Қырқын мінсе қыр артылмайтұғын осы бір "қырт мақтан" деген бір мақтан бар, сол неге керек, неге жарайды? Ол ар, есті білмейді, намысты білмейді, кең толғау, үлкен ой жоқ, не балуандығы жоқ, не батырлығы жоқ, не адамдығы жоқ, не ақылдылығы, арлылығы жоқ. Мойынын бұрып қойып: "Өй, тәңірі-ай, қойшы әрі, кімнен кім артық дейсің, кімнің басы кімнің қанжығасында жүр, ол менің қазаныма ас салып беріп жүр ме, мен онан сауын сауып отырмын ба?" - деп бұлғақтап, немесе: "аяғаным жаным ба? Өй, енесін ұрайын, өліп кетпей неге керек? Азар болса атылып, я осы үшін айдалып кетсем де көнгенім-ақ! Әйтеуір бір өлім бар ма?" - деп қалшылдайтұғын кісі көп қой
А.Құнанбаев "Сегіз аяқ"өлеңіндегі ақын сынаған мінездер:
Басында ми жоқ,
Өзінде ой жоқ.
Күлкішіл кердең наданның.
Көп айтса көнді,
Жұрт айтса болды.
Әдеті надан адамның.
Бойда қайрат,ойда көз.
Болмаған соң айтпа сөз.
Қайнайды қаның,
Ашиды жаның,
Мінездерін көргенде...
Ақын миы,ойы
жоқ надандарды,ұятсыз,арсыз,санасыз,жарымес,өсек тасығыш,кекшіл,мінездерді сынап,адал,арлы,көпшіл болуға,еңбек етуге шақырған.Бүгінгі қоғамдада өсекшілер,кекшіл,ұятсыздар баршылық,бұл мінездер заман өтседе адамзат табиғатынан алыстамай отыр.Сондықтанда А.Құнанбаевтың "Сегіз аяқ"өлеңі біздің қоғамғада керек өлең.Жаман мінездерден алыс жүруге үйретеп,жақсылыққа баулыйды.
Ақылды-білімді
Айлакер-өтірікші,қу
қорқақ-әлсіз, дәрменсіз
сақ-абай болу
Қырағы-бәрін тез байқайтын
төзімді-шыдамды,ерікті