ответ: Жамбыл Жабаевтың “Зілді бұйрық” өлеңінен алынған бұл үзіндіден: Орыс патшалығының жарлығына,бұйрығына қара халықтың наразы екенін көреміз. Әйтсе де, бір жағынан әскерге алып кетсе, бір жағынан өздеріне қарсы шыққандарды абақтыға қамап немесе дарға асып жатқан орыс үкіметі зар қақсаған ата-ананың уайым-қайғысын тыңдауға құлқы жоқ еді. Бұл көріністің бәрі жүз жасаған Жамбыл ақынның жанын жаралап, боздақ күйін базыната берді. Боздақтарынан айырылған халықтың, төбесіне бұлт үйірілген адамдардың көңілін сейілту мақсатында “Зілді бұйрық” өлеңін шығарады.
Объяснение:
Жазу – сызу өнері болмаған ерте кезде-ақ қазақ халқы өзінің тұрмыс-тіршілігі, қоғамдық өмірі, шаруашылығы мен кәсібі, қуанышы мен күйініші, дүние танудағы көзқарасы т.б. жайында неше түрлі өлең-жыр, ертегі-әңгіме, мақал-мәтел, аңыздар ойлап шығарған және оларды ауызекі айту күйінде тудырған. Сондықтан да бұларды халықтың ауызша шығарған көркем шығармасы, даналық сөзі яғни ауыз әдебиеті деп атаймыз. Бұдан, әрине, ауыз әдебиетін көп адам бірлесіп отырып шығарған деген ұғым тумайды. Ауыз әдебиетінің қандай үлгілерін болса да әуел баста жеке адамдар шығарған. Бірақ ерте кезде, жазу өнері болмағандықтан, ауыз әдебиетін шығарушылардың аттары хатқа түспеген, сақталмаған.Кейіннен тек заман талабына сай жазу пайда болды.