Жылы жаққа ұшатын құстар
Жылы жаққа ұшатын құстарды "жыл құстары" деп атайды. Наурыз айында ұшып келіп, өніп-өсіп, қараша айында жылы жаққа ұшып кетеді. Енді солардың ішінде кейбіреулеріне тоқтала кетейік:
Аққу - жыл құсы. Қыс жылы кезде аққудың біраз тобы Каспий теңізінің солтүстік-шығыс жағалауында – Ақтау қаласының маңында қыстап шығады.
Аққуды қазақ халқы ежелден қастерлеп, бақыттың бастамасы, жақсылықтың жаршысы, пәктіктің, сұлулықтың белгісі деп есептейді әрі киелі құс төресі санап, оған ешуақытта оқ атпайды. Аққудың аталығын «сапар», балапанын «көгілдір», мойнын «сұңғақ» деп дәріптейді.
Сүңгуір үйрек – жыл құсы. Ұяларын тайыз суға, бөген не көл жағалауларына салады. Сәуір – мамыр айларында 5 – 14 жұмыртқа салып, оларды мекиені 4 аптадай басады. Балапаны 1,5 – 2 айда қанаттанып, өздігінен ұша алады. Сүңгуір үйрек су өсімдіктері және омыртқасыздармен қоректенеді.
Шағалалар да жыл құстары.Олар жақсы ұшып, жүзеді, бірақ суға сүңги алмайды. Қанаттары ұзын, аяқтары қысқа, аяқ саусақтарының арасы жарғақты. Шоғыр құрып тіршілік ететін түрлері де бар. Ұясын жерге, шың басына, судағы жартасқа шөптен жасайды. Ірі жәндіктермен, моллюскалармен, тышқан тәрізді кемірушілермен, балықтармен қоректенеді.
Елбасы Н.Ә.Назарбаев өзінің “Қазақстан - 2030” стратегиялық бағдарламасында халықты салауатты өмір салтына ынталандыруды басым бағыттың бірі ретінде атап көрсетті. Расында да, бүгінгі таңда еліміздің ақсақалдарынан кішкентай баласына дейін дене тәрбиесіне ерекше мән беруде.
Осындай игі істер Қылмыстық-атқару жүйесі комитетінің Жамбыл облысы бойынша басқармасында да атқарылып келеді. Басқарма бастығы әділет полковнигі Т.Б.Ахметовтің ұйымдастыруымен Басқарма аумағында орналасқан спорттық алаңда Басқарма қызметкерлері арасында «Шынықсаң шымыр боласың» деген қағиданы ұстанып, аптасына екі рет дене шынықтыру сабақтары жүргізіледі. Күнделікті аласапыран жұмыстардан кейінгі бір-екі сағат уақыттың ішінде әріптестерім біраз бой жазып, сергіп қалады. Осы бір тамаша сәттерде балалық шағың да еріксіз еске түсетіндей! Футбол, волейболдан командалар құрылып, қызу ойындар өткізіледі. Сондай-ақ, кермеге тартылу, шахмат, шашка, ұзындыққа секіруден өткізілетін жаттығулар өз алдына бір бөлек.
Ондағы негізгі идея қызмеркерлерді салауаттылыққа ынталандыру, дене тәрбиесі мен спортпен айналысуға үгіттеу. Себебі елді күні ертең ілгері апаратын – сауатты, білімді, дені сау жастар. Біздер осы елдің жас толқындарымыз. Сондықтан біздің мақсатымыз уақытты тиімді пайдаланып, сапалы қызмет етіп, өмірде өз орнымызды адаспай табуға барлық жағынан дайын болуымыз керек.