М
Молодежь
К
Компьютеры-и-электроника
Д
Дом-и-сад
С
Стиль-и-уход-за-собой
П
Праздники-и-традиции
Т
Транспорт
П
Путешествия
С
Семейная-жизнь
Ф
Философия-и-религия
Б
Без категории
М
Мир-работы
Х
Хобби-и-рукоделие
И
Искусство-и-развлечения
В
Взаимоотношения
З
Здоровье
К
Кулинария-и-гостеприимство
Ф
Финансы-и-бизнес
П
Питомцы-и-животные
О
Образование
О
Образование-и-коммуникации
0mixa0
0mixa0
20.02.2023 15:40 •  Қазақ тiлi

"Мен жазбаймын өлеңді ермек үшін"толық шумағы
ХЕЛП МИ

👇
Ответ:
liana200671
liana200671
20.02.2023

ответ:Мен жазбаймын өлеңді ермек үшін,

Жоқ-барды, ертегіні термек үшін.

Көкірегі сезімді, тілі орамды,

Жаздым үлгі жастарға бермек үшін.

Бұл сөзді тасыр ұқпас, талапты ұғар,

Көңілінің көзі ашық, сергек үшін.

Түзу кел, қисық-қыңыр, қырын келмей,

Сыртын танып іс бітпес, сырын көрмей.

Шу дегенде құлағың тосаңсиды.

Өскен соң мұндай сөзді бұрын көрмей.

Таң қаламын алдыңғы айтқанды ұқпай,

Және айта бер дейді жұрт тыным бермей.

Сөз айттым "Әзірет Әлі", "айдаһарсыз",

Мұнда жоқ "алтын иек, сары-ала қыз".

Кәрілікті жамандап, өлім тілеп,

Болсын деген жерім жоқ жігіт арсыз.

Әсіре қызыл емес деп жиренбеңіз,

Түбі терең сөз артық, бір байқарсыз.

Батырдан барымташы туар даңғой,

Қызшыл да, қызықшыл да әуре жан ғой.

Арсыз, малсыз, ақылсыз, шаруасыз,

Елірмелі маскүнем байқалған ғой.

Бес-алты мисыз бәңгі күлсе мәз боп,

Қинамай қызыл тілді кел, тілді ал, қой!

Өлеңі бар өнерлі інім, сізге

Жалынамын, мұндай сөз айтпа бізге.

Өзге түгіл өзіңе пайдасы жоқ,

Есіл өнер қор болып кетер түзге.

Сәнқой, даңғой, ойнасшы, керім-кербез,

Қанша қызық болады өзіңізге?

Объяснение:

4,7(63 оценок)
Открыть все ответы
Ответ:
OLEGator800
OLEGator800
20.02.2023
Құм-3 әріп 3 дыбыс
қ-дауссыз,қатаң
ұ-дауысты,жіңішке
м-дауыссыз,үнді

ойна-4 әріп 4 дыбыс
о- дауысты,жуан,ашық,еріндік
й-дауыссыз,үнді
н-дауссыз,үнді
а-дауысты,жуан,ашық,езулік

тебемін-3 буын 7 әріп 7 дыбыс
т- дауыссыз,қатаң
е-дауысты,жіңішке,ашық, езулік
б-дауыссыз,ұяң
е-дауысты,жіңішке,ашық, езулік
м-дауыссыз,үнді
і-дауысты,жіңішке, қысан,езулік
н-дауыссыз,үнді

ойнаймын-3 буын 8 әріп 8 дыбыс
о-дауысты,жуан,ашық,еріндік
й-дауыссыз, үнді
н-дауыссыз, үнді
а-дауысты,жуан, ашық,езулік
й-дауыссыз, үнді
м-дауыссыз, үнді
ы-дауысты, жуан, қысаң,езулік
н-дауыссыз, үнді
4,7(9 оценок)
Ответ:
Әдетте, өз-ара сыйлас, дос-жаран, көңіл жықпас адамдардың ой-көзқарастары, білім-парасаттары, мінез-қасиеттері деңгейлес, ұқсас болып келеді. Бір-біріне ықпалы тиіп отырады. Осы сәйкестіктері арқылы бірін сынай отырып, екіншісін танып-білуге болады  деген мағынаны аңғартады.
Ертеде бір данышпан қария болыпты. Бір күні қартқа бір жігіт келіп:
— Ақсақал, осы мен қандай жігітпін, сынаңызшы, — депті.
Қарт әуелі жігіттің жолдасын шақыртып алып, әр түрлі істермен сынап, ақырында жігіттің өзін шақыртады. Жігіт келген соң:
— Шырағым,  жаман жігіт көрінбейсің,  адамшылдығың да,  ақылың да мол   екен, — депті.
— Қалайша олай дейсіз, мені сынап, байқап та көрген жоқсыз ғой? – десе, қарт күліп:
— «Жігітті жолдасына қарап бағала» демей ме халық, — деген екен.
4,4(86 оценок)
Новые ответы от MOGZ: Қазақ тiлi
logo
Вход Регистрация
Что ты хочешь узнать?
Спроси Mozg
Открыть лучший ответ