Ақорда – ел дамуының жаңа философиясының көрнекі бейнесі. Резиденцияның символикалық және функционалдық бағыты өзінің толық кескінін
қасбеттер мен ішкі көріністердің рәсімделуінен – олардың мәнер-стилистикасы мен
түсіне қатысты шешімдерінен тапты. Еуропалық сәулет өнеріне тән дәстүрлі
шешім ғимаратта жаңа мазмұнмен толыққан. Ақорда түпкі ой мен оның іске
асырылуы жөнінен Қазақстан тәуелсіздігінің көркем бейнесін білдіреді. Қазақы
және шығыстық мотивтер сарайдың сәулеткерлік жасау - жиһаздарында шеңберлер
мазмұны және ою-өрнекті декор арқылы көрініс тапқан.
Авторлық жобаның айрықша өзгешелігі, эксклюзивті ерекшелігі –
резиденцияға көркемдік тұтастық беретін қазақ бейнелеу өнерінің бірегей
жиынтығы. Метафорикалық тұрғыдан ол еуропалық мәдениет өрісіндегі далалық
өркениетті, ғаламшардағы ірі құрлық – Еуразия өнерінің синтезін көрсетеді.
Сыртқы келбет пен ішкі көріністің эстетикалық жүйесінің өзі дәстүрлі еуропалық
сәулеткерліктің ойланып жасалған озық үлгілерінен келіп шығады. Резиденцияда
көрініске қойылған қазақстандық суретшілердің туындылары Қазақстан өзін
әлемде ұлы өркениеттер мәдениетін тоғыстырушы мемлекет ретінде көрсете
отырып, мақтаныш тұтатын Батыс пен Шығыс мәдениеттерінің қажетті балансын
құрайды.
Резиденция құрылысы 2001 жылы басталды. Авторлар алдында даму
үстіндегі елдің қуаты мен қарқынын білдіретін қайталанбас бірегей кешен құру
міндеті тұрды. Жоба жұмысын Еуропа мен Қазақстанның белгілі сәулетшілері
жүргізді. Олардың қатарында еуропалық әйгілі дизайнерлер М.Гуалаци мен
А.Мольтени бар. Ішкі көріністі ұлттық мәнерде орындау академик
Қ.Монтақаевтың кеңесімен жүргізілді. Аса маңызды мемлекеттік нысанды салу
үшін 26 ұлт өкілдері және әлемнің ондаған елінің мамандары мен жұмысшылары
еңбек етті.
4 сөйлемейді құрау
Жаңа жыл, жаңа жыл!
Қош келдің тағыда.
Дайындап жаңа жыр-
Біз күттік сағына!
О, алақай! Аяз атай!
Келе жатыр алыстан,
Кел билейік, үйренейік!
Ол келгенше жаңа жыр
Құтты болсын! Құтты болсын!
Құтты болсын Жаңа жыл!
Жүзімізде күлкі ойнап
Қанаттанды жанымыз
Жаңа жылды біз тойлап,
Шаттанамыз бәріміз.
Жаңа жылды қарсы алып,
Барлық бала ән салып,
Ақшақар жүр би билеп
Қол соғады барша жұрт.
Шыршамыз да керемет,
Ойыншықтар тағылған!
Алыс жақтан келіп тұр,
Аяз ата сағынып.
Сағынып көп күткен
Атамыз келеді.
Алақай, алақай!
Көп сыйлық береді.
Көңіліміз жараса,
Ән шырқайық жаңаша.
Ақшақар мен шыршаның
Айналғаны тамаша!
Көрдің бе аяз атаны,
Аппақ екен сақалы.
Аппақ екен мұрты да,
Аппақ екен шапаны.
Қар жауғанда топ бала,
Соқтық келіп ақ қала.
Мұрны сәбіз үп – үшкір,
Көзі көмір қап – қара!
Объяснение: