10-тапсырма. Өлең бұдан елу жыл бұрын емес, дәл бүгін жазылғандай. Еліміздің егемендік алғанына қанша жыл болғанын айтып, өлеңге тал-
дау жаса. Талдауда фразеологизмдер мен мақал-мәтелдерді қолдан.
Елу жаста «Елім бар» деп айта алмай,
кетпес естен күйінгенің мұңлы Абай.
Елім бар деп айтатын бір туды күн,
Елім бар деп шырқатайын мен бүгін.
қойсын енді Қорқыт күйі сарнамай.
Кең далалы, кеңпейілді қазақпыз,
Құл емеспіз, еркін жанбыз, азатпыз.
Ел намысын ешбір жауға бермейміз!
Өмірді алға бастырамыз, өрлейміз!
Сертiң осы азат жігіт, азат қыз!
Дұрыс тамақтану.
Иммунитетті көтерудің тиімді тәсілі – салауатты өмір салтын ұстанып, көкөніс пен жеміс –жидектерді тағамға көп пайдаланып, сонымен қатар сүт тағамдарын жиі ішіп тұру.
Көкөністер мен жеміс – жидектердің, сүт тағамдарының құрамында адам ағзасына қажетті түрлі дәрумендер бар, сонымен қатар соңғы кездері көп адам дұрыс тамақтану бағытын ұстанып жатқандықтан, көкөніс жеу асқазанға пайдалы, әрі артық салмақтан да арылуға көмектеседі. Әсіресе, маусым арасында құрамында С витамині бар көкөністер мен жеміс – жидектерді қолданған дұрыс.
Дәрігерлердің айтуынша, адам иммунитетін көтерудің ең тиімді тәсілі – салауатты өмір салтын ұстану. иммунитетті көтеру үшін үйлесімді тамақтану маңызды орын алады. Күніне 3-4 рет, уақытылы және дұрыс тамақтану, ол үшін кебектен, витаминді – минералды кешенмен байытылған ұннан жасалған нан, қырыққабат, сәбіз, аскөк және қызылшаны көбірек пайдаланған жақсы.
Ағзада көбінесе жеміс-жидектер мен көкөністерді қолдану. Олардың құрамындағы дәрумендер мен микроэлементтер бактерия мен вирустармен күресетін, ақ түсті жасушалардың бөлуіне ықпал етеді. Ақуызды құрайтын тағамдарды жеу, олар антиденелерді бөліп шығаруға қатысады. Тамаққа бір ас қасық тары мен күнбағыс дәнін қосу – осылайша цитокинды арттырып, иммунитетке жауапты антидененің бөлініп шығуына ықпал тигізеді.
Тиімді әрі дұрыс тамақтана отырып, қоршаған ортаның зиянды әсерлеріне қарсы тұруға және көптеген созылмалы аурулардың алдын алып, өмір жасын ұзартуға болатыны бүгінгі таңда дәлелденгендіктен, отбасы мүшелеріммен салауатты өмір салтын ұстанып, дұрыс тамақтануға көшу керек.