надеюсь это правильно, удачи
Объяснение:
Ресми құжат стилі: Барлық нысандарда күзгі-қысқы мезгілге дайындық жұмыстарының жоспарлы шаралары жүргізілді. Ауа-райының ахуалына байланысты жабдықтар кезеңмен іске қосылады.
әдеби стиль
«Қыс қандай көрікті десеңші! Аппақ қар жапалақтап жер бетін жауып тастайды. Ашық ауа, сұлу табиғат адам көңілін көтереді. Жаныңа ерекше бақыт сыйлайды. Көше бойындағы ағаштарға қар қылаулап, әдемі көрініс тауып, қыс сұлулығын одан әрі асыра түсіруде. Міне, осындай тамаша табиғат аясында балалар қалың киініп, сыртқа шығып, сырғанақ тебеді. Ақ маржандай жалт-жұлт етіп, жылтырап жатқан қарды бір-біріне шашып, қуаласып ойнайды. Балалар бірлесе жүріп аққала жасап, оның басына шелек кигізіп, қолына күрек пен сыпырғыш ұстатып, есік алдына орналастырады».
Суатпын деп мақтанба: су жаманы суат - басынан соқпақ кетпейді; қазықпын деп мақтанба: мүлік жаманы қазық - басынан тоқпақ кетпейді.
Біреудің түйе жаятын кісісі жоқ,
Біреудің намаздан басқан ісі жоқ.
Табалдырықтан биік тау жоқ,
Жаман ағайыннан асқан жау жоқ.
Таудан биік көңіл бар, теңізден терең ғылым бар, оттан бетер - қайғы-зар.
Халық — көл, хан — құс.
Мен ағайынды екеумін: біреуі - өзім, екіншісі - халқым.
Бір аяқ сусын екі кісінің құны: су табылмаса шөлдеген өледі, ұяттан — тауып бермеген өледі.
Дәурені озса — жасы жеткені болар, қамқа тозса — күтімі кеткені болар.
Қарадан хан болсам — халқым қалаған болар,
Айырдан нар болсам — атам жараған болар,
Жоқтан бар болсам — құдайым қараған болар.
Ешкісі семіз, қойы арық-мал сорлысы,
Топырағы сортаң, суы ащы — жер сорлысы,
Әйелі семіз, ері арық — ел сорлысы.
Азамат жетім болмайды - халықтан болса панасы, халық жетім болмайды - басшы болса данасы.
Ағаңнан айырылсаң — қанатыңның қайырылғаны,
Әкеңнен айырылсаң — асқар тауыңның шағылғаны,
Сүйген жарыңнан айырылсаң— жапырағыңның қуарғаны,
Анаңнан айырылсаң — ағып жатқан бұлағыңның суалғаны.
Ілмектер: аға, әке, сүйген жар, ана, айрылу
Ата тұрып ұл сөйлесе — ер жеткені болар,
Ана тұрып қыз сөйлесе — бой жеткені болар.
Ілмектер: ата, ана, қыз, ұл, ер жету, бойжеткен, сөз, сөйлеу
Кәрінің үш түрі болады: біріншісі - қадірлі қария, екіншісі - қазымыр кәрі, үшіншісі — қадірі жоқ қыдырма шал.
Ат - шабысына қарай шабады, ер - намысына қарай шабады.
Еңбек адамның табиғи жетістігі болып табылады. «Маймылды адам еткен еңбек» деген пікірлер де бекер емес. Сонымен қатар, еңбек адамның өмір сүруінің маңызды жағдайы болып табылады, себебі: ол адамның өмір сүруінің материалдық және рухани қажеттіліктерін, басқаша айтқанда, тамақтануға, баспана иеленуге, киінуге, адамдармен араласуға, білімге, қағазға, өнерге және тағы басқа өмірсүру қажеттіліктерін қанағаттандырады. Кең мағынада еңбек тек адамның ғана емес, сонымен қатар да табиғи қажеттігі болып табылады, себебі, қоғамның материалдық негіздерін қалыптастырады. Өзінің саналы тіпті санасыз ғұмырында да адам әйтеуір бір нәрсені жасап, дайындап, шығарып, өндіріп жатады. Басқаша айтар болсақ, адам 5-6 жасынан бастап еңбек ете бастайды: ата-анасының өтініші бойынша бір нәрсені әкеліп береді, апарады, жылжытады және т.б. Адамның қолынан жасалған заттардың барлығы – инеден бастап ұлы жаңалықтарға дейін еңбектің нәтижесінде дүниеге келген. Сонымен кез-келген адамның өмірі еңбексіз мүмкін емес, еңбек барлығын жасайды, адамның материалдық және рухани қажеттіліктерін қамтамасыз етеді, ал бұлар, өз кезегінде, қоғамның материалдық негіздерін құрайды.