Мұғалім туралы.
«Ұстаздық еткен жалықпас, үйретуден балаға...» деп ұлы Абай атамыз айтқандай, ұстаз болу – аса үлкен жауапкершілік пен мамандыққа деген сүйіспеншілікті талап ететін игі ас. Ұстаздық – ең қиын мамандықтардың бірі, себебі еліміздің ертеңі болып саналатын жас ұрпаққа өнегелі тәрбие мен сапалы білім беру мұғалімдердің басты міндеті саналады.
Ұстаз – біздің қолымызға қалап ұстатып, әріп танытып, білім нәрімен сусындататын екінші анамыз. Болашақ ел басқаратын тұлғаларды, ақ халатты абзал жандарды, ғалымды, кегшілерді, кез келген мамандық иесін ұстаздар тәрбиелейді. Шәкірттерінің бойына жақсы қасиеттерді дарытып, адамгершілік рухта бағыт - бағдар беруде ұстаздың еңбегі зор. Осындай үлкен жауапкершілікті мойнына алып, оқушыларды үлкен өмірге даярлайтын, оқушыларының әрбір жетістіктеріне бірге қуанып, алға жетелейтін де ұлағатты ұстаздар.
Ұстаз – мектептің басты тұлғасы, жүрегі десек те болады.
Жаһандану заманында ұлт¬¬тық бәсекеге барынша қабілетті болудың көр-сет¬кіші – білім деңгейімен өлше¬нетіндіктен, Елбасымыз мұғалімдерге үлкен жауапкершілік жүктеді. Сондықтан да егемен еліміздің ертеңін ойлайтын білімді, саналы ұрпақ тәрбиелеуде ұстаздарымыздың еңбектері жемісті болса екен деймін.
Атақты ғалым, кемеңгер ойшыл, от-жалынды азамат, орыс армиясының патриот офицері, ер журек саяхатшы Шоқан Уәлихановтың есімі жұртшылыққа мәлім. Ол Орта Азия мен Қазақстанды зерттеудегі асқан ұлы еңбегімен дүние жузі жұртшылығы алдында аты шықты. Шоқан өзінің саяси көзқарасында халықтың еркіндігін, бостандығын, прогресшіл жолмен дамуын көксеп өткен, осындай биік мақсатты арман етіп, сол мақсаттың жүзеге асуына өз еңбегімен үлес қосқан, туған халқыныц жарқын болашағын тілеген және бұл халыққа жарқын жолға түсудің дұрыс бағытын мегзеген ғалым болды.
Атақты ғалым, кемеңгер ойшыл, от-жалынды азамат, орыс армиясының патриот офицері, ер журек саяхатшы Шоқан Уәлихановтың есімі жұртшылыққа мәлім. Ол Орта Азия мен Қазақстанды зерттеудегі асқан ұлы еңбегімен дүние жузі жұртшылығы алдында аты шықты. Шоқан өзінің саяси көзқарасында халықтың еркіндігін, бостандығын, прогресшіл жолмен дамуын көксеп өткен, осындай биік мақсатты арман етіп, сол мақсаттың жүзеге асуына өз еңбегімен үлес қосқан, туған халқыныц жарқын болашағын тілеген және бұл халыққа жарқын жолға түсудің дұрыс бағытын мегзеген ғалым болды.Шоқан Уәлихановтың бар тіршілігі, саяси-қоғамдық мұраты, әдебиет майданындағы істері - бәрі де бір мақсатты жүзеге асыруға арналды. Ол - қазақ бұқарасын орыс халқының ұлы мәдениет сарайының көрікті бақшасына апарып енгізу, қазақ халқы мен орыс халқының тарихи достық жорасын күшейту мұраты еді.
Шоқаннын ғылымның сан-саласынан терең мағлұматы бар, жан-жақты ғалым екенін аңғарамыз. Сондықтан оның географ, этнограф, тарихшы, шығысты зерттеуші, экономист, юрист, публицист, әдебиетші екенін және осы ғылымдарға өзінше үлес қосқанына ешкім де шек келтірмейді.