М
Молодежь
К
Компьютеры-и-электроника
Д
Дом-и-сад
С
Стиль-и-уход-за-собой
П
Праздники-и-традиции
Т
Транспорт
П
Путешествия
С
Семейная-жизнь
Ф
Философия-и-религия
Б
Без категории
М
Мир-работы
Х
Хобби-и-рукоделие
И
Искусство-и-развлечения
В
Взаимоотношения
З
Здоровье
К
Кулинария-и-гостеприимство
Ф
Финансы-и-бизнес
П
Питомцы-и-животные
О
Образование
О
Образование-и-коммуникации
xujixixud
xujixixud
09.05.2023 00:28 •  Қазақ тiлi

5 мақал.
5мәтел
Тауып беріңдерш отан, туған жер, отбасы туралы
керек

👇
Ответ:
спишиru1
спишиru1
09.05.2023

Отан - елдің анасы

Ер - елдің анасы

Отан қадіріне жетпеген,

өз қадіріне жетпейді.

Отан үшін күрес,

Ерге тиген үлес.

Отан – оттан да ыстық

Отан қуат - отбасы шуақ

Отан отбасынан басталады.

Отанды сүю – отбасынан басталады.

Орағың өткір болса,қарың талмайды,

Отаның берік болса жауың алмайды.

Отансыз адам - ормансыз бұлбұл

Алтын ұяң – отан қымбат.

Ер - елінде,

Гүл жерінде.

Ел іші – алтын бесік

Ауылым - алтын бесігім

Өз елің – алтын бесігің,

Еңбекпен бағыт егіз.

Өзге елінде сұлтан болғанша,

Өз еліңде ұлтан бол.

Ел мен жер егіз.

Туған жердей ел болмас,

Туған елдей ел болмас.

Бірлігі жоқ ел тозады,

Бірлігі күшті ел озады.

Жат жердің қаршығасынан ,

Өз еліңнің қарғасы артық.

Егілмеген жер жетім,

Елінен айрылған ер жетім.

Ұлтарақтай болсада,

Ата қонысы жер қымбат.

Ат төбеліндей болсада,

Туып өскен ел қымбат.

Ел – елдің бәрі жақсы,

Өз елің бәрінен жақсы.

Бұлбұл гүлзарын сүйеді,

Адал адам отанын сүйеді.

Ит тойған жеріне,

Ер туған жеріне.

Туған жер - тұғырың,

Туған ел - қыдырың.

Туған жердің жуасы да тәтті.

4,6(76 оценок)
Открыть все ответы
Ответ:
Rodionok2341
Rodionok2341
09.05.2023

Еңбек, кәсіп туралы.

Кәсіп – кәсіптік оқу және тәжірибе жинақтау нәтижесінде игерілетін, белгілі бір білім мен машықтарды талап ететін еңбек қызметінің түрі.

Кәсіп таңдаудағы негізгі мақсат – өзіңе ұнайтын жұмыспен айналысып, еңбегіңнің жемісін көру.

«Кәсіп - бақыттың шырағы, еңбек - ырыстың бұлағы» демекші, өзіңе ұнайтын өмірлік кәсіп тауып, сол еңбегіңнің жемісін көрсең, өзіңді бақытты сезінесің. Себебі еңбегің еленеді, сол арқылы ақша тауып, несібелі боласың.

Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев: “Жарқын болашақ жастардың қолында” дегендей, біздің болашағымыз өз қолымызда.

Мені өскенде кім боламын, қандай мамандықты таңдаймын деп ойланамын. Мамандық таңдау өміріңнің бір кірпішін дұрыс қалау деп түсінемін. Өзің айналысқың келетін жұмысты таңдау ғана емес, өзің араласқың келетін ортаны да таңдау деген сөз. Өмірде адам мамандық таңдағанда қателеспеу керек. Өмірден өз орнымызды тауып, адал еңбек ету әр адамның арманы деп ойлаймын. Әрине, әр адамның да таңдауы әр түрлі.

Мамандық таңдау өте жауапкершілікті және маңызды іс. Мамандық таңдауда әр адам өзінің қызығушылығына, қабілетіне, бейімділігіне, қалауына сүйену керек. Қазіргі таңда мамандықтың түрі көп. Таңдау жасау оңай емес. Ең бастысы адам еңбекке қабілетті, зейінді болуы қажет және оның мамандығы өзі өскен ортаға маңызды, бағалы үлес қосатындай болуы шарт.

Менің арманым дәрігер болу. Дәрігер болуды жаным сүйеді. Дәрігер ол өзінің адамдарға берген шипасы, адамды сауықтырып, адамдарды өмір сүруге күш салатын жандар!

4,7(67 оценок)
Ответ:
Саша12811
Саша12811
09.05.2023

Торсық – Орталық Азиядағы түркі халықтарының қымыз, шұбат, іркіт құюға арналған ежелгі ыдысы. Әсіресе, қырғыз, қазақ, түрікмен, қарақалпақ халықтары пайдаланған.

Торсық түйенің, бұғының, өгіздің мойын терісінен жасалады. Жүні жидітілген теріні қалыпқа салып пішеді де таспамен тігеді. Торсықты саба сияқты қарағайдың бүрімен немесе арша, тобылғымен ыстайды. Торсықтың түрлері:

шимайторсық,

өркешторсық,

жанторсық,

мүйізторсық, т.б. Торсықтың бүйірі дөңгелек, мойны жіңішке әрі ұзын болып келеді. Аузына ағаштан тығын тығылады. Ол жоғалып қалмау үшін қайыстан бау өткізіп, бір ұшын торсықтың мойнына бекітіп қояды. Кейбір торсықтарға арнаулы мүйізшапқымен (ысқышпен) әр түрлі өрнек салынады.

Дастарқан — ас қоюға арналған мата төсеніш. Дастарқанды кейде "асжаулық" деп те атайды. Дастарқан сол үшін көбінесе ашық түсті не гүлді маталардан көлемі әртүрлі етіп тігіледі. Дастарқанның жиегін қайырып сыриды, сәнді болуы үшін шашақ тағады. Қазіргі кезде көбіне клеенкадан жасалған дастарқан пайдаланылады.

4,4(47 оценок)
logo
Вход Регистрация
Что ты хочешь узнать?
Спроси Mozg
Открыть лучший ответ