ҚАЗАҚ ТIЛI Күш кемiдi, айбынды ту құлады,Кеше батыр – бүгiн қорқақ, бұғады.Ерiкке ұмтылған ұшқыр жаны кiсендеҚан суынған, жүрек солғын соғады. Қыран құсты қос қанаты қырқылды,Күндей күштi күркiреген ел тынды.Асқар Алтай — алтын ана есте жоқ,Батыр, хандар — асқан жандар ұмытылды! Ерлiк, елдiк, бiрлiк, қайрат, бақ, ардың, —Жауыз тағдыр жойды бәрiн не бардың...Алтын Күннен бағасыз бiр белгi боп,Нұрлы жұлдыз, бабам тiлi, сен қалдың!Жарық көрмей жатсаң да ұзақ, кен-тiлiм,Таза, терең, өткiр, күштi, кең тiлiм,Тарап кеткен балаларыңды бауырыңаАқ қолыңмен тарта аларсың сен, тiлiм!
Диалект сөздер Жалпы халықтық тілде қолданылып, сөздік құрамға енетін сөздер сол тілде сөйлейтін адамдардың бәріне түсінікті болып келеді. Сондай-ақ жалпылама қолданыла бермейтін, тек белгілі бір аймақ шеңберінде ғана жұмсалатын сөздер бар.
Мысалы: Шымкент, Арыс манында шайнекті — чәугім, жұмыртқаны — тұқым дейді, Орал өңірінде таразыны — шеккі, бәкіні — шаппа, кауғаны — бөрлек десе, Гурьев, Маңғыстауда: көрт, кердері, жанпоз, жарбай сияқты түйе атауының неше түрі бар. Осындай жергілікті халық тілінде ғана колданылатын, белгілі аймақ көлсмінде ғана айтылатын сөздерді диалектизмдер дейді.
1.Электр Шамы
2.жарқын,күңгірт
3.жанады,көрсетеді,көмектеседі
4.Электр шамы бізге қараңғыда көруге көмектеседі.
5.жарықтандыру