ответ:.
-Сәлем Аружан.
-Сәлем Берік. Не болып қалды?
-Маған бүгін телефон алып берді! Телефоннан ойын ойнауға болады екен. Анам да телефонмен сауда да жасады. Телефон деген өте керемет екен! Өте пайдалы екен!
-Иә пайдасы да бар.
-Түсінбедім. Сонда телефонын зияны бар ма?
-Әрине.
-Айтып берші мен білмейді екенмін. Біліп жүрейін.
-Жарайды айтсам айтып берейін. Бірінші көргенімді айтып берейін. Бүгін жаңалық көріп едім. Бір бала қуаттағышқа телефонын қосып қойып ойнаған екен, телефон атылып кетіп баланың қолын жаралапты. Және телефонды көп көру көзге зиян. Және де...
-Тоқтатшы, телефоннан қорқатын болатын болдым ғой.
- Дұрыс пайдалансаң бәрі жақсы болады.
- Түсінікті мен дұрыс пайдаланатын боламын. Жарайды анам шақырып жатыр. Сау бол!
-Сау бол!
Эссе
Жолдасы көптің - олжасы көп.
Достық – ең ұлы сезімдердің бірі.Доссыз өмірді елестетуге келмейді десек те болады.Халқымыз "жүз теңгең болғанша,жүз досың болсын" деп бекер айтпаған.Достармен сен қуанышыңды да,қайғыңды да бөлісе аласың.Олармен бірге кез келген қиындыққа төтеп беру – ең үлкен жеңіс боп саналады.
Достардың арасында мызғымас,берік қарым-қатынас болса,алынбайтын асу жоқ дер едім.Мысалы,мына жағдаят сөзіме дәлел бола алады.Асан,Берік,Бағдат – үшеуі кішкентайларынан бері айрылмас достар.Бірге мектепке барып,бір үйірмелерге қатынасады.Бір күні олар мектепте жобалар сайысының ұйымдастырылатынын және жеңімпаз еліміздің көрікті жерлеріне экскурсияға жолдама алатыны туралы хабарландыруды естиді.Осы кезде Асан достарына бұл экскурсияға қатысуды армандайтынын,бірақ жоба жасау қолынан келмейтінін айтады.Берік пен Бағдат Асанның арқасынан қағып:"Жеңімпаз атануға көмектесеміз,біз біргеміз" деп қолдау көрсетеді.Кейін үш дос не істеп,не қоятындарын ақылдасып,іске кіріседі.Осылайша үш дос жұмыла жұмыс жасап,жеңімпаз атанып,Асанның арманын орындайды.
Ия,достық ол көптеген нәрселерге көзімізді жеткізеді.Әрине,досың көп болғанымен,олардың адал әрі нағыз достар екеніне назар салғайсың.
қайсысы именно түсінбей отрм