10-тапсырма. Белгілі қазақ мүсіншісі, ҚР еңбек сіңірген сәулетшісі Шота мемлекеттік марапаттары туралы ақпарат жина. Бірге жазылатын сөз-
(Шот-Аман) Ыдырысұлы Уәлиханның өмірбаянын жаз.
сәулетшінің туған жылы,
алған
айы, күні, жері, білім
Ол үшін
орындары,
дердің астын сызып, жазылу ережесін түсіндір.
Помагите
Отбасы мүшелерінің табиғи дəрумендер мен препарат дəрумендерді қолдануы туралы сауалнама.
Мейрамбек: Ата, бүгін өзіңізді қалай сезініп тұрсыз? Қалай демалдыңыз?
Ата: Рахмет, құлыным. Бүгін тәуір болдым. Кеше дәрігер беріп кеткен дәрі – дәрмек пен дәрумендерді уақтылы қабылдап тұру керек.
Мейрамбек: Ия, ата. Денсаулығыңызға немқұрайлы қарамаңыз! Мен таңертең дәрігер жазып берген рецепт бойынша дәріханадан барлығын сатып алып келдім.
Ата: Өркенің өссін, құлыным!
Мейрамбек: Ата жалпы дәруменді қолдануға қалай қарайсыз?
Ата: Балам, мүмкіндігінше табиғи дәрумендерді қолданған дұрыс. Табиғи дәрумен дегеніміз – жеміс – жидек, көкөністер. Дегенмен, оларды қолданған кезде де маусымына қарай пісетіндерін қолдану керек.
Мейрамбек: Ата, ал дәріханада сатылатын дәрумендер ше, сонда оларды қабылдауға болмайды ма?
Ата: Жоқ, балам, қабылдауға болады әрине. Бірақ өз бетіңмен емес, тек дәрігердің нұсқаулығымен қабылдаған дұрыс.
Мейрамбек: Ал сіз қаншалықты жиі препарат дәрумендерді қолданасыз?
Ата: Қазір жиі қолдануға тура келеді, өзің көріп тұрғандай, денсаулығым анда – санда сыр беріп, ауырып қалатын болып жүрмін.
Мейрамбек: Олар қаншалықты жақсы әсер береді деп ойлайсыз?
Ата: Енді әжептәуір көмегі тиеді деп ойлаймын. Қабылдағаннан кейін жақсарып қаламын.
Мейрамбек: Жақсы, ата. Мен қазір дәрумен ішетін су алып келейін.