М
Молодежь
К
Компьютеры-и-электроника
Д
Дом-и-сад
С
Стиль-и-уход-за-собой
П
Праздники-и-традиции
Т
Транспорт
П
Путешествия
С
Семейная-жизнь
Ф
Философия-и-религия
Б
Без категории
М
Мир-работы
Х
Хобби-и-рукоделие
И
Искусство-и-развлечения
В
Взаимоотношения
З
Здоровье
К
Кулинария-и-гостеприимство
Ф
Финансы-и-бизнес
П
Питомцы-и-животные
О
Образование
О
Образование-и-коммуникации
Фёкла11
Фёкла11
18.07.2022 12:31 •  Қазақ тiлi

Астанаға арнап өлең шығару

👇
Ответ:
Настюся227
Настюся227
18.07.2022

Өнерлі орда, аспаны ән,

Жаңбыр — нұрмен жуынған —

Көшіп кеттің, Астана —

Жауһар Жетісуымнан.

Алатаудан бата алған,

Арқадағы қаламсың.

Қаратаудан апарған

Қара мәрмәр қалансын.

Ақтауымнан алынған

Ақтастарым көрінсін.

Көкшетаудан шағылған

Көк тастармен өрілсін.

Асқақ тұрған қалпы — айбын,

Айбатымен танылсын.

Ағашынан Алтайдың

Айшықты есік салынсын.

Әміриаттан алғызған

Асыл шамдар ілінсін.

Ұсталарға салғызған

Ұлы сесі білінсін.

Аппақ Есіл аққанда

Айдың нұры ашылсын.

Ай орнына батқанда

Күннің нұры шашылсын.

Бір қарағай, бір емен,

Орманымдай созыл сен.

Көктен медет тілеген,

Қолдарымдай созыл сен!

Береке бол халқыма,

Әулетіме кие бол.

Сәулеттеніп жарқыра,

Дәулетіме ие бол!

Ұқсап ыстық құшаққа,

О шетің мен бұ шетің.

Ақсұңқардай ұшақтан

Ақылдылар түсетін.

Астана бол, аман бол,

Ақылман бол, амал бол.

Тайсалатын тәмам қол,

Тәуелсіздігіме қамал бол!

Қара өлеңім жететін,

Қайда барсын ол да ұзап?

Жалғыз — менің мемлекетім,

Жан далам да жалғыз-ақ.

Өс, Астана, өркенде,

Көзіңде — байтақ жерұйық.

Бүгін де және ертең де,

Ел мүддесінен не биік?!

4,7(31 оценок)
Открыть все ответы
Ответ:
Chekinae
Chekinae
18.07.2022
 Ұялы  телефон  оқушыларға қажет. Егер  боранды  күні  жолға  шығып,  далада  машинаң  жүре  алмай қалса, соткамен  хабар  бересің  де,  құтқарушы  келеді.  Ата – анамыз  жұмыста  болғанда,   біз  сабаққа  кетеміз.  Олар  бізді       ойлайды. Сол  кезде   ұялы   телефонмен  жағдайымызды  біліп  отырады.  Елбасымыз  Нұрсұлтан  Әбішұлы  Назарбаев  халқымызға  арнаған  жолдауында   « Қазақстан  болашақта  бәсекеге  қабілетті, дамыған  елу   елдің   қатарынан  табылатын  болады » деп  алдымызға  үлкен  міндет  қойған. Дамыған  елу  елге  теңесу  үшін  әрбір  оқушы  телефонды  да,  компютерді   де   меңгеру  керек.
4,5(72 оценок)
Ответ:
mendygulkurman
mendygulkurman
18.07.2022

Ақпараттық-көрсеткіш белгілер қозғалыстың белгілі бір режимдерін енгізеді немесе күшін жояды, сондай-ақ елді мекендер мен басқа да нысандардың орналасуы туралы хабарлайды. Олардың өлшемдері, пішіндері мен түстері әр түрлі болып келеді. Қызмет көрсету белгілері жол бойында және жолдан әр түрлі қашықтықта орналасқан қызмет көрсету нысандары туралы ақпарат береді. Пішіндері тік төртбұрыш болып жасалып, жиектері қалың көк жолақпен көмкеріледі, ақ түсті ортасында нысандар туралы шартты белгілер көрсетіледі. Олардың жалпы саны – 12.

4,7(10 оценок)
Это интересно:
Новые ответы от MOGZ: Қазақ тiлi
logo
Вход Регистрация
Что ты хочешь узнать?
Спроси Mozg
Открыть лучший ответ