Родостағы алып мүсін (колосс) - Артемида мавзолейі мен ғибадатханасының кіші замандасы болатын. Біздің жыл санауымызға дейінгі 304 жылы Александр Македонскийдержавасының мұрагері, Алдыңғы Азия мен Сирия билеушісінің ұлы – Деметрий Полиоркет Кіші Азия жағалауына тиіп тұрған шағын аралдың тұрғындарын ұзақ уақыт қоршауға алған соң кейін шегінеді.
Родостықтарға тізе бүктіру үшін Полиоркет сол кездің ең жетілген әскери техникасын қалаға әкеледі. Қаланы қоршаған әскердің мақтан тұтары гелеополид деп аталатын аттамалы көпірі бар, тас ата алатын, шабылушыларын түсіретін алаңқай бар қамал бұзғыш қару болатын. Темірмен қаптап тастаған гелеополидтіүш мың төрт жүз жауынгер қозғалысқа келтіретін.
Полиоркет сәтсіз шабуылдан соң гелеополидті аралдың жағасына тастап кетеді. Міне, осы керемет қалаға қыруар пайда келтіріп қана қоймай, даңқа да бөлейді. Қалаға ағылып келіп жатқан саудагерлар гелеполидті сатып алу үшін мол қаржы ұсынады. Одан түскен қаржыға Родостың желеп- жебеушісі – Гелиостың мүсінін орнатуға пәтуаласады.
Мүсінді құюды Лисипптің шәкірті, мүсінші Хареске тапсырады. Харес Гелистың тұрған қалпын бейнелеуді ұсынады. Сол қолынан сусып төгілген жамылғының бір ұшы жерге жетіп, оң қолын маңдайына тигізген қалпы қиырға қарау керек болды. Рас, мұндай тұрыс дәстүрліүлгімен үйлеспейтін, алайда, құдайдың қолын алға создырса алып мүсіннің орнықсыз болатынын Харес біледі.
Сүйінбай Аронұлы туралы шығарма.
Қазақ халқының әйгілі ақыны, айтыс өнерінің майталманы Сүйінбай Аронұлы Алматы облысының Жамбыл ауданына қарасты Қарақыстақ елді мекенінде 1815 жылы дүниеге келіп, сол атамекенінен 1898 жылы топырақ бұйырған.
Анасынан ерте айырылып, жетімдіктің азабын бастан кешкен ақын өлеңдерінің тақырыбы - бұл дүниенің қадірін түсініп өмір сүру, дүние - байлықтың өткінші екенін, шын қазына - адамдық екендігі.
Сүйінбайдың ақындық дарыны жастайынан ұшталып, төңірегіне ерте танылады.
Сүйінбайдың даңқын елге жайған, ауыздан ауызға тараған шығармаларының бір шоғыры өз кезіндегі хан қара, би төре, бай манаптарға, көз көрген замандастарына қарата айтылған өлеңдері. Бұл өлеңдері, ол бір жағынан елдің мұңын мұңдап, жоғын жоқтайтын, табанды да турашыл азаматтың тұлғасын танытып отырса, екінші жағынан айтар ойын ұрымтал образ, ұтқыр ой арқылы жеткізуге шебер ақынның тегеурінді қарымын танытады.
Сүйінбай Аронұлы айбынды айтыскер ақын және батырлық эпостарды жырлаудың шебері болған. Ол - Өтеген, Қарасай, Сұраншы, Саурық сынды қазақ батырлары турасында қаһармандық дастандарының авторы.
Әйгілі Жамбыл ақын да: «Менің пірім Сүйінбай, Сөз сөйлемен сыйынбай...» деп, оны өзіне ұстаз тұтқан.