«Думан» ОСО-ның басты міндеті- астанамыздың барлық тұрғындары мен меймандары, жасы мен әлеуметтік мәртебесіне қарамастан, әсіресе, тұрғындардың аз қорғалған тобы - балалар мен қарттар үшін демалыс және жайлы ахуал жасау. Егер, «Отбасыммен бос уақытты қайда өткізуге болады?» деген сұрақ туындаса бізге, «Думан» ОСО –на келіңіздер! Сіз тамашалай аласыз: Қазақстандағы бірегей мұхитарал 20 аквариумы бар 3 үлкен көрме аймағынан және акрил әйнегінен жасалған 70 метрлік тоннелден тұрады. Сіздің таңқаларлық теңіз мекендеушілері бар суасты әлемінің барлық сұлулығын көруге мүмкіндігіңіз бар. Сіз мұнда түрлі балықтар, тасбақалар, актинилер, теңіз жұлдыздары, т.б. өзге де ғажайыпты көресіз. Сонымен қатар, Сіз есіңізден кетпейтін «Акулаларды қоректендіру» және «Русалка» шоуларын тамашалай аласыз. Суасты әлеміне жақындау мүмкіндігі Сіз және Сіздің балаларыңыз үшін қайталанбас тәжірибе болады. «Джунгли» аниматроникстер театрына экскурсия бұдан да қызықты болары сөзсіз. Гид-сапарсеріктің бастауымен Джунглидің жұмбақ үңгірлеріне саяхатқа аттанасыз. Мұнда Сіз робот – аниматроникстер қолтырауындар, динозаврлар, алып көлбақалар және горилламен кездесесіз. Жоғалып кеткен өркениет туралы мәлімет аласыз. Аспалы көпір үстімен жүріп өткенде, жоғалып кеткен Майя өркениетінің жұмбақ қаласы пайда болады, ежелгі амфитеатрда Сізге арналып театрлық көрініс қойылып жатқандай сезімде боласыз. Сіздерге «Думан» Ойын-сауық орталығының 2-қабатында орналасқан цифрлы стереоскопиялық 5D кинотеатры қызмет көрсетеді. Кинотеатр 5D Сізге ұмытылмас әсерлер сыйлайды және тосынсыйға толы жаңа кино әлеміне елітіп әкетеді! Сіз мұнда тек КӨРІП, ЕСТІП қана қоймайсыз, Сіз экранда болып жатқандардың бәрін СЕЗІНЕСІЗ! Желдің соғуы, су тамшылары, айналулар – мұндай сезіну әлемін ұмыту мүмкін емес. 5D кинотеатры сеансына келушілер керемет қиял-ғажайып сезімдер әлеміне енеді. Стерео - экрандағы көріністер: кеңістіктегі зымырап ұшу немесе бас айналар автомобиль жарысы креслолардың қозғалуымен толықтырылады. Біздің кішкентай келушілеріміз үшін «Балалар қалашығы» - балалар алаңы қызмет етеді. Бұл - өзіндік инфраструктурасы мен ойын элементтері бар нағыз ойын қаласы. «Балалар қалашығы» 1 жастан 10 жасқа дейінгі балалардың ойнауына арналған ойын-сауық кешені болып табылады. Мұнда жас ерекшеліктеріне сәйкес бөлінген жеке топтарға арналған, ауданы 400 ш/м аймақта орналасқан бірнеше аттракциондар бар
1998 жылы 6 мамырда - еліміз президенті Н.Ә. Назарбаев Ақмола қаласын Астана деп атауға жарлық шығарды. 1998 жылғы 10 маусымнан- жаңа астананың ресми тұсаукесері болып өтті. Содан бері осы күн Астана қаласының туған күні ретінде мерекеленеді.
«Астана-бас қала» - деп айтылуында үлкен сыр жатқан секілді. Ата-анаммен Астана қаласына Қала күнін атап өтуге барғанымда оған мен көз жеткіздім. Жаңа астанада бой көтеріп жатқан көп қабатты үйлер жаңаша сәнмен, ерекше көрікпен салынып жатыр екен. Қаланың әсемдігіне қарап көзің тоймайды. Шет елдердегі қалалар секілді. Жаңа қаланың ортасынан бой көтерген Бәйтеректің, Ақ орданың, Үкімет үйібәрі-бәрі де ерекше сәнмен орын тепкен. Әсіресе алаңқайларға егілген,қазақша өрнекпен бейнеленген қызыл- жасылды гүлдер, жан-жағына салқын леп таратып тұрған түрлі-түсті фонтандар, халқымыздың ертегі-дастандарынан алынған ертегі кейіпкерлерінің мүсіндері менің көз алдымнан ешқашанда кетпейтін шығар. Сонда жүріп жанымда сыныптас достарым болмағанына өкіндім. Мүмкін биылғы оқу жылында сыныпымызбен ұйымдасқан түрде Астана қаласына барармыз деп ойлаймын. Бұл менің ғана емес, көптеген достарымның арманы. Ал жақсы нәрсені армандау, жақсы ниет жасау кез-келегн қазақ баласына тән қасиет.
ел көркі-тал
өзен көркі- мал