М
Молодежь
К
Компьютеры-и-электроника
Д
Дом-и-сад
С
Стиль-и-уход-за-собой
П
Праздники-и-традиции
Т
Транспорт
П
Путешествия
С
Семейная-жизнь
Ф
Философия-и-религия
Б
Без категории
М
Мир-работы
Х
Хобби-и-рукоделие
И
Искусство-и-развлечения
В
Взаимоотношения
З
Здоровье
К
Кулинария-и-гостеприимство
Ф
Финансы-и-бизнес
П
Питомцы-и-животные
О
Образование
О
Образование-и-коммуникации
darinaggg
darinaggg
17.08.2022 15:50 •  Қазақ тiлi

Абай аударма жасаған орыс ақындары кімдер​

👇
Ответ:
stolyarovsemen
stolyarovsemen
17.08.2022

Абай  заманы, ақындық өнерге, ағартушылық жолындағы күреске барын салып кіріскен көз - қазақ халқының тарихындағы ең күрделі, талас-тартысы, қайшылығы мол дәуір болатын. Бұрынғы хан билейтін заман артта қалып, ел арасынан сайланған аға сұлтандар шыққан болса, ондай тәртіп те жарты ғасырға жетпей өзгертіліп, қазақ даласы ұсақ-ұсақ болыстарға бөлшектеніп, ел билеу тізгіні уезд бастықтарының - патша әкімдерінің қолына көшкен еді. Бұл болыстардың билікке таласуын, Ұлықтардың жолсыздығын, бассыздығын, парақорлыққа бейімділігін арттырды.

Қазақ жерінде Ресейден кешіріліп қондырылған кедей шаруалардың саны көбейіп, патшалық әкімшілік талай шұрайлы жерлерді тартып алып, елді ата мекенінен ығыстырды. Патша үкіметінің Қазақстанды отарлау саясатының жемісі, нәтижесі болған осындай ауыртпалықтан, заңсыздықтардан, рухани кіріптарлықтан елді құтқарудың ендігі жаңа жағдайда бірден бір ұтымды жолы - білім-ғылым үйренуеді.

Шоқан Уәлиханов, Ыбырай Алтынсарин,Абай Құнанбаев секілді алдыңғы қатарлы қоғам қайраткерлері осыны жақсы тұсініп, ұлттықұранға айналдырды. Олар Ресеймен қарым-қатынасты күшейте тұсудің аса пайдалы жағы орыс мәдениетінің үздік үлгілерінел ішіне, жұртшылыққа тарату деп санады. Мал бағумен қатар елдің егіншілікке, сауда-саттық секілді кәсіптерге бейімделуі қажет екенін де олар басқалардан бұрын сөзді. Бұған дейін қазақ ақын, жыршылары шығыс халықтарының аңыз-ертегілерін, дастандарын қызықтап, ел арасына жыр етіп таратып келсе, енді орыс әдебиетін оқып, үйренуге, орыс ақын, жазушыларының шығармаларын насихаттауға көңіл бөле бастады. Әрине, шығыс халықтарының әдеби нұсқаларына құштарлық, ынта-ықылас көбеймесе азайған жоқ.

Үнді елінің ежелден белгілі «Панчатантра» («Бес кітап»), арабтың «Калила мен Димна» секілді кітаптарынан бастап, «Мың бір түн», «Тотынама» әңгімелер жинағы, «Шахнама», «Сейфул-Мәлік», «Таһир – Зуһра», «Ләйлі - Мәжнүн» сияқты дастандар, Ескендір, Лұқпан Хакім туралы аңыз-әңгімелер ауызша да баяндалып, өлең-жыр түрінде де насихатталып жатты. Алайда шығыстан келген сюжеттер көптен таныс, үйреншікті дүние секілді болса, орыс әдебиетінің шығармалары мүлде жаңа құбылыс еді. Қазақ елі мен көршілес орыс халқының арасында мәдени ауыс-түйіс бұрыннан орын алған еді десек те, орыс әдебиетінің қазақ мәдениетіне үлкен жаңа арна болып қосылуы осы кезде басталды. Орыс әдебиетін білуге, оны еркін игеруге ұмтылған Абай,орыс ақын-жазушыларының шығармаларын тек қана өнерпаздықтың, көркемдік шеберліктің үлгісі деп қараған жоқ, айналадағы қоғамдық өмірді терең танып-түсінудің таптырмас құралы деп санады. Орыс жазушыларының шығармалары Ресейдің тарихынан, орыс халқының өмірінен хабарлар болу үшін ғана емес, қазақ даласында әкімшілік жүргізіп отырған патша үкіметінің саясатын, ол саясатты жүзеге асырып отырған Ұлық-әкімдерді білу үшін де қажет еді.

Орыс классиктерінің шығармалары қазақ даласында озат адамгершілік идеалдардың жаршысы бола алатыны көп оқып, көп тоқыған Абай назарынан тыс қалмағаны анық. Ол 13 жасында Семей қаласында медреседе оқып жүрген кезінде «Приходская школаға» түсіп, орысша оқыды. Бірақ бұл оқу үш айдан аспайды. Жас Абай ел билеу ісіне араласып кетеді. Оның орысша кітаптарды, орыс әдебиетін оқуға шындап кіріскен уақыты - жасы 30-дан асқан көзі. Абайдың Семейге жер аударылып келген Е.П. Михаэлиспен танысуы осы тұста. Михаэлис Петербургте 60 жылдары студенттер қозғалысын ұйымдастырғандардың бірі болғаны үшін,біраз жылдар айдауда Сібірде жүріп, кейінірек, 1869 ж. Семейге келіп орналасқан. Абай 1870 ж. Семей кітапханасында Л. Толстодың «Русский Вестник» журналында басылған романын сұрап тұрғанда Михаэлис онымен сөйлесіп, екеуі сол жерде танысқан. Ал ондай кітапты оқу үшін орыстың әдеби тілін жақсы меңгерген адам болу керек екені анық. Бұл жылдары Абай қыс көзінде үш-төрт ай бойы Семейде жатып, кітапханадан әр түрлі кітаптар алып оқып жүреді. Сонда Михаэлиспен жиі көздесіп, кеңесетін болған. Жасынан Н. Г. Чернышевскийдің революциялық идеяларына кеңіл бұрған, ғылымның әр саласынан хабары мол, әсіресе орыстың қоғамдық ой-пікірлерінен терең мағлұматы бар осы бір айрықша білімдар адаммен жақсы таныс, жақын болуы Абайдың орыс әдебиеті, сыны, тарихы ғана емес, жалпы қоғамдық ғылымдар бойынша да көптеген құнды кітаптар оқуына ықпалы аз болмаса керек. Сонымен қатар бұлардың қарым-қатынасы Михаэлиске де пайдалы болғаны сөзсіз.

Жергілікті халық - қазақтың өмірін, тұрмыс-жағдайын жете білу оған да аса қажет еді. Михаэлис кейінірек Семейде құрылған Статистикалық Комитеттің хатшысы қызметін атқарып, қазақ даласының шаруашылық, географ. жағдайын зерттеуде елеулі еңбек еткенін ескерсек, оның Абайдан көп нәрсе естіп-білгені, үйренгені анық. Абай Михаэлиспен достасып, аралас-құралас болып жүріп, Н. И. Долгополов, С.С. Гросс сияқты Семейге айдалып келген бірнеше адамдармен де жақын танысады.

4,4(17 оценок)
Ответ:
viktoria190290
viktoria190290
17.08.2022

Пушкин, Лермонтов, Крылов

Объяснение:

4,6(74 оценок)
Открыть все ответы
Ответ:
Сарыарка (казахский мелкосопочник) - место расположения центральный казахстан, протяженность с запада на восток - 1200 км, средняя высота гор - 500-600 м, на западе ширина мелкосопочника достигает 900 км, на востоке - 350 км.  на севере сарыарка граничит с западно-сибирской равниной, на юге - с озером и пустыней бетпак-дала, на востоке сливается с горной системой саур-тарбагатай, на западе примыкает к тургайскому плато. к числу наиболее высоких гор казахского мелкосопочника относятся: аксорган (1565 м), каркаралинские (1403 м), чингизтау (1305 м), улытау (1133 м). жемчужиной сарыарки является щучинско-боровская курортная зона. местные жители не без основания называют этот край «казахстанской швейцарией», так как здесь в окружении красивейших гор казахского мелкосопочника располагаются прозрачные голубые озера, являющиеся излюбленным местом отдыха туристов из стран снг. мугоджары - невысокая каменная гряда, являющаяся южным отрогом уральских гор. наивысшая точка мугоджар - гора большой боктыбай (657 м). протяженность гряды составляет 450 км с севера на юг. на западных склонах мугоджар берут свое начало реки шийли и терисбутак, которые в дальнейшем при слиянии образуют р. орь (левый приток урала). к югу от каменной гряды простирается песчан ая пустыня большие барсуки, отделяющая мугоджары от аральского  моря
4,6(10 оценок)
Ответ:
ROSTMIX
ROSTMIX
17.08.2022
Батысшыл Қазақстан: Западно-казахстанскую, Атыраускую, Маңғыстауды және ақтөбелік облысқа ішіне алады. Аймақ шеткі батыс және республиканың юго-западе пейілді. Оның аумақты аумағы солтүстіктен оңтүстікке 1200 километрге деген созылады және 1 300 километрге бер батыстың на шығысты.
Басты өзендер - Орал, Эмба. Ең кесек-кесек көлдер - Индер, Камыс-самара Аралсор. Ең маңызды рөлді аймақта Каспийдың теңізі ойнайды. Аймақта более 100 жас мұнайдың алапасы жүргізеді, Атырау орталықпен ша алапа және қара уылдырықтың консервілеуіне болып табылады. Ахуал - шұғыл континентті, засушливый.
Арқылы 2000 жастың Мангистау барлық аумағын ұлы жібектің жолы өтті, енді сол ең қызықты туристтік жол бағдарым. пішінді ландшафттың бары арада құрамда мен устюртского қорықтың айуанаттар дүниесінің түрлілігімен, табиғаттың бірегей ескерткіштері және, нешінші Мангистау изобилует тарихи және мәдениетті ескерткіштің көпшілігі, Каспийдың жағасының ең әдемі жерлері маңызды мүдде үшін әлеуетті турис ұсын-.Бір ең пішіндід
4,5(3 оценок)
Это интересно:
Новые ответы от MOGZ: Қазақ тiлi
logo
Вход Регистрация
Что ты хочешь узнать?
Спроси Mozg
Открыть лучший ответ