Берілген екі мәтін бойынша салыстырмалы талдау жасау.
Екі мәтіннің ұқсастығы: Берілген екі мәтінде де қазіргі заманда ғылымның дамып, адам өмірін жеңілдетету үшін ойлап табылған құралдар жайлы айтылған. Бұл ойлап табылған жаңа технологиялар адам өмірін жақсартады.
Айырмашылығы: Бірінші мәтінде адамсыз жүретін көліктер жайлы айтылса, ал екінші мәтін - ұялы телефон жайлы.
Негізгі идеясы: Бірінші мәтін бойынша: өзі жүретін көлік адамдардың тұрмыс – тіршілігін жеңілдетіп, қоршаған ортаға оң әсерін тигізеді. Себебі жасыл желек көбейіп, ал көлік қоятын орындар керісінше азаяды. Кептеліс пен апаттар азайып, жүріп – тұру оңай болады. Сонымен қатар, бос уақыт та көбейеді.
Екінші мәтін бойынша: «Самсунг» компаниясының смартфондары мүмкіндіктері шектеулі жандарға таптырмас құрал болмақ, тіпті қазірдің өзінде жартылай жасалған технология көмегімен арнайы қосымшаларды ашып, контактілер мен тыңдайтын өлеңдерді таңдауға болады.
Мақсатты аудиториясы: Бірінші мәтін бойынша: көлік жүргізе алатын барлық азаматтар.
Екінші мәтін бойынша: бұл құрылғы тек қана мүмкіндігі шектеулі жандарға ғана емес, сонымен қатар барша тұтынушыларға қажет әрі ыңғайлы болмақ деп есептеймін.
Балқу[1] — қатты кристалдық заттың сұйық күйге ауысуы (І текті фазалық ауысу). Таза заттар балқуының басты сипаттамалары — балқу температурасы және балқу жылуы. Белгілі бір сыртқы қысымда қатты кристалдық заттың сұйық күйге ауысу температурасы балқу температурасы деп, ал тұрақты қысымда қатты кристалдық затты толықтай сұйық күйге ауыстыруға қажет жылу мөлшері балқу жылуы деп аталады. Балқу температурасы сыртқы қысымға тәуелді.
ҚАЙНАУ – сұйықтықтың тұтас көлемінде бу көпіршіктерінің пайда болып, олардың сұйық бетіне шығып буға айналуы (1-текті фазалық ауысу).