Қарым - қатынас – адам іс - әрекетінің ауқымды саласы, ол өмір сүрудің, тыныс - тіршіліктің негізгі арқауы. Адам тек сөйлесу арқылы ғана қарым - қатынас жасамайды. Ол айналасындағылармен түрлі ым - ишара, белгі, таңба арқылы да бір - біріне мағлұмат бере алады. Тіпті қас қағу, иық пен иекті қозғалту, басты шайқау, тағы басқа осы секілді толып жатқан атрибуттар да қарым - қатынастық қызмет атқарады. Халқымыз «Ымға түсінбеген дымға түсінбейді» деп өте тауып айтқан. Тіпті күлу мен күлімсіреудің де, жылау мен жыламсыраудың да қарым - қатынастық қызмет атқаратынын біле бермейміз. Сөйлесу - қарым - қатынастың негізгі түрі.Адами қарым - қатынастағы ең басты әдептілік – бұл сәлемдесу болып табылады.
Баяндыр хан той жасап, аттан айғыр, түйеден бура, қойдан қошқар сойғызады.
Бір жерге қара отау, бір жерге ақ отау, бір жерге қызыл отау құрғызады;
Кімнің ұлы,қызы жоқ болса, қара отауға қондырғын, астына қара киіз төсегін, астына қара киіз төсегін, қара қойдығ етін жесе жесін, жемесе тұрып кетсін!-деді.
Ұлы барды ақ отауға;
Қызы барды қызыл отауға қондырғын!-деді.
Ұлы,қызы болмағанға Алла Тағаланың қарғысы тиген, біз де қарғауымыз керек, бәрі білсін,-деді.
Тойға артынып- тартынып келген Дерсе хан ,қара үйге отырғысы келмей қайтып кетеді.