежүзілік желіні пайдалану-бұл бір - бірімен қарым-қатынас жасау тәсілі, біреу үшін - жұмыс, ал біреу үшін-пайдалы ақпарат алу. Бірақ интернет бізге қалай әсер етеді?

Бір мың тоғыз жүз сексен екінші жылы КСРО-да Интернеттің пайда болуы адамдардың тар шеңберіне әсер етті. Оны ғалымдар, инженерлер тәжірибе алмасу, өз пікірлерін, теорияларын растау үшін қолданған. Интернет сән-салтанат болды. Ал қазір не болып жатыр? Біздің өміріміз онымен тығыз байланысты. Интернет біздің өмірімізді айтарлықтай жеңілдетті. Біз кез-келген фильмді көре аламыз, әлемнің кез-келген нүктесінен бірдеңе сатып аламыз. Мұның бәрі үйден шықпай-ақ. Интернеттің көмегімен біз мүмкіндігіміз, мүмкіндігіміз жоқ, айналамыздағы әлем қаншалықты әдемі екенін көре аламыз. Біз дивандарымызда отырып, "саяхаттаймыз" деген сөздің тура мағынасында. Адамдар Жердің екінші жағында не болып жатқанын оған күш немесе қаражат жұмсамай көре алатындығы таңқаларлық. Интернет қазіргі әлемге соншалықты үйреніп кеткендіктен, адамдар тіпті алыс қашықтықта білім ала алады. Мен қазіргі студенттерге оқу әлдеқайда ыңғайлы екендігімен келісемін. Біздің әрқайсымыз кез-келген уақытта бізді қызықтыратын барлық нәрсе туралы біле аламыз.

Бірақ Интернеттің жағымды жақтарынан басқа көптеген жағымсыз жақтары бар. Біз оған толықтай тәуелді болдық: электр қуаты өшірілген кезде де, өмір тоқтаған сияқты. Интернеттің пайда болуымен адамдар сөйлесуді тоқтатты! Біз бетпе-бет қарым-қатынасты әдеттегі хат-хабарлармен алмастырдық. Адам бүкіләлемдік ғаламторды мақсатына сай пайдалануды тоқтатты және уақытты ысырап етеді. Бұл солай болуы керек пе? Мен интернет тек жақсы мақсаттар үшін болғанына сенімдімін, оны пайдаланушылар телефондарына тығылып, жалған, кейде тіпті ақымақ ақпаратты оқи алмайды. Ал компьютерлік онлайн ойындар? Біреулер олар жай разряд құралы деп Айтады. Бірақ іс жүзінде, тәуелділік пен психиканы бұзудан басқа, олар басқа ештеңе әкелмейді. Бұл ғана емес, көптеген адамдар оларға көп ақша жұмсайды. Көбінесе теледидардан ойындардың әсерінен адамдардың ашуланғанын, кейде тіпті толық бақылаусыз болатындығын көруге болады. Көбінесе жасөспірімдер олардың құрбанына айналады. Интернеттегі ойындардың салдарынан балалардың ата-аналарын қалай өлтіретіні туралы жаңалықтарды есту өте қорқынышты. Бірақ ата-аналар балаларын сол жерден шығарғысы келеді. Интернеттің пайда болуы хакерлердің пайда болуына ықпал етті. Қазір интернетте көптеген арандатушылық жарнамаларды көруге болады, оған сенеді, адамдар ақша, мүлік жоғалтады, кейде өз өмірлерін төлейді.

Интернет-бұл адамзат жасаған ақпарат, байланыс алудың ең ыңғайлы құралдарының бірі. Бірақ оны дұрыс пайдалану бізге жаңа, кем емес маңызды ашылулар мен жетістіктерге қабілетті интеллектуалды дамыған адамдар болуға көмектеседі.

Объяснение:

4,4(24 оценок)
Ответ:
Foolrelax
Foolrelax
22.02.2023

1.Бауыржан Момышұлы 1910жылы 24желтоқсанда Жамбыл облысы,Жуалы ауданы,Мыңбұлақ ауылында дүниеге келген.Қаруы мен қаламын қатар алып жүрген қаламгер,Кеңес одағының батыры,халық қаһарманы,жазушы.

2.Бауыржан Момышұлының :"Ағасы бардың жағасы бар","Адам қайраты","Адам адам болғанымен тарих надан","Адамдармен кездесулер","Ұшқан ұя","Ана әмірі","Сұр мерген","Әкемнен жалғыз мен туған".т.б.- шығармалары бар.

3.Бауыржан Момышұлы шығармалары туған жер,ата-ана тәрбиесі,отансүйгіштік,соғыстағы ерліктер,батырлық қасиеттерге арналған.

4.Қазақстандағы жауынгер жазушылар:Қасым Аманжолов,Ахтанов Тахауи,Хамза Абдуллин,Абдіқадіров Қалмахан,Ақынжанов Мұсатай,Хизмет Абдуллин т.б..

4,6(57 оценок)
Новые ответы от MOGZ: Қазақ тiлi
logo
Вход Регистрация
Что ты хочешь узнать?
Спроси Mozg
Открыть лучший ответ