Менің ойымша:Байқоңыр ғарышқа ұшатын
ең керемет аймақ.
Оны былай түсіндіремін: Себебі көп
мемлекеттер ғарышқа ұшу үшін осы жерге
арнайы келеді.
Оны мына факторлармен дәлелдеймін:
Байқоңырдың ұшу трассасы Арал
теңізінен Камчатка түбегіне дейін созылып
жатыр. 1957 ж. 4 қазанда Байқоңыр ғарыш
алаңынан тұңғыш ғарыш ракетасы сәтті
ұшырылды. Ол - дүние жүзіндегі ең бірінші
Жердің жасанды серігін (ЖЖС) орбитаға
шығарды.
Ойымды былай қорытындылаймын:
Байқоңыр Қазақстандағы ең ірі және
алғашқы дүние жүзі бойынша саяси орны
бар ғарышқа ұшу айлағы.
Саяхаттау - адамның өмірін жарқын ете түсетін, түрлі тәтті естеліктерге толтыратын дүние. Ол адамға қанат бітіріп, дүниетанымын кеңейтеді. Мен саяхаттағанды қатты ұнатамын. Әзірге шетелдерге шығып көрмедім. Бірақ еліміздің біраз өңірлерін, қалаларын араладым. Мен Алматыда тұрамын. Кішкентай кезімнен бері Семей, Астана, Көкшетау, Жезқазған, Балқаш, Алакөл, Атырау өңірлерінде болдым. Ол жақтардың ауа райы, табиғаты әр түрлі болса да, маған ұнады. Астанада зәулім әрі заманауи ғимараттарды көріп, Ақорданы, Бәйтеректі тамашаладым. Ал Семейде қазақтың бас ақыны, хакім Абай туылған жерде болып қайттым. Көкшетауға барғанымда Оқжетпес тауын, Жұмбақтасты, Шортанды көлін көріп, Бурабайдың тұмса табиғатының аясында болып қайттым. Ол жақта жаным ерекше рахат тапты. Сонымен қатар Абылай хан алаңы мен тағын көрдім. Болашақта мен шет елдерді аралағым келеді. Италияға, Америкаға, Францияға баруды армандаймын. Францияға барып, әйгілі Эйфель мұнарасын тамашалап, сол жерде отырып кофе ішіп, француздың круассанын жегім келеді. Сонымен қатар Кореяға барып, кәрістердің мәдениетімен танысуды армандаймын. Оған қоса Таиландқа немес Мальдив аралдарына барғым келеді. Жағажайда күнге қыздырынып, суға түссем деймін. Әр мемлекетке барғанда, өзімнің армандаған дүниелерімді жасап, жақсылап саяхаттасам деймін. Және болашақта солай болады да. Мен оған сенімдімін.
Объяснение:
Ы-рыс-ты
Ы-ашық буын
рыс- бітеу буын
ты- ашық буын
тұйық буын жоқ