
Ақ бидай ертегісі.
Есте жоқ ерте заманда бидай өз бетiмен өседi екен. Бiр жылы қатты қуаңшылық
болады. Күннiң оттай ыстық аптабынан, ылғалдың тапшылығынан өсiмдiк бiткен сұмдық
тарығады. Сол бiр кезде тiршiлiк үшiн жанталасқан өсiмдiк атаулы Ақ бидайды жан-
жағынан қаумалай, тұс-тұсынан алқымға ала бастайды. Тамыры мықтылары Бидай өсiп
тұрған жердiң астындағы суды тартып алады. Оның маңындағы қорегiн жырып әкетiп
жатады. Кейбiр бойшаң бұталар күннiң көзiне қасақана тұрып алып, жарық түсiрмей
бағады. Сөйтiп, Ақ бидайдың жағдайы күннен-күнге нашарлай бастайды.
Ақырында, өлер халге жетедi. Сосын ол олай-былай жүгiрiп, жортып өткен әр қилы
аңдардан жәрдем сұрайды. Үстiнен әрлi-берлi қалықтап ұшып өткен үл-кен-кiшi құстарға
да жалбарынады. Бiрақ оның өтiнi-шiне, мұң-зарына ешқайсысы құлақ аса қоймайды.
Ендi өлдiм ғой деген сәтте Ақ бидайға садақ асын-ған, қолында найзасы бар, аң
аулап жүрген Адам кезi-гедi. Бидай байқұс көзiнiң жасын төгiп тұрып, Адамға мұңын
шағады, мүшкiл халiн бастан-аяқ баяндап бередi.
Адам бiраз ойланып тұрып, ақырында, Бидайдың өтiнiшiн қабыл алады. Садағын
жерге қойып, найзасын бұтаға сүйей салады да, бiлегiн сыбанып жiберiп, бiрден iске
кiрiседi. Ақ бидайдың айналасындағы жауыз шөптердiң бәрiн қолымен жұлып отап, тып-
типыл қылады. Олардың бидайға ауыз салып жатқан арам тамырларын найзасының
ұшымен қопарып тастайды. Сосын бiраз жердегi ағып жатқан бұлаққа барып, тақиясын
толтырып су әкеледi. Әлсiреп қалған Ақ бидай мөлдiр суға қанып, өзiнiң көзiн құртқалы
тұс-тұсынан анталап келiп калған жа-уынан құтылғаннан кейiн бой түзеп, құлпырып сала
бередi.
Адам да ауық-ауық келiп-кетiп, Ақ бидайға қамқор болып жүредi. Қаскөй шөптер
мен тiкендердi. Бидайдың маңына жолатпай, мезгiл-мезгiл суарып тұрады.
Содан күзге салым Бидай сарғайып пiседi. Баданадай бар дәнiн, бiр түйiрiн шашау
шығармай Адамға тарту етедi.
Адам сыйға алған дәнiн бiр күз, бiр қыс сақтайды. Көктем шыққаннан кейiн ақылы
мен бiлiгiнiң арқасында үйшiгiнiң алдындағы тегiстеу жердi қопсытып, соған әлгi
дәндердi сеуiп тастайды. Жаз бойы арам шөптердi жұлып, уағында суарады, баптап
тұрады. Ақырында, еңбегi зая кетпей, күзде Адам дән сепкен жерiнен бiр дорба бидай
алады. Келесi жылы – бiр қап, сосын – он қап, сөйте-сөйте – мың қап, қойшы, бара-бара
а жететiндей бидайды әлденеше еселеп, миллион қап етiп алатын болады.
Адам мен Ақ бидайдың ажырамас достастығы есте жоқ ерте заманда осылай
басталған екен.
поставь лайк я 3 часа это всё делала
Объяснение:
Еңбегі көптің өнбегі көп.
Еңбегімен ер сыйлы,
Өнбегімен жер сыйлы.
Еңбегіне қарай — құрмет,
Жасына қарай — ізет.
Еңбегіне қарай өнбегі.
Еңбегіне қарай табысы,
Ерлігіне қарай дабысы.
Еңбегінен ел таныр.
Еңбегің болмаса елге өкпелеме,
Ықтасының болмаса желге өкпелеме.
Еңбегің егіз болса, байлығың сегіз болады.
Еңбегің қатты болса, татқаның тәтті болады.
Еңбегің сайлы болса, ішің майлы болар.
Еңбегің өнімді болса,
көңілің сенімді болар.
Еңбек адамның екінші анасы.
Еңбек адамның көркі,
Адам заманның көркі.
Еңбек — ата, жер — ана.
Тұсаукесер рәсімінде кішкентай бала-ортада тұрады.
Анасы ала жіппен баланың - аяғын байлайды.
Құрметті адам-ала жіпті кеседі.
Кішкентай баланы - анасы мен әкесі жетектейді.
А ға-бата беріп, тілек айтады.