Жазық — беті тегіс немесе сәл толқынды болып келетін жердің үлкен алапты алып жатқан рельеф формасы.
Мұнда көршілес орналасқан нүктелердің биіктік айырмасы өте аз болады. Жазық ойпатты да, үстіртті де болуы мүмкін және оның көпшілігі бір жағына қарай сәл еңістеу келеді.
Жазық — салыстырмалы биіктігі бірдей және географиялық құрылымы біртектес жер бедерінің пішіні; Жер шары бедерінің басты бөліктерінің бірі. Құрлықтағы және мұхит пен теңіз түбіндегі (суасты Ж-ы, абиссальдік Ж.) әр түрлі биіктіктер мен тереңдіктерде кездеседі. Құрлықта Ж-тар абс. биіктіктеріне қарай ойысты (теңіз деңгейінен төмен жататын), ойпатты (абсолюттiк биіктігі 200 м-ге дейін), қыратты (абсолюттiк биіктігі 200-ден 500 м-ге дейін) және таулы-үстіртті (абсолюттiк биіктігі 500 м-ден жоғары) болып ажыратылады. Жер бедеріне қарай тегіс, ылдилы, ойыс, дөңес Ж. деп бөледі. Бедер пішініне қарай жайпақ, сатылы, ойлы-қырлы, жонды-төбелі Ж. болып жіктеледі. Пайда болу тегіне қарай Ж-тың бастапқы, аккумуляттік, жанартаулық, денудациялық түрлері бар
Объяснение:
Оксфордтағы екі қабатты автобусАвтобус қалалық, қала маңы, қалааралық, жергілікті, т.б. болып бөлінеді. Автобус сыйымдылығы мен ауқымына (негізінен ұзындығына) қарап: ең кіші (5 м), кіші (7,5 м), орта (8,5 м және 9,5 м), үлкен (11 м), өте үлкен (12 м) және жалғастырылмалы (16,5 м) автобус болып ажыратылады. Ұзындығы 7,5 м қалалық автобусқа 35 – 40, ал ұзындығы 12 м автобусқа 110 – 120 адам, сондай-ақ жалғастырылмалы автобусқа 160 адам сияды. Ең жоғары жылдамдық қалалық автобус үшін сағатына 70 км, қала маңы және жергілікті автобус үшін сағатына 80 км, қалааралық автобус үшін сағатына 100 км болып белгіленген. Кейбір елдерде 1,5 және 2 қабатты автобустар пайдаланылады. Автобус – негізгі қала көлігі. Мысалы, ұзындығы 1500 км-ден асатын Алматы қаласы көшелерінде күн сайын 120 маршрут бойынша 800-ден аса автобус қатынайды