Ас үй. Қазіргі пәтерлердің асүйі көптеген шаруашылық жұмыс түрлерін атқаруға пайдаланылады.
Негізінен ас дайындауға арналғанымен, кейде кір үтіктеу, киім тігу сияқты үйдің басқа да ұсақ-түйек істері сол бөлмеле атқарылады. Ас үй мақсатына, жабдықталуы мен пайдаланылуына қарай тамақ әзірленетін асүй, тамақ ішетін асүй, яғни асхана деп бөлінеді.
Тамақ әзірлейтін асүй негізінен тамақ әзірлеуге және шаруашылық жұмыстарын істеуге есептелген. Мұндай асүйде отбасы мүшелері тамақты әр кезде, бөлініп-бөлініп ішеді.
Тамақ ішетін асүйде, яғни асханада отбасының барлық мүшесі бір мезгілде тамақ ішуге арналған үстел тұруға тиіс.
Асүйде атқарылатын барлық жұмыс түрінің ішіндегі ең негізгісі — уақытты көп алып, күштің де көбірек жұмсалатыны — тамақ әзірлеу және ыдыс-аяқты жинау.
Тамақ әзірлеуге әйел күніне орта есеішен 4 сағат уақыт жұмсап, бірнеше км жер жүреді екен. Оның үстіне асүйдегі жұмыс жағдайынық қолайсыздығымен бірге (ыстық, ылғал, булану, шу, ауа құрамының өзгеруі) әйелдің тамақты негізінен тік тұрып әзірлейтінін де естен шығармау керек. Асүйдегі жұмыстар тиімді түрде ұйымдастырылса, үй шаруашылығын жүргізуге жұмсалатын уақытты қысқартып, еңбекті жеңілдетуге әбден болады.
Робот қоршаған әлеммен әрекеттескен кезде адамның (жануарлардың) қызметтері мен іс-әрекеттерін ішінара немесе толық атқарады. Алғашқы роботтар адамның қозғалысы мен сырт пішінін қайталады. Олар ойын-сауық мақсаттарында пайдаланылды. Қазіргі кезде тұрмыстағы көптеген қызметтерді атқаратын, қадағалайтын, мүгедектер мен сәбилерге көмекші, көңілін аулайтын, т.б. роботтар жасалынды, интеллектуалдық роботтар да пайда бола бастады. Робот техниканың дамуы барысында адамдарды бір сарынды ауыр жұмыстардан, жоғары радиациялы, жоғары немесе төмен температура жағдайларындағы және адам қатынауы қиын жерлердегі (су астында, ғарышта) жұмыстардан босататын автоматтық құрылғылар мен механизмдер түрінде жасалып, олар үнемі жетілдіріле түсуде. Мұндай құрылғылар мен механизмдер өнеркәсіптік роботтар деп аталады. Өнеркәсіптік роботтар – өндіріс процесінде адамның қозғалу және басқару сияқты іс-әрекеттерін (өндіріс заттарының орнын ауыстыру т.с.с.) және технологиялық құралдардың (айла-тетіктердің) қызметтерін орындайтын автоматтық машина.