Қыран құсты қастерлеген халықпыз.
Қыран құс - жыртқыш,жылдам әрі епті құс.Ал,көшпелі халықтарда,әсіресе,қазақтарда қыран құсты ерекше қастерлеген.Біздер үшін ол батырлықтың,еркіндіктің,алғырлықтың белгісі іспеттес.Республикамыздың мемлекеттік көк байрағында да азаттықтың айбыны ретінде алтын қыран құс бейнеленгені соның дәлелі.Байырғы замандарда қыран құсқа "Құс патшасы","Қанаттылар ханы","Құдайдың қазаққа еншілес берген құны" деп мадақтап,оның қастерлігін одан әрі танытқан.Бұнымен қоса қыран құстың ел ішінде құны да жоғар болған.Мысалы,Жеті жарғы заңында аңға салатын итті,бүркітті өлтірген адамнан олардың иесіне бір құл немесе бір күң беріледі делінген.Қыран құсты қолға үйретіп,баптап,саятшылыққа пайдалану қазақ халқының ежелден келе жатқан өнері,дәстүрі десек те болады.Қыран бүркіт Жеті қазынаның бірі екендігі тағы бар.Осының барлығы қыран құстың біздің халқымыздың тарихы мен бүгінінде,тұрмысы мен дәстүрінде алар орнының зор екендігін білдіреді ғой.
1) Негізінен балалар поэзиясы, сатиралық жанр саласында еңбек еткен.
2) "Аққала","Әже","Боран","Біз шадыман баламыз","Жер – туған жер","Гүл","Сәлем саған, мектебім!","Сыйға-сый","Торғай","Тұңғыш қазақ ғарышкері" атты өлеңдерін білемін.
3) Оның аударуында қазақ тілінде С.Маршактың «Ақымақ тышқан туралы ертегі» (1973), С.Михалковтың «Степа ағай» (1978), Р.Ғамзатовтың «Менің атам» (1969, 1982) поэмалары, Р.Киплингтің бірнеше ертегісі «Пілдің баласы» деген атпен (1983), Бақытжан Момышұлының «Мен әлі сәбимін» повестері мен әңгімелері (1984), «Жанымның жарық жүлдызы» романы (1985) жеке кітап болып шыққан.
Сондай-ақ Я.Колас, А.Барто, Я.Бжехва, Дж.Родари, Я.Аким, Б.Заходер, Қ.Мүхамади, Қ.Тәңір-құлиев, Б.Асаналиев, т.б. өлеңдерін аударуға қатысқан.
«Эссе: Зорлық-зомбылықсыз балалық шақ»
Қазіргі таңда тәуелсіздік алған мемлекетіміздет зорлық-зомбылыққа жол жоқ.Оның етек алуы отбасынан басталады.Отбасындағы салауаттылық-өркениетті қоғамның талабы,өйткені ұрпақтан-ұрпаққа жалғасып келе жатқан дәстүрлер мен мұраттар көбінесе отбасында дамып,қалыптасады.Балалар-еліміздің болашағы.Тек балалар үйінің тәрбиеленушілері ғана емес,қарапайым отбасы балаларыда зорлық көруде.Барша адамның жауына айналған алкоголь ішімдіктері көптеген адамдарға зардабын шектіруде.Ішімдікке масайған ата-ана,балаларын қараусыз қалдырып,оларға қол жұмсап,тағдырдың тәлкегіне салуда.Ал,өмір есігін аша сала далада қалатынына не дерсіз?!Қазірде Қазақстанда көптеген аналар жаңа туылған сәбилерін дала тастап кетуде.Әрине,өз құрсағынан шыққан баланы далад қалдырып,өз болашағына,баланың болашағына балта шабады.Ананың бесік жырынан басталатын қарым-қатынасы,іс-әрекет,әдет-ғұрып,салт-дәстүр осылардың бәрі адамның дүниетанымын,сана-сезімін,мінез-қалыптастыратын тәлімдік мұра.
Жан азабын шектірген зорлық-жәбірленушінің қарсылық көрсетуіне,өз құқықтары мен мүдделерінқорғауына деген ерік жігерін жасыту үшін қорқыту,адамның психикасына әсер ету. «Ана-сая болар бағың болса,Әке-асқар тауың» дейді қазақта.Бір күн бар жылатар күн,жұбатар күн.Бір күн бар қуантар күн мұңайтар күн. «Жақсыдан жаман туады,бір аяқ асқа алғысыз,Жаманнан жақсы туады,адам айтса нанғысыз» дейді халқымыз.Отбасындағы ата-ананың мінез құлқы-баланың көз алдындағы үлгі,өнеге алатын,оған қарап өсетін нысаны.Нашақорлық,ьемекіге,ішімдікке үйірлік бұзықтық жолға түсіп зорлық-зомбылық жасауға мүмкіндік туғызады,еңбек етуге,қоғамға,денсаулыққа,ұрпаққа,отбасына зиянын тигізеді.Зорлық-зомбылық тәрбиесіздіктен де туындайды. «Тәрбиесіздік-ол адамзаттың қас жауы,тәрбиесіз берілген білім келешекте адам өміріне апат әкеледі» деген болатын ұлы бабаыиз Әбу насыр әл Фараби.Балалар құқығын қорғау-егемен еліміздің асты құндылықтарының бірі.Сол үшін өскелең ұрпақтың дұрыс тәрбие алып,қоғамдағы құқықтарының сақталу жолында аянбай еңбек етуі керек.Балаларға қамқорлық жасау,баланың абыройы мен құқықтарын құрметтеу-бұл тек мемлекеттің ғана емес,соынмен қатар жекелеген әрбір адамның міндеті...
Объяснение: