Қыстырма сөздерді қатыстырып, асық тақырыбына әңгіме құрау.
Әрине, әрбір мектеп оқушысы жазғы демалысын асыға күтеді. Менің ойымша, оның өзіндік себебі де бар – күні бойы алаңсыз аулада достармен ойнау. Сонымен, жазғы демалыс та басталып кетті. Біздің ауланың ер балалары топтасып, асық ойнағанды жақсы көреміз. Меніңше, бұл ұлттық ойынды әрбір қазақ баласы ұнатады. Демалыстың кезекті күні Самат, Еркебұлан, Аспандияр және мен асық ойнамақшы болдық. Ауланың ортасында төртбұрыш сызып, бір жағына асықтарды тізіп қойдық. Әрқайсымыз екі асықтан шығаратын болып келістік. Біздің ауламыздың ойын ережелері бойынша кімнің сақасы табанмен түссе, сол ойынды бірінші бастайды. Сөйтіп, кім бірінші бастайды деп тұрғанда, Аспандияр екеуміздің сақамыз табандап түсіп, екеуміз тағы да асық аттық. Қысқасы, менің жолым болып, мен бірінші жүріске ие болдым. Уақыттың қалай зулап өткенін де байқамай қалыппыз, сірә, ойынның қызығына кіріп кеткенбіз ғой. Бір атқанда асығымыз алшысынан түсіп жатса, енді келесі жүрісіміз сәтсіз аяқталып жатты. Сөз жоқ, өте тартысты ойын болды. Дегенмен, осы жолы Еркебұланның жолы болып, тігілген асықтардың барлығын қанжығасына байлады. Түскі асымызды ішіп алып, тағы да ойнауға келісіп, үйімізге тарадық.
«Байқоңыр» кешенінің инфрақұрылымы
- Байқоңыр қаласы.
- Ғарыш айлағы:
- құрамында 52 ұшыру қондырғысы бар кешен (85 х 125 км);
- көмекші объектілер (заводтар, аэродромдар, жылу-электр орталығы).
- Зымырантасығышының бөлініп қалатын бөлшектері құлайтын аудандар (жалпы көлемі 4,8 млн га болатын 22 алаң).
Жалға беру шарты (1994 ж.)
Жалға беру ақысына (жылына АҚШ-тың 115 млн. доллары) табиғатты пайдалану төлемі де қосылған. (Бірақ қоршаған ортаны қорғау қорына одан бір тиын да түспей отыр).
Экология және табиғат қорғау мәселесі 1997 ж. 4 қазанда жасалған келісіммен жеке реттеледі.
Ғарыш айлағы объектілеріне бөгде адамды кіргізу көзделмеген. Бұл мәселе 1999 жылдың 1 қарашасындағы жеке ережемен кейіннен реттелген.
«Байқоңыр» ғарыш кешенінің мәселесімен айналысып жатқан жоғары оқу орындары мен ғылыми-зерттеу институттары, олардың бағдарламалары
Өткен жылы (1999 ж) «Протон» екі рет құлағанда, біздің мұндай төтенше жағдайға дайын емес екендігіміз белгілі болды. Қазір бірталай тәжірибе жинадық. Бірінші жағдай бойынша ғылыми зерттеуді Қазақстан ғалымдары жүргізе бастады. «Байқоңыр» кешенінің қызметіне байланысты халық денсаулығы жағдайының мониторингі бағдарламасы боынша облыстық денсаулық сақтау басқармасының бастығы Қанат Ермекбаевтың басшылығымен облыс дәрігерлері де жұмыс істеуде. Солардың ішінде ҚР ҰҒА-ның корреспондент – мүшесі, ҚММА-ның ректоры, медицина ғылымдарының докторы, профессор Мақаш Әлиакпаровтың басшылығымен «Байқоңыр» кешенінің адам денсаулығына әсері туралы тереңдетілген ғылыми зерттеу бірінші рет жүргізіліп отыр. Бұған қоса зымырантасығыштың бөлінген бөлшектері түсетін Ұлытау, Қарқаралы және Жаңаарқа аудандарындағы жерлерде ҚазМУ мен «Қазмехонобр» ғалымдары да экологиялық зерттеулер жүргізілуде. Ал Е.А. Бөкетов атындағы Қар МУ-дың ғалымдары жүргізіп жатқан жұмыстар өте ерекше. Онда экологиялық зерттеу орталығы құрылып, университет ректоры, техника ғылымдарының докторы, профессор Жамбыл Ақылбаевтың басшылығымен зымыран отының құрамын анықтайтын жаңа аспап және оның жұмыс істеу әдістемесі жасалып жатыр.
«Байқоңыр» ғарыш айлағының елімізге әкелген пайдасы
«Байқоңыр» ғарыш айлағы өткен ғасырдың еншісіне жазылған а ң ең бір теңдесі жоқ жетістігінің бірегейі десек артық болмас. Сол арқылы адам табиғат құпиялары мен ерекшеліктерін игеру үрдісіндегі өзінің алар биігі мен жетер асуын нақты істермен дәлелдеп берді.
«Байқоңырдың» қызмет ете бастағанына 40 жылдай уақыт болса, осы уақыт ішінде ол Қазақстанды әлемге танытты. Алғашқы жер серіктері осында ұшырылды. Соңғы мәліметтерге қарағанда, мұнда тұрған ғимараттар мен басқа да жарақтардың құны 25-30 млрд долларға бағаланады екен. Ол бұрынғы Кеңес Одағынан қалған мұра. Ол Қазақстанның ғылыми дәрежесінің өсуіне де үлкен әсер етті.
«Байқоңырдан» ғарышқа бірінші адам аттанғаннан бері қаншама жер серіктері, ғылыми зерттеу станциялары, ғарыш корабльдері ұшырылды. Соның нәтижесінде ғылымымыз өркендеп, табиғаттың талай тылсым құпиялары ашылды. Демек, «Байқоңыр» ғарыш айлағының а үшін де, еліміз үшін де алар орны ерекше.
Электронның заряды -1 және массасы нөлге тең .