М
Молодежь
К
Компьютеры-и-электроника
Д
Дом-и-сад
С
Стиль-и-уход-за-собой
П
Праздники-и-традиции
Т
Транспорт
П
Путешествия
С
Семейная-жизнь
Ф
Философия-и-религия
Б
Без категории
М
Мир-работы
Х
Хобби-и-рукоделие
И
Искусство-и-развлечения
В
Взаимоотношения
З
Здоровье
К
Кулинария-и-гостеприимство
Ф
Финансы-и-бизнес
П
Питомцы-и-животные
О
Образование
О
Образование-и-коммуникации
mcanya1
mcanya1
08.05.2023 00:03 •  Қазақ тiлi

Ұлы Жібек жолының тарихы
Терминге сәйкес суретті
постер​


Ұлы Жібек жолының тарихыТерминге сәйкес суреттіпостер​

👇
Открыть все ответы
Ответ:
51Qwerty15
51Qwerty15
08.05.2023
Су – тіршілік нәрі. Ғалымдардың айтуынша, адам организмі 86 пайыз судан тұрады екен. Егер организмде судың мөлшері азайса, онда адам әртүрлі ауаруға шалдығады.
Барлық құқықтар қорғалған.
Адам организмі бір тәулікте шамамен 1,5-2 литр су жоғалтады. Сондықтан адам күніне сонша су ішіп отыруы қажет.

Таңертең аш қарынға су ішуді әдетке айналдырған дұрыс.

Мидан бастап асқазанға дейін денедегі бүкіл мүшелердің су қажеттілігі бар. Сондықтан мол су ішіп денедегі су жетіспеушілігінің алдын алу керек. Кафеинсіз кофе, шай немесе шекерсіз табиғи сусындар, сумен араласқан жеміс шырындары және басым бөлігі судан тұратын қарбыз сияқты өнімдер де құрамында карбонгидрат немесе тұз мөлшері көп болмаса су орнына өтеді. Кафеинді шай, кофе, кола секілді сусындар денедегі су жетіспеушілігін одан да арттыратындығы үшін қосымша тағы су ішу керек.

Судың денеге пайдалары:

Дене температурасын тұрақтандырады.

Азық, қалдық және оттегі тасымалдайды.

Бүйрек және бауырдағы қалдықтарды (шлак) тазалайды.

Витамин және минералдардың тарауын қамтамасыз етеді.

Денені жарақаттанудан қорғайды.

Клеткалардың және бұлшық еттердің бірігуін қамтамасыз етеді.

Тері клеткаларын ылғалдандырады және сауықтырады.

Ас қорытуда жоғарыдан төмен қарай ретімен астың қорытылуынан сіңірілуіне және де ең соңында қалдықтардың шығуына дейін судың міндеті орасан зор.
Денеде болатын күніне 2-4 литр су шығынының орнын қайта толтырып тұру қажет. Ересек адамның денесінде 40-50 литр су болады. Қанның 83%, бұлшық еттердің 75%, мидың 74%, сүйектердің 22% судан тұрады. Денеде 20% су жетіспеушілігі болуы өте қауіпті және өлімге дейін жетелейді.
Қажетті мөлшерде су ішпеген жағдайда:

Мидың жұмыс істеуі баяулайды.

Қан қоюланады.

Жүрек көп жұмыс істеуге мәжбүр болады.

Нәжіс сары түсті болады.

Іш қатуына(запор) себеп болады.
Су жетіспеген жағдайда мыналар болады:

Бас ауруы.

Бас айналуы.

Шаршау және әлсіздік.

Ойдың тынықтығы бұзылады.

Тәбетсіздік.
Биік жерлерде, ауа ыстық және нәмді болса, грип немесе температура болған кезде тұтынатын су мөлшері көбірек болуы керек.

Бал қосылған жылы су

Денсаулықты қалпына келтіретін тағы бір қарапайым әдіс – аш қарынға бал қосылған жылы су ішу. Бал қосылға су несімен пайдалы және оны қалай дұрыс ішу керек?

Бал қосылған жылы су – ең әуелі организмде табиғи процесті жандандырып, асқазанның жұмысын белсенді етеді. Кейбір мамандар алдымен аш қарынға су ішіп, сосын барып бал қосылған жылы су ішуге кеңес береді.

Тағы бір айта кетерлігі, суды емдік мақсатта пайдаланатын болсаңыз қайнатылмаған су ішу керек. Мәселен, мамандар бұлақтың немесе құдықтың суы болса және оның таза екеніне көзіңіз жетіп тұрса қайнатпай ішуге болатынын айтады. Немесе фильтр сүзгісінен өткен суды да қайнатпай-ақ бал қосып ішуге болады. Бал қосылған су адам ағзасын сергітіп, күш-қуат береді.

Суды міндетті түрде аш қарынға ішкен дұрыс.

Лимон қосылған жылы су

Лимон қосылған жылы судың пайдасы – құрамында аскорбин кислотасының болуында. Нәтижесінде мұндай сусын ағзаның иммундық жүйесін нығайтады. Сонымен қатар лимон қосылған су қан құрамындағы қантты азайтып, адамды сергітеді. Организмге қуат береди.
4,6(56 оценок)
Ответ:
Қаз дауысты Қазыбек би, Қазыбек Келдібекұлы – қазақ халқының XVII – XVIII-ғасырлардағы ұлы үш биінің бірі, көрнекті қоғам және мемлекет қайраткері. Орта жүз арғын тайпасының қаракесек руына кіретін болатқожа атасынан шыққан ол 1667 жылы Сыр бойында дүниеге келген. Арғы аталары Шаншар абыз, Бұлбұл, өз әкесі Келдібек — есімдері елге белгілі әділ билер болған.Қаз дауысты Қазыбектің оқыған жерлері, алған білімі туралы нақты дерек жоқ. Дегенмен, ел аузындағы әңгіме, аңыздар мен биден жеткен шешендік сөздер оның өз заманында білімді де жетелі, халықтың ауыз әдебиеті мен салт-дәстүр, рәміздерін, ата жолы заңдарын мейлінше мол меңгерген, озық ойлы, әділ де көреген, батыл да батыр адам болғандығын айқын аңғартады. Әділдігі мен алғырлығы үшін Тәуке хан Қазыбекті Орта жүздің Бас биі еткен. Би Әз Тәукенің тұсында хан кеңесінің белді мүшелерінің бірі болса, Сәмеке, Әбілмәмбет, Абылай ел билеген кезеңдерде де мемлекет басқару ісіне жиі араласып, ішкі-сыртқы саясатта ақыл-кеңестер беріп отырған.[1]Бидің жастық шағы мен бүкіл саналы өмірі қазақ елінің өз ішінде рулық-тайпалық алауыздықтар мен хандық билікке таластың неғұрлым өршіген, көрші мемлекеттердің көз тігуі жиілеп, Жоңғар шапқыншылығы үдей түскен кезеңге тап келді. Ел аузындағы аңыз-әңгімелерге қарағанда, ол Тәуке ханның белгілі би-батырлары бастаған елшілігіне ілесіп алғаш рет қалмақ қоңтайшысы Цэван Рабданға барғанында 14 жаста екен. Қылышынан қан тамған қаһарлы қалмақ ханының алдында қазақ билері жасқаншақтық танытып, күмілжіңкіреп қалған сәтте жасөспірім Қазыбек: “Дат, тақсыр!” деп жұлқынып алға шығады да:“Қазақ деген мал баққан елміз, ешкімге соқтықпай жай жатқан елміз. Елімізден құт-береке қашпасын деп, жеріміздің шетін жау ба деп найзасына жылқының қылын таққан елміз. Дұшпан басынбаған елміз, басымыздан сөз асырмаған елміз. Досымызды сақтай білген елміз, дәм-тұзын ақтай білген елміз. Бірақ асқақтаған хан болса – хан ордасын таптай білген елміз. Атадан ұл туса – құл боламын деп тумайды, анадан қыз туса – күң боламын деп тумайды, ұл мен қызын жатқа құл мен күң етіп отыра алмайтын елміз. Сен темір болсаң, біз көмірміз – еріткелі келгенбіз, қазақ-қалмақ баласын теліткелі келгенбіз. Танымайтын жат елге — танысқалы келгенбіз, танысуға көнбесең – шабысқалы келгенбіз. Сен қабылан болсаң, мен арыстан – алысқалы келгенбіз, тұтқыр сары желіммен жабысқалы келгенбіз. Бітім берсең – жөніңді айт, бермесең – тұрысатын жеріңді айт!” – депті.
4,4(38 оценок)
Это интересно:
Новые ответы от MOGZ: Қазақ тiлi
logo
Вход Регистрация
Что ты хочешь узнать?
Спроси Mozg
Открыть лучший ответ